1. Алматы облысының "Көктем" курортының округ шекарасы және тазалық сақтау аймақтары қосымшаға сәйкес белгiленсiн. <*>
Ескерту. <*> Осы қаулыға қосымша (курорттың картасы) Қазақстан Республикасының Кәсiподақтары Федерациясы кеңесiнiң Санаториялық-курорттық мекемелер бiрлестiгiнде және Алматы облыстық әкiмшiлiгiнде.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi,
Экология және биоресурстар министрлiгi, Кәсiподақтары Федерациясы кеңесiнiң Санаториялық-курорттық мекемелер бiрлестiгi, Алматы облысының әкiмi аталған курорттың тазалығы мен тазалық сақтау округiнiң шекарасындағы тазалыққа және табиғи емдiк құралдарды қорғауға тұрақты бақылауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi