Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбындағы және мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРМК-нiң 1995.03.17. N 282 Қаулысымен.
"Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы үшiн технологиялық және машина жасау жабдықтарын сатып алуға шетел кредиттерiн тарту жолымен Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының "МАН ТАКРАФ Фердертехник Гмбх" немiс фирмасымен 93220800 немiс маркасы сомасына технологиялық және машина жасау жабдықтарын беруге жасалған шарттары мақұлдансын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.03.17.
N
282
Қаулысымен.
2. "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiне жобаның валютамен өтелуiн растайтын қажеттi құжаттар мен кепiлдемелер ұсынсын;
- "Гермес" сақтандыру компаниясына, банкiге қызмет көрсететiн комиссияға аванс, сақтандыру жарнасын, сондай-ақ комиссияға жобаны бағалау сарабын жасағаны үшiн проценттер төлеудi және негiзгi қарыздарды өтеп отыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiсi:
шарттық негiзде шетел мамандарын қатыстыра отырып жобаны бағалау сарабын өткiзсiн;
1992 жылдың 7 қыркүйегiндегi бас кредит келiсiмiнiң шарттарына сәйкес Берлинер Банкiсiмен жалпы сомасы 79237680 немiс маркасына қатысты уақыт туралы Герман жағының талаптарын ескере отырып жеке келiсiмдер жасасын.
Төлемдердiң жасалмай қалу қаупi туған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiне қарыздарды өтеудi қамтамасыз ету жөнiнде кредит желiсiн тоқтатуға дейiн қажеттi шаралар қолдануға рұқсат етiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жобаға Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Қарағандакөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының кредитi бойынша қарыздардың дер кезiнде өтелуiне бақылау жасасын және осы кредиттi қайтару жөнiнде өз кепiлдiктерiн берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi