Қазақстан Республикасында қымбат металдар үшiн есеп айырысу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 21 желтоқсан N 1431. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.20. N 1580 қаулысымен.

      Көлiк жалдау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шығындарын өтеу, дүниежүзiлiк рынокқа металдарды сақтап және күзетiп жеткiзу кезiнде шетелдiк фирмалардың қымбат металдар құймасын "Лондондық сапалы жеткiзiп беру" талабы деңгейiне дейiн жеткiзген қызметтер төлемiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi:
      1. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қазына қоймасына /Гохран/ өткiзiлетiн және кен шикiзатынан алынғандарын, сондай-ақ қайталама ресурстардан алынатын тауарлық қымбат металдар құнын төлеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiленген теңгенiң АҚШ долларына шаққанда бағам бойынша есептелiнiп, қымбат металдар лондондық рынок ассоциациясы белгiлеген таңертеңгi фиксингтен /деңгейден/ тапсыру күнiне есептелiп, төмендегiдей бағамен:
      алтын, платина және платина тобындағы металдар бойынша 7 процент мөлшерiнде;
      күмiс бойынша - 12 процент мөлшерiнде белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қымбат металдар үшiн Банктiң кiрiсi есебiнен төлем жасау ұсынылсын.
      2. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы алтын, күмiс және басқа қымбат металдар өткiзушiлер үшiн, сондай-ақ қымбат металдар кез-келген шикiзат түрiнде жеткiзiп беретiн немесе оны ұқсататын бiрлестiктер, кәсiпорындар мен мекемелер үшiн қолданылып жүрген iшкi есеп айырысудың бағасына түзетулер енгiзудi жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қазына қоймасынан тұтынушыларға берiлетiн қымбат металдар үшiн есеп айырысулар осы қаулының I-тармағындағы әдiс бойынша өткен күнгi таңертеңгi лондондық фиксинг бойынша есеп айырысу күнiне есептелiнген баға мен және қазына қоймасының қымбат металдар мемлекеттiк қорына қызмет көрсету мен оны ұстау жөнiндегi шығындарды бiр процентке ұлғайтып өтеу мақсатында теңгемен жүзеге асыру белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шот жазылған күнi есеп айырысу күнi болып есептелсiн.
      4. "Қазақстан Республикасында бағалы металдар үшiн есеп айырысудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 шiлдедегi N 590 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 327-бап/ 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi



О порядке расчетов за драгоценные металлы в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 декабря 1994 г. N 1431. Утратило силу - постановлением Пpавительства РК от 20 ноябpя 1995 г. N 1580 ~P951580

      В целях компенсации затрат Национального Банка Республики Казахстан по фрахтам транспорта, страхованию и охране драгоценных металлов при доставке на мировой рынок, оплате услуг иностранных фирм по доведению слитков драгоценных металлов до уровня требований "Лондонской качественной поставки" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что с 1 января 1995 г. оплата стоимости товарных драгоценных металлов, сдаваемых Национальной акционерной компанией "Алтыналмас" в Государственное хранилище ценностей (Гохран) Национального Банка Республики Казахстан и полученных как из рудного сырья, так и из вторичных ресурсов, производится в тенге по ценам, исчисленным на день сдачи из утреннего фиксинга (уровня) цен на них, установленных Ассоциацией лондонского рынка драгоценных металлов, с учетом курса тенге по отношению к доллару США, устанавливаемого Национальным Банком Республики Казахстан, со скидками с этих цен:
      по золоту, платине и металлам платиновой группы - в размере 7 процентов;
      по серебру - в размере 12 процентов.
      Рекомендовать Национальному Банку Республики Казахстан производить оплату за драгоценные металлы за счет доходов банка.
      2. Национальной акционерной компании "Алтыналмас" осуществлять корректировку действующих внутрирасчетных цен для сдатчиков золота, серебра и других драгоценных металлов, а также для объединений, предприятий и организаций, поставляющих драгоценные металлы в любых видах сырья или перерабатывающих его.
      3. Установить, что расчеты за драгоценные металлы, отпускаемые потребителям из Гохрана Национального Банка Республики Казахстан, производятся в тенге по ценам, исчисленным на расчетную дату по утреннему лондонскому фиксингу цен за предыдущий день по методике пункта 1 настоящего постановления и увеличенным на один процент в целях компенсации затрат Гохрана по содержанию и обслуживанию государственного фонда драгоценных металлов.
      Расчетной датой считать дату выписки счета Национальным Банком Республики Казахстан.
      4. Признать утратившим силу с 1 января 1995 года постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 июля 1993 г. N 590 "О порядке расчетов за драгоценные металлы в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 26, ст. 327).
Премьер-министр Республики Казахстан