1. 1995-2000 жылдардағы кезеңде вакциналар сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ЮНИСЕФ-ке өткiзетiн жыл сайынғы жарналарының осыған қосылған кестесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Өкiлдiгiне 1995-2000 жылдардағы кезеңде вакциналарға қажеттiлiктiң жыл сайынғы есебiн түсiрiп отырсын;
аталған Келiсiм бойынша берiлген барлық вакциналардың
алынуын, кеденнен өтуi мен бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1995-2000 жылдары бойында бюджеттердiң тиiстi жобаларын жасаған кезде вакциналар сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ЮНИСЕФ-ке жыл сайынғы өткiзетiн жарналардың кестесiне сәйкес вакциналардың сатып алуына қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 77 қаулысымен Бекiтiлген 1995-2000 жылдардағы кезеңде вакциналар сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ЮНИСЕФ-ке өткiзетiн жыл сайынғы жарналарының КЕСТЕСI ---------------------------------------------------------------- Жылы | Төлену | АҚШ-тың мың доллары | Төлемнiң жалпы | мерзiмi | сомасында | сомасы /АҚШ-тың мың | | | доллары сомасында/ ---------------------------------------------------------------- 1995 30 тамыз 20.593 20.593 1996 30 сәуiр 63.758 30 тамыз 63.758 127.516 1997 30 сәуiр 132.852 30 тамыз 132.852 265.704 1998 30 сәуiр 171.691 30 шiлде 171.691 30 қыркүйек 171.691 515.074 1999 30 сәуiр 212.879 30 шiлде 212.879 30 қыркүйек 212.879 638.639 2000 30 сәуiр 308.404 30 шiлде 308.404 30 қыркүйек 308.404 925.214 ------------------------------------------------------- ЖИЫНЫ: (екi миллион төрт жүз тоқсан екi мың 2 492.740 жетi жүз қырық АҚШ доллары)