Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ұсынған жер қойнауын пайдалануды және қорғауды басқару мен бiр жүйеге келтiру тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасы мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының шикiзат саясатының тұжырымдамасы жөнiндегi хабары назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне:
Қазақстан Республикасының шикiзат саясаты тұжырымдамасы және пайдалы қазбалар кен орнын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасы жайында құжаттар пакетiн құрастырып, салалық министрлiктер мен мекемелерге, облыс әкiмдерiне пайдалануға жiберу;
пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасын кеңiнен насихаттап және баспасөзде жариялап, сонымен қатар бұл жұмысты жандандыру жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудiң инвестициялық бағдарламасын республика экономика дамуының индикативтiк жоспарына енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесе отырып, қажет мәлiметтермен инвесторлардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында, геологиялық-экономикалық мәлiметтердi құпиясыздандыру жөнiнде қабылдаған тәртiппен ұсыныс енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң қатысуымен әлемдiк минералдық-шикiзат кешенiне, шикiзаттық өнiмдердi сатуға, өндiруге және пайдалануға конъюнктуралық шолуды дайындауды қамтамасыз етсiн, сонымен қатар Қазақстанның әлемдiк баланстағы стратегиялық жағдайын анықтау мақсатында дамыған және дамушы мемлекеттердiң шикiзаттық саясаты туралы мәлiметтер жинақтасын.
Конъюнктуралық шолу Қазақстан Республикасының Үкiметiне және қатысты мекемелерге жыл сайын 1-шi маусымда тапсырылып отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi