1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде қосымшаға сәйкес 328 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне министрдiң
5 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 13 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үшiн 11 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 желтоқсандағы N 1396 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Министрдiң хатшылығы Экономикалық стратегия және дамуды болжау бас басқармасы Сыртқы экономикалық саясат бас басқармасы Қаржы саясаты бас басқармасы Өнеркәсiп саясаты бас басқармасы Инвестициялық саясат бас басқармасы Аймақтық саясат басқармасы (жетекшi) Әлеуметтiк саясат басқармасы (жетекшi) Аграрлық саясат басқармасы (жетекшi) Ғылыми-технологиялық саясат басқармасы (жетекшi) Экономиканың жекеменшiк секторын дамыту басқармасы (жетекшi) Тұтыну нарығын дамыту басқармасы (жетекшi) Нарықтық инфрақұрылымды дамыту басқармасы (жетекшi) Меншiк қатынастары басқармасы (жетекшi) Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету басқармасы (жетекшi) Коммуникацияларды дамыту басқармасы (жетекшi) Жұмылдыру бағдарламалары мен мемлекеттiк резервтер басқармасы (жетекшi) Кадрлар даярлауды үйлестiру басқармасы (жетекшi) Iс басқармасы Бухгалтерлiк есеп пен есеп беру басқармасы Аппарат жұмысын ұйымдастыру және iс жүргiзу басқармасы Кадр бөлiмi Заң бөлiмi Бiрiншi бөлiм