Нанның, нан-тоқаш тағамдарының, тарының, ұнтақ жарманың, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнның және құрама жемнiң бағасын ырықтандыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1163 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      "Қазақ КСР-нде ауылды, селоны және аграрлық өнеркәсiптiк-кешендi басым дамыту туралы" және "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi несиелеу және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуы жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң есебi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 7 қыркүйектегi N 143 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Нанды және нан-тоқаш тағамдарын, тарыны, ұнтақ жарманы, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнды, құрама жемдi сату 1994 жылғы 15 қазаннан бастап еркiн баға бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      (2-тармақ).
      Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.04.10. N 437 қаулысымен .
      3. Барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер 1994 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша түгендеу жүргiзсiн және 1994 жылғы 15 қазанға дейiн реттелмелi бөлшек сауда бағасы бойынша сатылған мына өнiмдердiң қалғандарын қайта бағалау:
      нан және нан-тоқаш тағамдары бойынша - 3,5 коэффициентiмен;
      пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұн бойынша - 3,0 коэффициентiмен;
      ұнтақ жарма мен тары бойынша - 2,5 коэффициентiмен;
      құрама жем бойынша - 2,5 коэффициентiмен жүргiзiлсiн.
      Қайта бағалау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен тауарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" 1992 жылғы 3 қаңтардағы N 4 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 1, 8-бап) белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, жергiлiктi әкiмдер мыналарды ескерсiн: "1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 14 шiлдедегi Заңымен:
      1994 жылғы 1 қазаннан бастап ең төменгi жалақы айына 200 теңгеге дейiн өсiрiлдi;
      нан өнiмдерiне бағаның көтерiлуiне байланысты балалары бар отбасылары жәрдемақыларының, аспиранттар, студенттер мен оқушылар алатын стипендиялардың, сондай-ақ табысы аз жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге өтемдiк төлемдердiң мөлшерi арттырылды.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесе отырып нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнға және құрама жемге бағаның босатылуына байланысты табысы аз азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында:
      1994 жылдың 1 қазанынан бастап балалары бар отбасыларына берiлетiн жәрдемақылардың, сондай-ақ табысы аз зейнеткерлерге өтемдiк төлемдердiң мөлшерiн 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң 1994 жылдың 9 айындағы орындалуын қарау кезiнде нақтылау есебiнен 30 процентке өсiрсiн;
      аталған жәрдемақылар мен өтемдiк төлемдердi қайта есептеу мен төлеудi он күндiк мерзiм iшiнде қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, жергiлiктi әкiмдерi және меншiк нысанына қарамастан басқа да ұйымдары:
      өздерiнiң қарауындағы әлеуметтiк инфрақұрылымдар бойынша тағамның қалыпты нормаларының төмендеуiне жол бермеу жөнiнде шаралар қолдансын.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, жергiлiктi әкiмдер "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мен тұтыну кооперациясының кәсiпорындарына ұн мен нанға бағаның босатылуына дейiнгi жиналып қалған баға айырмашылығындағы берешектiң толық өтелуiне шаралар қолдансын.
      8. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, облыс әкiмдерi Қазтұтынуодағының нан пiсiру кәсiпорындарына өнiмнiң сатылуына қарай, бiрақ ұнның босатылған күнiнен бастап есептегенде бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей төлем жасай отырып, белгiленген нарықтық қорлар есебiне ұнның босатылуын қамтамасыз ететiн болсын.
      Қазтұтынуодағына 1995 жылдың егiнiнен бастап өзiнiң нан пiсiру кәсiпорындары үшiн астықты тауар өндiрушiлерден тiкелей шарттар бойынша сатып алуға көшу ұсынылсын.
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне алдағы уақыттағы әлеуметтiк төлемдер бойынша кредит мекемелерiн қолда бар ақшамен толықтыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      10. "1994 жылға арналған Қазақстан Республикасының нақтыланған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 14 шiлдедегi қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған өнiм түрлерiне бағаның босатылуын және "Ақ қауырсын" құс фабрикасы компаниясы мен "Живпром" компаниясының шошқа кешендерiне қаржылай қолдау жасауды ескере отырып, "1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 14 шiлдедегi N 137 Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкiметке бiр ай мерзiм iшiнде енгiзетiн болсын.
      11. "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, жарманың, ақ жарманың, пiсiрiлген нан орнына халыққа сатылатын ұнның және құрама жемнiң бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 шiлдедегi N 782 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 29, 328-бап), "Құрама жемге реттелетiн көтерме баға туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 806 қаулысының  (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 29, 335-бап) 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О либерализации цен на хлеб, хлебобулочные изделия, пшено, крупу манную, муку, реализуемую взамен печеного хлеба, и комбикорма

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 октября 1994 г. N 1163. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258

      Во исполнение постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 7 сентября 1994 г. N 143 "Об отчете Правительства Республики Казахстан об исполнении Закона Республики Казахстан "О приоритетности развития аула, села и агропромышленного комплекса в Казахской ССР" и "О кредитовании агропромышленного комплекса и финансировании государственных мероприятий" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что с 15 октября 1994 г. реализация хлеба и хлебобулочных изделий, пшена, крупы манной, муки, реализуемой взамен печеного хлеба, комбикормов осуществляется по свободным ценам.
      2. Пункт 2 утратил силу с 10 апреля 1995 г. - постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 апреля 1995 г. N 437.
      3. Предприятиям, организациям и учреждениям всех форм собственности произвести по состоянию на 15 октября 1994 г. инвентаризацию и переоценку остатков указанной продукции, реализация которой до 15 октября 1994 г. производилась по регулируемым розничным ценам:
      по хлебу и хлебобулочным изделиям - с коэффициентом 3,5;
      по муке, реализуемой взамен печеного хлеба, - с коэффициентом 3,0;
      по крупе манной и пшену - с коэффициентом 2,5;
      по комбикормам - с коэффициентом 2,5.
      Переоценку произвести в соответствии с порядком, установленным постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 января 1992 г. N 4 "О проведении переоценки продукции и товаров в связи с либерализацией цен" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 1, ст.8).
      4. Министерствам, ведомствам, главам местных администраций Республики Казахстан учесть, что Законом Республики Казахстан от 14 июля 1994 г. "Об уточненном республиканском бюджете на 1994 год":
      размер минимальной заработной платы повышен с 1 октября 1994 г. до 200 тенге в месяц;
      повышены размеры пособий семьям, имеющим детей, стипендий аспирантам, студентам и учащимся, а также компенсационных выплат малообеспеченным неработающим пенсионерам в связи с увеличением цен на хлебную продукцию.
      5. Министерству финансов совместно с Министерством социальной защиты населения Республики Казахстан в связи с отпуском цен на хлеб, хлебобулочные изделия, пшено, крупу манную, муку, реализуемую взамен печеного хлеба, и комбикорма в целях социальной защиты малообеспеченных граждан:
      повысить с 1 октября 1994 г. размеры пособий семьям, имеющим детей, а также компенсационных выплат малообеспеченным пенсионерам на 30 процентов в счет уточнения республиканского бюджета на 1994 год при рассмотрении его исполнения за 9 месяцев 1994 года;
      обеспечить в декадный срок перерасчет и выплату указанных пособий и компенсационных выплат.
      6. Министерствам, ведомствам, главам местных администраций и другим организациям Республики Казахстан, независимо от форм собственности:
      принять меры по недопущению снижения натуральных норм питания по отраслям социальной инфраструктуры, находящимся в их ведении.
      7. Министерству финансов Республики Казахстан, главам местных администраций принять меры к полному погашению предприятиям Государственной акционерной компании "Астык" и потребительской кооперации задолженности по разнице в ценах на муку и хлеб, образовавшейся до отпуска цен.
      8. Государственной акционерной компании "Астык", главам областных администраций обеспечить отпуск муки хлебопекарным предприятиям Казпотребсоюза в счет установленных рыночных фондов с оплатой по мере реализации продукции, но не позднее месячного срока со дня отпуска муки.
      Рекомендовать Казпотребсоюзу, начиная с урожая 1995 года, перейти на закуп зерна для собственных хлебопекарных предприятий по прямым договорам с товаропроизводителями.
      9. Рекомендовать Национальному Банку Республики Казахстан обеспечить кредитные учреждения подкреплением наличностью по предстоящим социальным выплатам.
      10. В соответствии с постановлением Верховного Совета Республики Казахстан от 14 июля 1994 г. "О введении в действие Закона Республики Казахстан "Об уточненном республиканском бюджете Республики Казахстан на 1994 год" Министерству финансов Республики Казахстан в месячный срок внести в Правительство проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан от 14 июля 1994 г. N 137 "Об уточненном республиканском бюджете на 1994 год" с учетом отпуска цен на указанные виды продукции и оказания финансовой поддержки птицефабрикам компании "Ак кауырсын" и свинокомплексов компании "Живпром".
      11. Признать утратившими силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июля 1994 г. N 782 "О ценах на хлеб, хлебобулочные изделия, пшено, крупу манную, муку, реализуемую населению взамен печеного хлеба, и комбикорма" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 29, ст.328), пункт 1 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 июля 1994 г. N 806 "О регулируемой оптовой цене на комбикорма" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 29, ст.335).

      Премьер-министр
      Республики Казахстан