Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдарының, басқару органдарының қызметкерлерiнiң жалпы саны мен қызметтiк жеңiл автомобильдерi санының лимитi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 қыркүйектегi N 1092 P941092_ қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне бөлiнген қызметтiк жеңiл автомобильдер санының лимитi жергiлiктi кеден органдарына берiлген 115 жеңiл автомобиль санына қысқартылсын.
2. "Арнаулы жеңiл автомобильдер тиесiлiлiгi кестесiн бекiту
туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 3 тамыздағы N 242
қаулысымен бекiтiлген Қазақ ССР Министрлер Советiнiң ведомствосына
қарасты бюджет мекемелерi мен ұйымдарына тиесiлi арнаулы жеңiл
автомобильдер кестесi қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 7 ақпандағы
N 121 қаулысына
қосымша
Арнаулы жеңiл автомобильдер тиесiлiлiгi кестесiне
Қосымша
--------------------------------------------------------------------
Атауы | Атқаратын |Арнаулы автомобильдер |Мекемелерге,
| қызмет |пайдалануға құқығы бар|ұйымдарға,құрылымдық
| |мекемелер, ұйымдар |бөлiмшелерге тиiстi
| | | автомобиль саны
---------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
Жедел Профилактикалық облыстар бойынша 2 - 4
жұмыс және жедел жұмыс кеден басқармасы
атқаруды
қамтамасыз ету
кедендер 2 - 3
кедендiк пост 1 - 2