1994 жылдың бiрiншi тоқсанында Өзбекстаннан алынып пайдаланылған табиғи газ үшiн есеп айырысу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 қараша 1994 ж. N 1290

      Табиғи газға бағаны реттеу және төлемдердiң жасалмау дағдарысынан арылу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында Өзбекстан берген табиғи газдың сатып алу мен босатылу бағаларының арасындағы айырма есебiнен түзiлген 60 млн. АҚШ доллары сомасындағы берешек мемлекеттiк қарыз ретiнде танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және темiр жол басқармалары табиғи газ бергенi үшiн Өзбекстанға АҚШ долларымен 60 млн. берешектi осы мемлекеттердiң энергия жүйелерi мен темiр жолдары арасындағы өзара есеп айырысудың қолданылып жүрген тәртiбiн сақтай отырып, Өзбекстаннан Қазақстанның аумағы бойынша темiр жолмен жүрiп өтуге Өзбекстанның ақы төлеуi есебiнен өтеудi қамтамасыз ететiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр жолдарының табиғи газ үшiн АҚШ долларымен 60 млн. сом қарызды өз табысы есебiнен төлеуiн 1994 жылдың қарызын қоса алғанда 1995 жылдан бастап үш жыл iшiнде жолаушылар вагондарын алуға берiлген Германия кредитiнiң орнын жабумен өтейтiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1994 жылдың бiрiншi тоқсанында Өзбекстан берген табиғи газ үшiн Қазақстан Республикасы берешегiнiң көлемiн түзетудi ескере отырып табиғи газға бағаны қалыптастырудың тәртiбiн қайта қарасын.

     Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi
республиканы газбен жабдықтау жүйесi бойынша газды тасымалдаудың
өзiндiк құнын төмендету есебiнен газдың көтерме және босату
бағасын азайту жөнiнде шаралар қолданатын болсын.
     Өнеркәсiптiң табиғи газға жаңа көтерме бағасы 1994 жылғы
15 қарашадан бастап енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


О расчетах за использованный природный газ, полученный из Узбекистана в первом квартале 1994 г.

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 ноября 1994 г. N 1290

      В целях упорядочения цен на природный газ и преодоления кризиса неплатежей Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать в качестве государственного долга задолженность в сумме 60 млн.долларов США, образовавшуюся за счет разницы между покупной и отпускной ценами в первом квартале т.г., за поставленный из Узбекистана природный газ.
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и управлениям железных дорог обеспечить погашение 60 млн.долларов США задолженности Узбекистану за поставленный природный газ в счет оплаты Узбекистаном железнодорожного транзита из Узбекистана по территории Казахстана, сохранив существующий порядок взаиморасчетов между энергосистемами и железными дорогами этих государств.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан компенсировать потерю доходов железных дорог Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от уплаты долга за природный газ в сумме 60 млн.долларов США погашением кредита Германии на приобретение пассажирских вагонов в течение трех лет, начиная с 1995 года, включая долг 1994 года.
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике пересмотреть порядок формирования цены на природный газ с учетом корректировки объема задолженности Республики Казахстан за поставленный природный газ из Узбекистана в первом квартале 1994 г.
      Министерству нефтяной и газовой промышленности Республики Казахстан принять меры по уменьшению оптовой и отпускной цен на газ за счет снижения себестоимости транспортировки газа по системам газоснабжения республики.
      Ввести новую оптовую цену промышленности на природный газ с 15 ноября 1994 г.
Премьер-министр Республики Казахстан