Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1994 жылы 27 қыркүйекте Джидда қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Аравиясы Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, техникалық және мәдени, сондай-ақ спорт және жастар iсi салаларындағы ынтымақтастық туралы Бас келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы Бас келiсiмнiң күшiне енгенi туралы Сауд Аравиясы тарапынан хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Сауд
Аравиясы Корольдiгi Үкiметi арасындағы
сауда-экономикалық, инвестициялық, техникалық
және мәдени, сондай-ақ спорт және жастар iсi
салаларындағы ынтымақтастық туралы
БАС КЕЛIСIМ
(1995 жылғы 27 қыркүйекте күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Сауд Аравиясы Корольдiгi Үкiметi,
екi ел арасында қалыптасқан достық желiлерiн нығайтуды қуаттай отырып,
өз елдерiнiң халықтары арасындағы рухани, тарихи және мәдени байланыстарды бекіте түсуге ұмтыла отырып,
екi ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтудың маңыздылығын мойындап,
екi елдiң жүгiнетiн заңдары мен нормаларына сәйкес төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
1 бап
Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы ынтымақтастықты өзара түсiнiсу негiзінде дамытуға және нығайтуға ұмтылады.
Сауда-экономикалық, инвестициялық және техникалық салалардағы ынтымақтастық
2 бап
Уағдаласушы Тараптар екi ел және олардың азаматтары арасындағы, сондай-ақ екi елдегi жеке және заңды тұлғалар арасындағы экономикалық, сауда, инвестициялық және техникалық ынтымақтастықты қолдайды. Аталған ынтымақтастық мынадай нақтылы салаларды қамти отырып, тек олармен шектелiп қалмайды:
1. Экономикалық барлық салаларындағы ынтымақтастық, соның iшiнде өнеркәсiп, мұнай және минерал ресурстарын өндiру, мұнай-химия өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және денсаулық сақтау;
2. Ғылыми және техникалық зерттеулердегi ақпараттармен алмасу;
3. Ынтымақтастықтың жеке бағдарламалары үшiн қажеттi техникалық экспертизалар даярлау және олармен алмасу.
3 бап
1. Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы сауданы белсендi түрде арттыруға және түрлендiруге барлық күш-жiгерiн жұмсайтын болады. Осы мақсатта және сауда туралы халықаралық ережелер шеңберiнде Уағдаласушы Тараптар бiр бiрiне барынша қолайлы режим қолданатын болсын.
2. Бұндай қарым-қатынас режимi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң еркiн сауда аймағына, кеден одағына, ортақ рынокқа, немесе аймақтық экономикалық құрылымның кез-келген басқа түрiне қатысушы үшiншi ел азаматтары мен компанияларына беретiн артықшылықтар мен жеңiлдiктерiне қатысты емес.
4 бап
1. Уағдаласушы Тараптар екi ел азаматтарының барлық салаларында инвестиция жасаудың толық еркiндiгiн жүзеге асырылуына жағдай жасайды, алайда бұған тек қана өз ел азаматтарының қызметiне рұқсат берiлетiн немесе тыйым салынатын салалар қосылмайды.
2. Уағдаласушы Тараптар инвестициялар туралы заңдар шеңберiнде және екi елде қолданылатын ережелерге сәйкес бiрлескен кәсiпорындар құруды көтермелейтiн болады.
5 бап
Уағдаласушы Тараптар екi елдiң өкiлдерiнiң, делегацияларының, экономикалық және сауда миссияларының, соның iшiнде жеке сектор саласындағы делегацияларының сапарларымен алмасуды көтермелейдi.
Екi ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында олардың көрмелерге қатысуларына қажеттi жеңiлдiктер жасайды.
Ғылым, мәдениет, бiлiм беру, спорт және жастар iсi салаларындағы ынтымақтастық
6 бап
Уағдаласушы Тараптар ғылым, мәдениет, бiлiм беру, спорт және жастар iсi салаларындағы ынтымақтастықты көтермелеуге күш-жiгерiн жұмсайды. Аталған ынтымақтастық мынандай салаларды қамтып отырып, олармен шектелiп қалмайды:
1. Мүдделiлiктi бiлдiретiн салалардағы ақпараттармен алмасу жолымен ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық, ресми өкiлдерiнiң, зерттеушiлердiң, сарапшылар мен мамандардың сапарларымен алмасу, зерттеушiлер мен техникалық персоналды даярлау, семинар мен ғылыми конферецияларға қатысу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу лабораториялары мен орталықтарды құру.
2. Мәдениет мекемелерi, қоғамдар, үкiмет мекемелерi және азаматтық ұйымдардың арасында бағдарламалармен алмасу жолымен мәдени саладағы ынтымақтастық, екi елде өткiзiлетiн конференцияларға және мәдени фестивальдарға қатысу, өзаралық негiзде екi елдiң өмiрi, халықтарының мұралары мен мәдениетi туралы ақпараттық және деректi фильмдердi көрсету, сапарлармен және тәжiрибе алмасу жолымен университеттер мен басқа оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу, мәдениет саласында кадрлар дайындау, араб тiлiн тарату және оқып үйрету саласындағы қызметтi үйлестiру.
3. Халықаралық және жалпымұсылмандық форумдарда бiрлесiп әрекет жасау жолымен спорт және жастар iсi саласындағы ынтымақтастық, спорт және жастар iсiмен айналысатын мекемелер, ұйымдар мен ассоциациялар арасындағы бағдарламалармен алмасу, осы саладағы құжаттармен, аудио және видио материалдармен, әдебиетпен және тәжiрибемен алмасу, сондай-ақ спорт және жастар iсi салаларында ресми өкiлдерiнiң сапарларымен алмасу, спорт және жастар iсi салаларында кадрлар даярлау, екi елде ұйымдастырылатын ұлттық, аймақтық және халықаралық конференциялар мен семинарларға қатынасу жолымен кадрлар алмасу бағдарламаларын даярлау.
Жалпы ережелер
7 бап
Уағдаласушы Тараптар қажет болғанда осы Келiсiмнiң орындалу барысын бақылау үшiн бiрлескен комиссия құра алады.
8 бап
1. Осы Келiсiм Тараптардың заңдарында көзделген барлық қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғаны туралы мәлiмдейтiн ноталармен алмасқан соң күшiне енедi.
2. Осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi күшiне енген күннен бастап бес жылға созылады және әрбiр ретте Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмiнiң бiтуiне алты ай қалғанда оның қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi туралы жазбаша түрде мәлiмдемесе, бiр жылға өздiгiнен ұзартылады.
3. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған жағдайда оның ережелерi аталған Келiсiмге сәйкес жасалған және оның қолданыс мерзiмi тоқтатылғанға дейiн толық орындалмаған бағдарламаларға, жобаларға, контрктiлерге және келiсiмдерге қатысты күшiн сақтайтын болады. Аталған ереже осы Келiсiмге сәйкес, бiрақ оның қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн орындалмаған құқықтарға, Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылғаннан кейiн туған қаражат және сауда мәселелерi мен мiндеттемелерiне, сондай-ақ мекемелердiң жойылуына байланысты қолданылатын болады. Бұл жайлар үкiмет құқықтары мен мiндеттемелерiмен қатар тараптардың жеке және заңды тұлғаларға жайылады.
Екi дана болып, әрқайсысы қазақ және араб тiлдерiнде жасалады, сондай-ақ екi текстiң күшi бiрдей.
Джидда қаласында 1994 ж. қыркүйек айының 27 жұлдызында жасалды, бұл қыжраның 1415 ж. Рағиб әс-Сәни айының жұлдызына сәйкес келедi.
Қазақстан Республикасының Сауд Аравиясы Корольдiгi
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн