Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату туралы уақытша ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 31 қаңтардағы N 106. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлiк  қоғамдардың басшыларына сату туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекітiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                     Қазақстан Республикасы   
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                    1995 жылғы 31 қаңтардағы
                                       N 106 қаулысымен
                                          бекiтілген

             Мемлекеттiк акция пакетiнiң  бiр бөлiгiн 
      акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату туралы
                        УАҚЫТША ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже мемлекеттiк акция пакетi 51 проценттен төмен бұрынғы мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың басшыларына (мұнан былай - қоғамдар) сатуға арналған мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлудiң тәртiбi мен шартын белгiлейдi. 
      2. Мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Меммүлiккомы) оның бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына бөлу туралы шешiм шығарған кезде сатылмаған бүкiл акция пакетi мемлекеттiк акция пакетi деп ұғынылады. Бұл орайда: 
      жаппай жекешелендiру бағдарламасына сәйкес сату үшiн резервке қалдырылған; 
      қоғамның құрылтай құжаттарына, сондай-ақ Меммүлiккомы мен оның аумақтық органдарының бұрын қабылданған шешiмдерiне сәйкес басқа да сатулар үшiн резервке қалдырылған акция пакеттерiнен басқа ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк компаниялар, соның iшiнде холдинг және басқа ұстаушы органдар табыстаған мемлекеттiк акция пакеттерi ескерiледi. 
      3. Барлық жағдайларда акция пакетiнiң бөлiнген көлемi мемлекеттiк акция пакетiнiң жоғарыда аталған көлемiнiң 5 процентiнен аспайды. 
      4. Акционерлiк қоғамдар басшыларына сату үшiн мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатымен Меммүлiккомы шығарады. 
      5. Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн қоғамдардың басшыларына бөлу туралы ұсынысты мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк компаниялармен, соның iшiнде холдинг компанияларымен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен келiсе отырып Меммүлiккомы табыс етедi. 
      Меммүлiккомы енгiзген ұсыныста: 
      болжамды сатып алудың мөлшерi мен тәсiлi туралы мәлiмет; 
      акционерлiк қоғамның президентi туралы мәлiмет (анықтама-объективка) мазмұндалуға тиiс. 
      6. Бөлiнген акция пакетiн сатып алу акционерлiк қоғамның қаражаты немесе қоғам алған кредит есебiнен жүргiзiлмейдi. 
      7. Бөлiнген акция пакетiн сатып алған кезде сатып алынатын акцияның 20 процентi оның атаулы құнына қарай, қалғандары - сатып алу-сату шарты жасалған сәттегi негiзгi қордың соңғы қайта бағалауын ескерiп төленедi. 
      8. Сатып алу бiр жолғы жарнамен жүзеге асырылған жағдайда ақша қаражаты сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап бiр ай iшiнде енгiзiледi. 
      9. Акция пакетiн ұзартылған мерзiмге сатып алған кезде жалпы соманың 20 процентi мөлшерiндегi бастапқы жарна, сатып алынатын акция пакетiнiң атауы құнына қарай, сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап он күн мерзiмде енгiзiледi. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттегi негiзгi қорлардың соңғы қайта бағалануын ескерiп, шартқа қол қойылған сәттен бастап 36 ай iшiнде өтеледi. 
      10. Акцияның құнын ұзартылған мерзiммен төлеген сатып алушы дивиденд алады және дауыс құқын төленген акциялар бойынша ғана пайдаланады. 
      Мемлекеттiк акция пакетiнiң сатып алынбай қалған бөлiгi жөнiндегi барлық құқық Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде қалады, ал осы акциялар бойынша дивидендтер қолданылып жүрген заңға және қоғамның құрылтай құжаттарына сәйкес жiберiледi. 
      11. Сатып алушы мемлекеттiк акция пакетiн белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда, акция пакетiнiң сатып алынбаған бөлiгi Меммүлiккомның иелiгiнде қалдырылады және қолданылып жүрген заңға сәйкес пайдаланылады.

Об утверждении Временного положения о продаже части государственного пакета акций руководителям акционерных обществ

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 января 1995 г. N 106. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 июля 2005 г. N 781

      Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Временное положение о продаже части государственного пакета акций руководителям акционерных обществ.
      2. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу.

  Премьер-министр

Республики Казахстан

                                           Утверждено

                                постановлением Кабинета Министров

                                      Республики Казахстан

                                   от 31 января 1995 г. N 106

                         Временное положение
               о продаже части государственного пакета
               акций руководителям акционерных обществ

      1. Настоящим Положением устанавливаются порядок и условия выделения части государственного пакета акций для продажи руководителям акционерных обществ (далее - обществ), созданных на базе бывших государственных предприятий, государственный пакет акций которых составляет менее 51 процента.
      2. Под государственным пакетом акций понимается весь пакет акций, принадлежащий государству и не реализованный на момент принятия решения Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу (Госкомимуществом) о выделении его части для руководителей акционерного общества. При этом учитывается государственный пакет акций, делегированный национальным, государственным акционерным компаниям, в том числе холдинговым, и другим органам-держателям, за исключением пакетов акций:
      зарезервированных для продаж в соответствии с программой массовой приватизации;
      зарезервированных для других продаж в соответствии с учредительными документами общества, а также ранее принятыми решениями Госкомимущества и его территориальных органов.
      3. Во всех случаях величина выделяемого пакета акций не может превышать 5 процентов от вышеназванной величины государственного пакета акций.
      4. Решение о выделении части государственного пакета акций для реализации руководителям акционерных обществ принимается Госкомимуществом с разрешения Кабинета Министров Республики Казахстан.
      5. Предложения о выделении части государственного пакета акций руководителям обществ представляются Госкомимуществом по согласованию с заинтересованными министерствами и ведомствами, национальными, государственными акционерными компаниями, в том числе холдинговыми, местными администрациями.
      Предложения, вносимые Госкомимуществом, должны содержать:
      сведения о размерах и способах предполагаемого выкупа;
      сведения о президенте акционерного общества (справка-объективка).
      6. Покупка выделяемого пакета акций не может производиться за счет средств акционерного общества или взятых обществом кредитов.
      7. При выкупе выделенного пакета акций 20 процентов выкупаемых акций оплачивается, исходя из их номинальной стоимости, остальные - с учетом последней переоценки основных фондов на момент заключения договора купли-продажи.
      8. В случае, если выкуп осуществляется разовым взносом, денежные средства вносятся в течение месяца с момента подписания договора купли-продажи.
      9. При выкупе пакета акций в рассрочку первоначальный взнос в размере 20 процентов от общей суммы, исходя из номинальной стоимости выкупаемого пакета акций, вносится в десятидневный срок с момента подписания договора купли-продажи. Оставшаяся сумма с учетом последней переоценки основных фондов на момент заключения договора купли-продажи погашается в течение 36 месяцев с момента подписания договора.
      10. Покупатель, оплачивающий стоимость акций в рассрочку, получает дивиденды и использует право голоса только по оплаченным акциям.
      Все права по оставшейся невыкупленной части государственного пакета акций остаются за Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу, а дивиденды по этим акциям направляются в соответствии с действующим законодательством и учредительными документами общества.
      11. В случае, если покупатель не выкупил в установленный срок часть государственного пакета акций, невыкупленная часть пакета акций остается в распоряжении Госкомимущества и используется в соответствии с действующим законодательством.