Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 23 тамыз N 954

      Қазақстан Республикасын Президентiнiң "Әзiрбайжан Республикасында, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Грузия Республикасында, Қырғызстан Республикасында, Молдова Республикасында, Түркменстанда, Өзбекстан Республикасында, Украинада Қазақстан Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы" 1993 жылдың 9 қаңтарындағы N 1057 U931057_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 10 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық шет ел валютасындағы жалақысы айына 700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шет ел валютасындағы жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге олардың АҚШ долларындағы еңбек ақы қорынан 1 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығын сметасын бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға 1994 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Вопросы Посольства Республики Казахстан в Азербайджанской Республике

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 августа 1994 г. N 954

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 9 января 1993 г. N 1057 "Об открытии Посольств Республики Казахстан в Азербайджанской Республике, Республике Армения, Республике Беларусь, Республике Грузия, Республике Кыргызстан, Республике Молдова, Туркменистане, Республике Узбекистан, Украине" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить штатную численность Посольства Республики Казахстан в Азербайджанской Республике в количестве 10 единиц.
      2. Установить Чрезвычайному и Полномочному Послу Республики Казахстан в Азербайджанской Республике должностной инвалютный оклад в размере 700 долларов США в месяц.
      Должностные оклады сотрудников Посольства установить исходя из инвалютного оклада Посла Республики Казахстан в Азербайджанской Республике в соответствии со штатным расписанием.
      3. Установить отчисления на медицинское обслуживание сотрудников Посольства в размере 1 процента от фонда их заработной платы в долларах США.
      4. Министерству иностранных дел по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан утвердить штатное расписание и смету расходов Посольства Республики Казахстан в Азербайджанской Республике.
      5. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить выделение ассигнований на указанные цели за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 1994 год.
Премьер-министр Республики Казахстан