Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылғы 13 қазанда Алматыда қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасындағы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы
Келiсiмнiң бекiтiлгенi туралы Латвия Республикасының Үкiметiн
хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия
Республикасының Үкiметi арасында сауда-экономикалық
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi, бұдан былай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық нығайту мен дамыту мақсатында, екi елде де нарықтық қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау қажеттiгiне сүйенiп, төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар әрбiр Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тең құқықтық және өзара тиiмдiлiк үрдiстерi негiзiнде сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және кеңейту үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қолданатын болады.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң арасында сауда қатынастарын дамытуға арналған өзара тиiмдi шарттарды қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлерге қатысты бiр-бiрiне:
а/ импорт пен экспортқа қатысты қолданылатын баж салықтарына, салықтар мен алымдарға, осындай баж салықтарын, салықтар мен алымдар алудың әдiстерiн қоса алғанда;
ә/ кедендiк тазартуға, транзитке, жүктi үйiп-жыюға, жүктi қайталап тиеуге қатысты ережеде және басқа да осы тәрiздi қызметтер көрсетуде;
б/ төлемдердi жүзеге асыру әдiстерi мен олардың аударымында;
в/ iшкi нарықта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлiске және пайдалануға қатысты ережеде ұлтқа барынша қолайлы жағдай жасалатын режим бередi.
3-бап
2-баптың ережелерi:
а/ әрбiр Тарап шекаралық сауданы жеңiлдету үшiн көршiлес елдерге берген немесе беруi мүмкiн артықшылықтарға;
ә/ әрбiр Тараптың қазiргi бар немесе болашақта құрылуы ықтимал кедендiк одақтарға яки еркiн сауда-саттық аймақтарына мүшелiгiнен туындайтын артықшылықтарға;
б/ Тарифтер мен сауда-саттық туралы Бас Келiсiмге /ТСБК/ сәйкес үшiншi елдерге берiлетiн артықшылықтарға және ТСБК, сондай-ақ басқа да халықаралық келiсiмдерге сәйкес дамушы елдерге берiлетiн артықшылықтарға қолданылмайтын болады.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар:
а/ осы Келiсiмнiң қолданысына жататын тауарларға өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi елдерде шығарылатын тауарларға салынатын тиiстi салықтар мен алымдардан артып түсетiн тiкелей яки жанама түрдегi iшкi салықтар мен алымдар салмайтын болады;
ә/ осы Келiсiмнiң қолданысына жататын тауарларды импорттауға
қатысты ұқсас жағдайларда iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе
үшiншi елдерде шығарылатын тауарларға қолданылмайтын әрбiр шектеулер
немесе талаптар қоюды енгiзбейтiн болады.
5-бап
Транзиттi жүк тасымалдарының тәртiбi мен шарттары жеке
келiсiмдермен белгiленедi.
6-бап
Екi мемлекет арасындағы сауда-саттыққа есеп айырысулар мен төлемдердiң бәрi халықаралық сауда мен қаржылық тәжiрибеде қолданылатын ағымдағы әлемдiк бағаларды және шарттарды қолдану арқылы Орталық Банктер арасында жасасылған Келiсiмдерге сәйкес еркiн өтiмдi валютада немесе ұлттық валютада жүзеге асырылатын болады.
7-бап
Тауарлар жөнелтiлiмiнiң және қызметтер көрсетудiң тәртiбi, номенклатурасының көлемi қажет болған жағдайда әрбiр келесi жылға жеке хаттама арқылы келiсiледi.
8-бап
Уағдаласушы Тараптар экономикалық қызметтiң субъектiлерi
мен екi мемлекеттiң ұйымдары арасында тiкелей байланысты дамытуға
жәрдемдесетiн болады.
Уағдаласушы Тараптар ғылым мен технология, экология, көлiк,
туризм және коммуникация салаларында, қызметкерлердi оқыту мен
ортақ мүдделiлiктi көздейтiн басқа да салаларда ынтымақтастықты
дамытатын болады.
9-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi әрбiр Уағдаласушы Тараптың тауарлар
экспортына, импортына және транзиттiк өтуiне қатысты тыйым немесе
шектеу жөнiндегi шаралар қолдану құқығын шектемейдi, аталған
шаралар:
а/ ұлттық қауiпсiздiктi қорғауға;
ә/ адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға, хайуанаттар
мен өсiмдiктердi ауруға шалдығудан сақтандыруға;
б/ өнеркәсiптiк және интеллектуалдық меншiктi қорғауға;
в/ ұлттық көркемдiк, тарихи және археологиялық игiлiктердi
қорғауға;
г/ табиғи ресурстардың сарқылуын болдырмауға;
д/ қоғамдық имандылықты қорғауға;
е/ отандық өндiрiсшiлердi қорғауға бағытталады.
Алайда, мұндай тыйым салулар мен шектеулер екi ел арасындағы
сауда-саттықты жосықсыз кемсiтушiлiктiң немесе жасырын шектеудiң
құралы ретiнде орын алуға тиiстi емес.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар әрбiр елдiң аумағында қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес инвестицияны өзара қорғау туралы келiсiм жасауға
келiстi.
11-бап
Уағдаласушы Тараптар сауда-саттық, коммерциялық, инвестициялық,
салық қызметi туралы және қаржылық қызмет туралы өзара ақпарат
берiп тұруға жәрдемдесетiн болады.
12-бап
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың бұрын үшiншi елдермен жасасқан
басқа келiсiмдерiнiң қолданылуына ықпал етпейдi.
13-бап
Осы Келiсiмге Уағдаласушы Тараптардың келiсiмi бойынша жазбаша
түрде өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
14-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiру мен қызметтер көрсетуге қатысты дау-дамай Уағдаласушы Тараптар арасындағы келiссөздер арқылы шешiлуге жатады. Тауарлар жөнелтiлiмi мен қызметтер көрсету жөнiнде шарттар жасасу мен орындау кезiндегi экономикалық қызмет субъектiлерi арасында туындайтын дау-дамайды халықаралық тәжiрибеге сәйкес соттар қарайтын болады.
15-бап
Уағдаласушы Тараптардың өкiлеттi өкiлдерi осы Келiсiмнiң орындалу барысын қарау үшiн Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасында алма-кезек кездесiп тұратын болады.
16-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн Уағдаласушы Тараптар қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғандығы туралы бiр-бiрiне хабарлап, ноталар алмасқаннан кейiн күшiне енетiн болады және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тарапты келiсiмнiң қолданылуын тоқтату туралы өз ниетiн 6 ай бұрын жазбаша түрде хабарлаған уақытқа дейiн қолданылады.
Осы Келiсiмнiң күшi тоқтатылған жағдайда оның ережелерi осы Келiсiм күшiнде болған кезеңде жасасылған барлық контрактыларға олар бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн қолданылатын болады.
Алматы қаласында 13 қазан 1994 жылы әрқайсысы қазақ, латыш
және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалады және де
барлық текстердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiндiру, қолдану
және орындау жөнiнде Уағдаласушы Тараптарда алшақтық туындаған
жағдайда, Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң орыс тiлiндегi текстiн
басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасының
Үкiмет үшiн Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасы мен Латвия
Республикасының арасында 1994 жылға арналған
аса маңызды өнiм түрлерiнiң өзара жөнелтiмдерiнiң
мөлшерi мен тәртiбiн келiсу
ХАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық үрдiстерi туралы Келiсiмнiң 7-бабының негiзiнде Тараптар төмендегiлер туралы уағдаласты:
1. Уағдаласушы Тараптар стратегиялық маңызды өнiм түрлерiнiң /N 1 және N 2 қосымшалар/ өзара жөнелтiлiмдерiнiң номенклатурасы мен мөлшерiн белгiлеп, келiстi.
N 1 және N 2 қосымшалар Осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi деп есептелсiн.
Аталған қосымшалар Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
2. Тараптар өнiмдердiң өзара жөнелтiлiмдерi туралы Хаттамаға қол қойылған соң бiр ай iшiнде онан әрi тұтынушылар бойынша бөлуге арналған хаттама қосымшаларына сәйкес белгiленген квоталар туралы хабар алмасады.
3. Уағдаласушы Тараптар 1994 жылы экономикалық ынтымақтастық басты нысаны Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасында құраушы бөлшектер мен бұйымдардың қол жеткен жөнелтiлiмi деңгейiн мейлiнше сақтайтын, сондай-ақ бiрлескен салалық және салааралық жөнелтiлiмдi сақтайтын тiкелей шаруашылық шарттары болып табылады деп уағдаласты.
Шаруашылық шарттарында жөнелтiлiмдердiң номенклатурасы мен мөлшерi, шарттық мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi және Тараптардың заңдарына сәйкес оларды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк көзделедi.
4. Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы есеп айырысулар банкаралық келiсiмге сәйкес жасасылған Тараптардың ұлттық немесе өкiлеттi банктерiнiң корреспонденттiк есеп-шоттарын пайдалану арқылы еркiн нарықтық бағалар бойынша жүзеге асырылсын.
5. Аса маңызды өнiм түрлерiнiң жөнелтiлiмi туралы тоқсан
сайын өзара статистикалық ақпарат беру ұйымдастырылсын.
6. Осы Хаттаманы жүзеге асыру процесiнде туындайтын мәселелер
және оларды шешу жөнiндегi шаралар бiрлесiп қаралатын болсын.
7. Осы Хаттама оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа болып
жасалған Хаттамаға Алматы қаласында 1994 жылы 13 қазанда қол
қойылды. Барлық текстердiң күшi бiрдей.
Алшақтық туындаған жағдайда орыс тiлiндегi текст шешушi болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Латвия Республикасы
Экономикалық министрлiгi Экономикалық министрлiгi
үшiн үшiн
Қосымша N 1
1994 жылы Қазақстан Республикасынан Латвия
Республикасына рұқсат етiлетiн өнiм
жөнелтiлiмдерiне арналған квоталар
Сырттан әкелу
--------------------------------------------------------------------
Өнiм атауы | Өлшем | Саны
| бiрлiгi |
---------------------------------------------------------------------
РАФ шағын автобустары - барлығы дана 320
оның iшiнде санитарлық дана 220
Ауылшаруашылық мәшинелерiне
арналған қосалқы бөлшектер мың доллар 40
Дозатор сораптар дана 50
Синтетикалық жiп тонна 180
Дәрi-дәрмектiк құралдар мың доллар 241
Балық консервiлерi млн.шартты
қалбыр 1
Сүт консервiлерi М Ш Қ 1
Тауарлы балық мың тонна 10
Асыл тұқымды мал бас х/
Қапсырма iлгек мың куба мет 1300
Тiгiн бұйымдары мың доллар 100
Трикотаж бұйымдары млн. дана 1.30
Шұлық-ұйық бұйымдары млн. жұп 7
Резеңке аяқ киiм млн. жұп 400
Парфюмерия - косметика
тауарлары мың доллар 110
Галантерея мың доллар 300
Ескертпе: х/ - жөнелтiлiмнiң мөлшерi мен шарттары Қазақстан
астығының жөнелтiлiмiне байланысты қосымша
келiсiммен белгiленетiн болады
Қазақстан Республикасы Латвия Республикасы
Экономика министрлiгiнiң Экономика министрлiгiнің
Қосымша N 2
1994 жылы Қазақстан Республикасының Латвия
Республикасына рұқсат етiлетiн өнiм
жөнелтiлiмдерiне арналған квоталар
Сыртқа шығару
-------------------------------------------------------------------
Өнiм атауы | Өлшем | Саны
| бiрлiгi |
--------------------------------------------------------------------
Көмiр мың т 150
Шойын мың т 5
Ақ қаңылтыр мың т 8
Цинк мың т 1
ЦАМ қорытпалары тонна 150
Латун прокаты тонна 50
Мыс прокаты тонна 50
Қола прокаты тонна 10
Қорғасын табағы тонна 20
Ортофосфорлық қышқыл тонна 50
Натрий триполифосфаты тонна 40
Бидай мың т х/
Ескерту: х/ - Жөнелтiлiмнiң ықтималдығы мен оның мөлшерiн
Үкiмет белгiлейдi
Қазақстан Республикасы Латвия Республикасы
Экономика министрлiгi Экономика министрлiгi
үшiн үшiн