1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны 135 адам шегiнде бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне министрдiң үш орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 11 адамнан алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1104 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Министрдiң жанындағы аппарат Емдеу-сауықтыру бас басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық бас басқарма Жоспарлау-экономикалық бас басқармасы Ана мен баланың денсаулығын қорғау басқармасы (жетекшi) Ғылым, оқу орындары және медицина кадрларымен жұмыс басқармасы (жетекшi) Дәрiлiк заттар және медтехниканың сапасы мен стандарттауды бақылау жөнiндегi басқарма (жетекшi) Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi басқарма Күрделi құрылыс және шаруашылық қызмет басқармасы Сыртқы байланыстар бөлiмi