Астық өндiрудi нығайту және оны өткiзу рыногын кеңейту, облыстарды нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 15 қараша N 1288. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Республиканың аграрлық секторын дамытуда астық шаруашылығы саласына айрықша маңызды мән бере отырып және астық өндiру мен өткiзу саласында нарық элементтерiн одан әрi кеңейту, сондай-ақ халықты нанмен, нан-тоқаш тағамдарымен, ұнмен, жармамен және мал шаруашылығы өндiрiсiн құрама жеммен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi басқару органдарының жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қара және сарғылт топырақты аймақтарда астық өндiру аграрлық сектордың жетекшi саласы деп саналсын. 
       Ескерту. 1-тармақтың 2-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
1996.05.24. N 641 қаулысымен. 
      2. Астық өндiрудiң интенсивтiлiгiн арттыру және оның сапасын жақсарту мақсатында 1995 жылы оны өндiрушiлердi тыңайтқыштармен, тұқымдармен, арамшөптермен, зиянкестермен және өсiмдiк ауруларымен күресуге арналған заттар сатып алуға байланысты шығындардың бiр бөлiгiн өтеу арқылы мемлекеттiк қолдауды жалғастыру қажет деп танылсын. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, 1995 жылға арналған бюджеттiң жобасында осыған қажеттi қаржы ресурстарын көздесiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларымен, Мемлекеттiк Даму банкiмен және Мемлекеттiк экспорт-импорт банкiмен бiрлесiп, 1995-1998 жылдары негiзгi астық өндiретiн аймақтарда диқандарға шарттық тракторлармен, тұқым себу агрегаттарымен, егiн жинайтын және басқа техникалармен қызмет көрсету жөнiндегi сервис пункттерiнiң, сондай-ақ астық тазалайтын-кептiретiн агрегаттар шығаратын және монтаждайтын базалар мен қоймалар жүйесiн құру үшiн қаражат қарастырсын. Осы мақсатта үш айлық мерзiмде Қазақстанның кәсiпорындарында қажеттi машиналар мен жабдықтар жасау бағдарламасын анықтасын және Үкiметтiң бекiтуiне тапсырсын. 
      4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 1995 жылдың егiнiнен бастап, мемлекеттiң қажетi үшiн астық беру көлемiн жеткiзу, сондай-ақ оның өңделген өнiмдерiн тұтыну қорлары мен лимиттерi тоқтатылсын. 
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер, ұқсатушы және делдалдық кәсiпорындар астық пен оны өңдеу өнiмдерiн еркiн сатуды және сатып алуды iшкi және сыртқы рынокта еркiн баға бойынша биржалар, аукциондар және басқа сату арналары арқылы жүзеге асырып, контрактiлердi агрөнеркәсiп биржаларында тiркетедi деп белгiленсiн. 
      Үкiметаралық келiсiмдер бойынша экспортқа астық беру алдын-ала жасалған экспорттық контрактiлер болған жағдайда тиiстi рұқсаттарды биржаларда аукциондық сату арқылы жүзеге асырылады. 
      5. Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi iшкi және сыртқы рынокта астық пен оның өңделген өнiмдерiне бағаның өзгеруi туралы хабарларды апта сайын баспасөзде жариялауды немесе жеке бюллетень етiп шығаруды ұйымдастырсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы 1995 жылғы қаңтардың 1-iне дейiн астық пен оның өңделген өнiмдерiн iшкi және сыртқы рынокта Қазақстан Республикасының биржалары арқылы жария және ашық сауда-саттықта сатудың бiрыңғай тәртiбiн дайындап, бекiтсiн. 
      7. Облыстардың әкiмдерi жергiлiктi халықты нанмен, нан-тоқаш және макарон тағамдарымен, ұнмен және жармамен, ал мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын құрамажеммен қамтамасыз етудi облыстардың материалдық және қаржы-несие ресурстары есебiнен 1995 жылғы егiннiң (1995 жылғы қазанның 1-iнен бастап) астығын өндiру, сатып алу және қайта өңдеу негiзiнде ұйымдастырсын. 
      Қазтұтынуодағына 1995 жылдан бастап тауар өндiрушiлермен тiкелей шарт бойынша астық сатып алуға көшу және осы астықты өз наубайханалары үшiн ұн өңдеуге пайдалану ұсынылсын. 
      8. Мемлекетке астық сатып алу, сақтау, қайта өңдеу және өткiзу "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Сатып алушылар шаруашылықтармен астық сатып алуға контракт жасау кезiнде астық беруге кепiлдiк беретiн өндiрушiлермен және басқа жеткiзушiлермен фьючерлiк және форвардтық шарттар хаттауды кең түрде қолдансын.<*> 
       Ескерту. 8-тармақтың 1,3 абзацтары күшiн жойды - ҚРМК-нiң 
1995.11.06.  N 1450  қаулысымен.   
      9. Астық өнiмдерi саласының қалған барлық кәсiпорындары дербес акционерлiк қоғамдар етiп қайта құрылсын. Бұл ретте мыналар: 
      тiкелей астық өндiретiн аймақта орналасқан шалғайдағы астық қабылдау кәсiпорындары бойынша барлық мемлекеттiк акциялар пакетiн астық өндiрушiлерге және аралас кәсiпорындарға сату; 
      астық өндiрушiлер қауымдастығын ұйымдастыру мүмкiндiгiн ескере отырып, облыстың (аймақтың) астық пен нан өнiмдерiне қажетiн қамтамасыз ететiн акционерлiк қоғамдарға мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн мемлекет меншiгiнде сақтау көзделсiн.<*> 
       Ескерту. 9-тармақтың 1-шi абзацы күшiн жойды - ҚРМК-нiң 
1995.11.06. N 1450 қаулысымен.  
      10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1995 жылғы қаңтарға дейiн құс шаруашылығы және мал шаруашылығы өнiмдерiн шығарудың бiрыңғай технологиялық жүйесiн құру мақсатымен құрамажем заводтарын, құс фабрикаларын, мал шаруашылығы кешендерi мен астық өндiрушi шаруашылықтарды акционерлендiрудi аяқтасын. 
      Облыстардың әкiмдерi аталған акционерлiк қоғамдарға (құс фабрикаларына, мал шаруашылығы кешендерiне немесе құрамажем заводтарына) құрамажем өндiру үшiн астық шикiзатының жетiспейтiн мөлшерiн өндiруге қажеттi жер учаскелерiн бөлсiн. 
      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және облыстардың әкiмдерi шаруашылық есеп негiзiнде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндiру. сатып алу, сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi акционерлiк компаниялар немесе қауымдастықтар құруды жеделдетсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О меpах по укpеплению пpоизводства и pасшиpению pынка сбыта зеpна, самообеспечению областей хлебом и дpугими пpодуктами пеpеpаботки зеpна

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 15 ноябpя 1994 г. N 1288. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      Придавая исключительно важное значение зерновой отрасли в развитии аграрного сектора республики и в целях дальнейшего расширения рыночных элементов в сфере производства и реализации зерна, а также повышения ответственности местных органов управления за обеспечение населения хлебом, хлебобулочными изделиями, мукой, крупами и промышленного животноводства комбикормами Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Считать производство зерна ведущей отраслью аграрного сектора в зоне черноземных и каштановых почв.<*>
      Сноска. Абзац второй исключен - постановлением Правительства РК от 24 мая 1996 г. N 641.
      2. В целях повышения интенсификации производства и улучшения качества зерна признать необходимым продолжить в 1995 году государственную поддержку его производителей путем покрытия части затрат, связанных с приобретением удобрений, семян, средств для борьбы с сорняками, вредителями и болезнями растений.
      Министерству финансов совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан предусмотреть в проекте бюджета на 1995 год необходимые для этого финансовые ресурсы.
      3. Министерству сельского хозяйства, Министерству промышленности и торговли, Министерству экономики и Министерству финансов Республики Казахстан совместно с государственными акционерными и холдинговыми компаниями, Государственным банком развития и Государственным экспортно-импортным банком Республики Казахстан изыскать средства для создания в 1995-1998 годах в регионе основного производства зерна сети сервисных пунктов по обслуживанию производителей зерна на договорной основе тракторами, сеялочными агрегатами, уборочной и другой техникой, а также базы по производству и монтажу зерноочистительно-сушильных агрегатов и хранилищ. В этих целях в трехмесячный срок уточнить и представить на утверждение Правительства программу изготовления на предприятиях Казахстана необходимых машин и оборудования.
      4. Отменить доведение до сельскохозяйственных товаропроизводителей объемов поставки зерна для государственных нужд начиная с урожая 1995 года, а также фондов и лимитов на потребление продукции его переработки.
      Установить, что сельскохозяйственные товаропроизводители, перерабатывающие и посреднические предприятия осуществляют свободную продажу и закупку зерна и продуктов его переработки через биржи, аукционы и другие каналы реализации на внутреннем и внешнем рынках по свободным ценам с регистрацией контрактов на агропромышленных биржах.
      Поставка зерна на экспорт по межправительственным соглашениям осуществляется через аукционную продажу соответствующих разрешений на бирже при наличии предварительно заключенных зкспортных контрактов.
      5. Международной казахстанской агропромышленной бирже и Министертсву сельского хозяйства Республики Казахстан организовать еженедельную публикацию в прессе или отдельными бюллетенями сообщений о котировке цен на зерно и продукты его переработки на внутреннем и внешнем рынках.
      6. Министерству сельского хозяйства, Министерству экономики Республики Казахстан, Международной казахстанской агропромышленной бирже до 1 января 1995 г. разработать и утвердить единый порядок реализации зерна и продуктов его переработки на внутреннем и внешнем ранках через биржы Республики Казахстан на гласных и открытых торгах.
      7. Главам областных администраций организовать обеспечение местного населения хлебом, хлебобулочными и макаронными изделиями, мукой и крупами, а промышленного животноводства и птицеводства комбикормами на основе производства, покупки и переработки зерна с урожая 1995 года (с 1 октября 1995 г.) за счет материальных и финансово-кредитных ресурсов областей.
      Рекомендовать Казпотребсоюзу перейти начиная с 1995 года на закупку зерна по прямым договорам с товаропроизводителями и использование этого зерна для переработки в муку для собственных хлебопекарных предприятий.
      8. (Абзац первый утратил силу - постановлением Правительства РК от 6 ноября 1995 г. N 1450)
      Установить, что государственные закупки, хранение, переработка и реализация зерна осуществляется через Государственную акционерную компанию "Астык". Покупателям при заключении контрактов с хозяйствами на закупку зерна шире применять оформление фьючерсных и форвардных договоров с производителями и другими поставщиками, обеспечивающими гарантированную поставку зерна.
      (Абзац третий утратил силу - постановлением Правительства РК от 6 ноября 1995 г. N 1450)
      9. (Абзац первый утратил силу - постановлением Правительства РК от 6 ноября 1995 г. N 1450)
      Преобразовать все остальные предприятия отрасли хлебопродуктов в самостоятельные акционерные общества, предусмотрев при этом:
      по глубинным хлебоприемным предприятиям, расположенным в зоне непосредственного производства зерна, реализацию всего государственного пакета акций производителям зерна и смежным предприятиям;
      сохранение в собственности государства части государственного пакета акций в акционерных обществах, обеспечивающих областные (региональные) потребности в зерне и хлебопродуктах, с учетом возможной организации ассоциаций производителей зерна.
      10. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан и Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу завершить до января 1995 г. акционирование комбикормовых заводов, птицефабрик, животноводческих комплексов и хозяйств - производителей зерна с целью создания единой технологической системы производства птицеводческой и животноводческой продукции.
      Главам областных администраций выделить указанным акционерным обществам (птицефабрикам, животноводческим комплексам или комбикормовым заводам) земельные участки, необходимые для производства недостающего количества зернового сырья по выработке комбикормов.
      11. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу и главам областных администраций ускорить создание акционерной компании или ассоциации по производству, закупке, хранению, обработке и реализации семян сельскохозяйственных культур на хозрасчетной основе.

       Премьер-министр
     Республики Казахстан