Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1994 жылғы 16 желтоқсанда Вена қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау үшiн Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы бес миллион АҚШ доллары сомасындағы заем туралы Келiсiм Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бекiтуiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Австрия Республикасы, Заем берушi мен Қазақстан Республикасы, Заем алушы арасындағы Заем туралы Келiсiм 1994 жылғы 16 желтоқсан Мазмұны Беттерi I бап. Анықтамалар 4 II бап. Қаржы сомасы және заемды пайдалану 10 III бап. Есеп-шоттан алу 11 IV бап. Алдын ала шарттар 11 V бап. Өтеу және заемды алдын ала төлеу 13 VI бап. Өсiм мөлшерi және мерзiмiнде есептеспегенi үшiн төлем 15 VII бап. Төлемдер мен валюта 16 VIII бап.Салықтар мен алымдар 18 IX бап. Өкiлдiк және кепiлдiктер 19 X бап. Бағдарламаны орындау, ақпарат және қаржылық келiсiм 22 ХI бап. Ерекше жағдайлар 26 XII бап. Мiндеттемелердiң орындалмауы 27 XIII бап.Үстем заңдар мен заң құқығы 31 XIV бап. Әр түрлi 34 Қосымшалар А қосымшасы Есеп-шоттан алу үрдiсi 39 В қосымшасы Пайдалану кестесi 44 С қосымшасы Заем алушы елдiң Әдiлет министрi заңдық тұжырымының нысаны 45 D қосымшасы Процесске қызмет көрсету жөнiнде заем алушы агенттерiнiң келiсiмi 50 Заем туралы келiсiм --------------------- Заем берушi ретiнде (бұдан былай "Заем берушi" деп аталады) Федеральдық Қаржы министрлiгi атынан Австрия Республикасы мен Заем алушы ретiнде (бұдан былай "Заем алушы" деп аталады) Қаржы министрлiгi атынан Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 16 желтоқсандағы Заем туралы Келiсiм. Мыналарды ----------- куәландырады:
(A) Заем алушы (бұрын белгiленгенiндей) Әлемдiк Банктiң заемы туралы келiсiмде баяндалғанындай, Бағдарламаны орындау уақытысында қажеттi шектi импортты қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнен (бұдан былай "Әлемдiк Банк" деп аталады) қаржылай жәрдем сұрады.
(B) Әлемдiк Банк заем туралы келiсiмге кiрiсiп, Заем алушымен 1993 жылғы 15 қазандағы N 3649 KZ Заемы (кейiнiректе белгiленгенiндей, бұл құжат "Әлемдiк Банктiң заемы туралы келiсiм" сияқты мезгiл-мезгiл өзгерiске түсуi мүмкiн) бойынша Әлемдiк Банк кейiнiректе белгiленген немесе оларға сiлтеме жасалатын шарттармен бiр жүз сексен миллион (180 000 000 00АҚШ$) долларына барабар валютадағы қаражатты (бұдан былай "Әлемдiк Банк" заемы деп аталады) Заем алушыға бөлуге келiсiмiн бердi.
(C) Заем алушы Әлемдiк Банктiң "Басқа да импорттық тауарлар" (1 Кесте, (1) Бөлiм, (2) Санат) бабы бойынша қаржыландыруға арналған Әлемдiк Банктiң заемын қосымша қаржыландыру нысанында бес миллион АҚШ долларына (5 000. 000, 00 АҚШ $) барабар австрия шиллингiмен (ATS) тауарлар сатып алуға қатысты мiндеттемелерiн шектемейтiн заем бөлу туралы өтiнiшпен қайырылды.
(D) Австрия Республикасы кейiнiректе баяндалатын шарттармен
Әлемдiк Банктi тиiсiнше қосымша қаржыландыру нысанында заем алушыға заем беруге келiстi. Сонымен, осы арқылы, тараптар төмендегiлер туралы уағдаласты: I-бап Анықтамалар ------------- (1) Басқаша сөйлем құрамы қажет болмайынша, төмендегi сөздер мен сөз тiркестерi осы Келiсiмде, сондай-ақ оның қосымшаларында мынадай мағыналарды бiлдiредi: "Пайдалану кестесi": ---------------------- Баптың (2) Бөлiмiнде белгiленгенiндей; "Австрия шиллингi немесе АТS"; ------------------------------ Австрия Республикасының Валютасы; "Заем алушы ел": ------------------ Қазақстан Республикасы; "Бизнес күнi": --------------- Шетелдiк валютамен жұмыс iстеу үшiн Венада банктер және басқа да қаржылық мекемелер ашық болатын күн; "Есеп-шоттан алу": ------------------- III бапқа және есеп-шоттан алу Үрдiсiне сәйкес қаражатты есеп-шоттан алу; "Есеп шоттан алу күнi": ------------------------ белгiлi бiр есеп-шотқа төлем жүргiзiлген күн (А Қосымшасын қараңыз). "Есеп-шоттан алу кезеңi" -------------------------
Осы Келiсiм арқылы белгiленген күннен бастап 1995 жылғы 31 қазанда аяқталатын (аа) кезең, осы келiсiмге сәйкес қаражат төменделетін уақыттағы күнi осы келiсiмге байланысты доллардағы қаражат және (немесе) сома есеп-шоттан толық алынатын күн (bb) және тараптар келiсуi мүмкiн қандай да бiр күн (dd).
"Есеп-шоттан алу Үрдiсi"
------------------------
III баптың (1) Бөлiмiнде белгiленгендей;
"Мүмкiн болатын шығындар":
----------------------------
Бағдарлама бойынша мүмкiн болатын импорт құны Әлемдiк Банктiң заемы туралы Келiсiмнiң және заңдардың 2 (c) Бөлiмiнде (1 Кесте) белгiленбеген тармақтар үшiн Келiсiм ережелерiне сәйкес "Әлемдiк Банк Заемының басқа да импорттарында" (1 Кесте, 1 Бөлiм, 2 Санат)
белгiленген. "Қардарлық": ------------ кез келген қардарлық, кепiлдiк, берешекке арналған мүлiктi ұстау құқығы, жеңiлдiк, артықшылық құқығы, мiндеткерлiк немесе қалай және қашан пайда болғанына қарамастан осы тектес немесе сипаттас өсiмдiк бағалы қағаз; "Мiндеттемелердiң орындалмауы": -------------------------------- XII Бапта белгiленген кез келген оқиға; "Сыртқы берешек": ----------------- заем алушы елдiң заңды валютасынан өзгеше валютамен белгiленген, сипатталған немесе төленуге жататын берешек; "Қаржы": --------- II баптың (1) (a) бөлiмiнде баяндалған заем қаржысы; "Есеп-шоттан алудың ақтық күнi": ---------------------------------- Есеп-шоттан алудың соңғы күнi; "Жалпы шарттар": -----------------
Заемға және 1985 жылғы 1 қаңтардағы Әлемдiк Банктiң кепiлдiктерi туралы Келiсiмдерге қолданылатын жалпы шарттар;
"Берешек":
----------
кез келген Тұлғаға байланысты төмендегiлердi: (немесе осы Келiсiм қабылдаған күнге немесе қайталаусыз кез келген тиiстi уақытқа дейiн өтеу мерзiмi асқан соманы): (a) мұндай Тұлғаның заем ақшасы бойынша бүкiл берешегiн; (ә) меншiк немесе қызмет көрсету бойынша мерзiмi өткен сатып алу бағасына қарай бүкiл берешектi; (б) мұндай Тұлғаның аккредитив немесе банктiк акцептерге қатысты төлем бойынша бүкiл берешегiн; мұндай Тұлғаның облигациялармен, борыштық мiндеттемелермен, вексельдермен немесе басқа да осындай тетiктермен куәландырылған бүкiл берешегiн; (г) мұндай Тұлғаның капитал бойынша бүкiл берешегiн; және (д) барлық тiкелей және жанама кепiлдiктердi, авалды және осы Тұлғаға қатысты алдыңғы айтылғандарға ұқсас мiндеттемелердi және мұндай Тұлғаның кез келген алдыңғы тармақта көрсетiлгенiндей, осындай кез келген Тұлғаның берешегiне немесе мiндеттемелерiне қатысты
зиянына қарсы несие берушiлерге деген кепiлдiктерiн сатып алу немесе өзгеше тәсiлмен алу бойынша барлық мiндеттемелерiн бiлдiредi; "Өсiмдер": ----------- елу (50) негiзгi тармақтарды шегергендегi Австрия Республикасының ұзақ мерзiмдi заемын австрия шиллингiсiмен есеп-шоттан алу күнiнiң алдындағы соңғы эмиссияның нәтижесi; "Өсiмдi төлеу күнi": -------------------- Әрбiр жылдың 30-маусымы; "Заем": ------- заем алушыға осы келiсiмге байланысты берiлiп, есеп-шоттан алынатын негiзгi сома; "Австрия Республикасының австрия шиллингiсiндегi ұзақ мерзiмдi -------------------------------------------------------------- мiндеттемесi": ---------------
Австрия Республикасының мiндеттемелерiн шығару. Осы заемға тиесiлi өсiмдер бойынша елу (50) негiзгi пункттердi шегергендегi осы мiндеттеме (есеп-шоттан алу күнiнiң алдындағы соңғы эмиссия) нәтижесi.
"Ай":
-----
кез келген күнтiзбелiк айда белгiлi бiр күнгi басталып өзiнен кейiнгi күнтiзбелiк айдың тiкелей алдыңғы күнiмен аяқталатын кезең, егер одан кейiнгi күнтiзбелiк айда мұндай цифрға сәйкес келетiн тиiстi күн болмаса, мұндай кезең одан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың соңғы күнiн қоса алғандағы күнмен аяқталады және "Айға" сiлтеме жасалуын тиiсiнше түсiну керек;
"Тұлға": -------- жеке тұлға, корпорация, серiктестiк, бiрлескен кәсiпорын, трастылық компания, корпоративтi емес ұйым немесе кез келген басқа да заңды бiрлестiк, немесе егемен мемлекет немесе кез келген агенттiк, өкiлдiк немесе саяси бөлiк, сондай-ақ халықаралық ұйым, агенттiк немесе өкiлдiк. "Бағдарлама": ------------- Әлемдiк Банктiң заемы туралы Келiсiмде белгiленгенiндей; "Өтеу күнi": ------------ 2001 жылғы 30 маусымда басталып, 2010 жылғы 30 маусымда аяқталатын кезең уақытысында өсiмдi өтеудiң әрбiр күнi; "Есеп-шоттан қаржы алуға арналған мәлiмдеме": --------------------------------------------- есеп-шоттан алу үрдiсi белгiленген (А қосымшасы) нысанда заем алушы Австрия Республикасына табыс ететiн мәлiмдеме; "Шиллингтiк балама": -------------------- есеп-шоттан қаржы алудың долларлық сомадағы шиллингтiк баламасы; "Салық": --------
кез келген салық, алым, баж салығы, борыш, шығын, жарна, есептеп алу, ұстап қалу, шектеу немесе кез келген сипаттағы жағдай (жаппай алым мен осындай шығындарды шектеусiз қоса алғанда), бұлар осында төленедi немесе осы Келiсiмде ұстап қалынады (i) немесе Заем алушыға қатысты заңды құқықты орындайтын кез келген салықтық билiк (ii) (Австрия Республикасындағы салықтық билiктен
ерекшеленетiн) Заем алушының елiнде немесе оған қатысты кез келген салықтық билiкпен салық салынады немесе Заем алушы осы келiсiмге байланысты яки өзгеше тәсiлмен осы Келiсiмдi орындай отырып Заем алушы кез келген төлем жасайтын (iii) кез келген елде яки мемлекетте (Австрия Республикасынан ерекшеленетiн) салынатын салық; "АҚШ доллары немесе АҚШ $": --------------------------- Америка Құрама Штаттарының заңды валютасы; "Әлемдiк Банк": --------------- осы Келiсiмде баяндалып белгiленгенiндей; "Әлемдiк Банк Заемы": --------------------- осы Келiсiмде баяндалып белгiленгенiндей; "Әлемдiк Банк Заемы туралы Келiсiм": ------------------------------------ осы келiсiмде баяндалып белгiленгенiндей; "Сатып алулар бойынша Әлемдiк Банктiң басшылығы": -------------------------------------------------
Әлемдiк банк заемы мен 1992 жылғы мамырда Әлемдiк Банк шығарған IDA (Даму жөнiндегi Халықаралық агенттiк) несиелерiнiң шеңберiндегi сатып алулар бойынша басшылығы;
"Вена Үрдiс агентi":
--------------------
XIII Баптың 4 (а) Бөлiмiнде белгiленгенiндей;
(2) Осы келiсiмнiң баптары мен бөлiмдерiнiң аттары мен
мазмұны жұмысты жеңiлдету үшiн ғана енгiзiлген және осы Келiсiмнiң кез келген ережесiн түсiндiрiп талдауға ықпал етпейдi. (3) Келiсiмнiң қосымшалары осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгiн құрайды. (4) Осы Келiсiмдегi "осы келiсiм" сiлтемесi осы келiсiмдi бiлдiредi, алайда ол мезгiл-мезгiл толықтырылуы мүмкiн. (5) Сөйлем мағынасы талап еткен жерде жекеше мағынасы бар сөздердiң көптiк мағынасы да болады және керiсiнше. II-бап Қаржы сомасы және заемды пайдалану ------------------------------------ (1) (Орындау) -------------
(а) Австрия Республикасы осы арқылы осы шарттың шарттарына сәйкес заем алушыға жалпы сомасы бес миллион АҚШ долларына (5. 000. 000, 00 АҚШ $) (қаржы сомасы) барабар заем қаржысын австрия шиллингiмен беруге келiстi.
Қаржы мөлшерi А Қосымшасының (1) (2) (а) (i) бөлiмiнде белгiленгенiндей айырбас бағамына сәйкес есептелiнедi.
(2) (Заемды пайдалану)
-----------------------
(a) заем алушы заемның барлық қаржысын Әлемдiк Банктiң заемы туралы Келiсiмнiң (мүмкiн болатын шығындар) 2(c) Бөлiмiнiң 1 Кестесiнде белгiленбеген тармақтарға арналған осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес "Әлемдiк Банк заемы бойынша басқа да импорттарда "(1 Кесте, 1 Бөлiм, 2 Санат) белгiленген Бағдарлама жөнiндегi мүмкiн болатындай құндары бойынша импортты қаржыландырудың бiрден бiр мақсатымен ғана пайдаланатын болады. Заем есеп-шотынан қаржы алу басқа халықаралық қаржы көздерiнен, әсiресе халықаралық қаржылық институттар заемдарынан немесе оларға мүше мемлекет қосымша қаржыландырылатын iс жүзiндегi күнге (кедендiк мәлiмдеме жасау күнi) дейiн жүз сексен (180) күн iшiнде мүмкiн болатын бағыттағы импорттың есебiне жасалуы мүмкiн.
(b) Заем алушы осы Заемның қандай да болсын бөлiгiнiң қаражатын қандай да бiр салықтарды төлеуге пайдалану үшiн қайрылуға, өтiнiш жасауға немесе рұқсат беруге тиiс емес немесе кез келген қаржыландырылған немесе қаржыландыру көзделген шығындардың қандай да бiр бөлiгi осы Келiсiм бойынша Австрия Республикасынан ерекшеленетiн қаржы көздерiнен жүргiзiлмеуге тиiс. III-бап Есеп-шоттан алу ------------------ (1) (Есеп-шоттан алу үрдiсi). IV Бапта көрсетiлген шарттарға ---------------------------- және осы келiсiмнiң басқа да шарттарына сәйкес Австрия Республикасы есеп-шоттан одан әрi А қосымшасында белгiленген есеп-шоттан алу үрдiсiне сәйкес немесе тараптар өзара келiсуi мүмкiн өзге де үрдiске сәйкес қаржы алатын болады. (2) (Есеп-шоттан алудың ақтық күнi). Есеп-шоттан алу, Австрия ------------------------------------ Республикасымен жазбаша түрде басқадай тәртiпке келiспейiнше, 1995 жылғы 31 қазанға дейiн жүргiзiлетiн болады. IV-бап Алдын алу шарттар ------------------- (1) (Есеп-шоттан алудың шарттары). Осы келiсiм осы келiсiмде ---------------------------------белгiленген күнi, алайда, мынадай шарттармен күшiне енедi, Австрия Республикасы осы шартқа сәйкес қандай да бiр мiндеттемелер алмайтын болады және қандай да бiр есеп-шоттан алу Австрия Республикасы әрқайсысы тиiстi нысандағы сондай-ақ мән-мағынасы бойынша Австрия Республикасын барлық тұрғысынан да қанағаттандыратын төмендегi күллi құжаттарды:
(i) Австрия Республикасы заңды түрде талап ете алатын, әсiресе, С Қосымшасында көрсетiлгенiндей нысан бойынша Заем алушы елдiң Әдiлет министрiнiң заңдық тұжырымын қоса алғанда, осындай заңдық тұжырымды; (егер кез келген ескертулер кез келген осындай заңдық тұжырымға жасалатын жағдайда, мұндай ескертулерге мұның заңдық негiздемесiнiң егжей-тегжейлi түсiнiктерi енетiн болады және Австрия Республикасын қанағаттандыратын болады).
(ii) Заем алушы атынан осы келiсiмге қол қойған (aa) және осы Шарт бойынша талап етiлетiн мәлiмдемелерге, баяндамаларға, сертификаттарға және басқа да құжаттарға қол қоятын (бб) әрi осы келiсiмдi орындау мен басқаруға қатысты Заем алушының өкiлi ретiнде жұмыс iстейтiн әрбiр тұлға өкiлеттiгiнiң құжат түрiндегi куәлiгiн; (мұндай құжат түрiндегi куәлiкке Заем алушының осы Келiсiмдi және осы Келiсiм шарттары бойынша көзделген операцияларды орындау, жеткiзiп беру және жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiгiн куәландыру үшiн қабылдаған немесе алған үкiметтiк барлық актiлерi мен рұқсаттарының куәландырылған көшiрмелерi және өкiлеттiгi бар қойылған қолдың үлгiлерi, сондай-ақ текс бойынша жоғарыдағы (aa) және (бб) тармақтарында баяндалатын әрбiр тұлғаға қатысты мiндеттемелердi бөлетiн сертификат енуге тиiс);
(iii) заем алушының құқығы мен өкiлеттiгiне және осы келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына қатысты барлық тиiстi заңдардың куәландырылған көшiрмелерiн;
(iv) заем алушының Вена үрдiс агентiнiң D Қосымшасында белгiленген нысанындағы келiсiмiн;
(v) Австрия Республикасы осы келiсiмге қатысты заңды түрде талап ете алатын басқа да құжаттарды, куәлiктердi, материалдарды және ақпаратты (қаржылық сондай-ақ басқа да) алған уақытқа дейiн атқарылмайтын болады.
Заем алушы осы келiсiм арқылы жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттарды осы жерде белгiленген күннен бастап ең қысқа уақытта Австрия Республикасына жеткiзiп беру жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
(2) Оның үстiне, осы жерде бар қандай да бiр қайшылықтарға қарамастан, осы келiсiмге сәйкес есеп-шоттан алу жөнiндегi Австрия Республикасының мiндеттемесi төмендегi шарттардың тақырыбы бола алады:
(a) есеп-шоттан алу күнiне қатысты айтсақ, есеп-шоттан алу уақыт өте келе мiндеттемелердiң орындалмауы ретiнде есептелуi мүмкiн, сондай-ақ есеп-шоттан алу нәтижесiне есеп етуi мүмкiн мiндеттемелердiң орындалмауына, басқа жағдайларға келмейдi.
(b) осы келiсiм бойынша заем алушы табыс еткен немесе берген барлық өкiлдiктерi мен кепiлдiктерi есеп-шоттан алу күнi де барлық материалдар тұрғысынан өз күшiнде қалады;
(c) Есеп-шоттан алу осы келiсiмге сәйкес есеп-шоттан қаржы алу күнi Әлемдiк банктiң заем туралы келiсiмi күшiне енетiн жағдайларда ғана жүргiзiлетiн болады.
V-бап
Төлем және заемды алдын ала төлеу
-----------------------------------
(1) (Есеп-шоттан алынған заем қаражатының төлемi)
Заем алушы есеп-шоттан алынған негiзгi соманың оннан бiрiне (1/10) тең соманы қаржыны қайтарудың әрбiр күнi Австрия Республикасына төлейдi.
(2) (Пайдалану кестесi)
Есеп-шоттан алу күнiнен кейiн Австрия Республикасы заем алушының әрбiр өтеу күнiнен арналған өтемi үшiн әрбiр кезектi жарнаның сомасы белгiленетiн ("Пайдалану кестесi") В Қосымшасындағы нысан бойынша пайдалану кестесiн әзiрлейдi және заем алушыға кiдiртпестен жiбередi, бұл орайда аталған сома осы V баптың 1 Бөлiмiнде белгiленгенiндей есептелiнедi. Соманың негiзгi бөлiгiн пайдалану 2001 жылғы 30 маусымда басталады және 2010 жылғы 30 маусымда аяқталады. Егер қателiктерi байқалмаса, мұндай пайдалану кестесiнiң және оған жасалған барлық түзетулердiң күшi болады.
Егер пайдалану кестесiне түзетулер жасалатын болса, Австрия Республикасы жаңа, түзетiлген кесте жасайды және Австрия Республикасы жаңа кестенiң көшiрмесiн заем алушыға кiдiрiссiз жөнелтедi.
(3) (Алдын ала төлеу) Өтеу күнiнен кейiнгi келесi күннiң кез келген уақытысында және Австрия Республикасына 30 күн бұрын керi қайтарып алуға жатпайтын хабарламаны жiбергеннен кейiн заем алушы Австрия Республикасы үшiн қолайлы күнi:
(i) Барлық төленбеген заем сомасына;
(ii) мұндай алдын ала төлем күнiн қоса алғанда, сол күнге дейiнгi тиiстi өсiмдерiмен қоса жүргiзiлген алдын ала төлемнен кейiн бiрде бiр бөлiгi төлеусiз қалмайтын осындай алдын ала төлем шарттарымен берiлетiн қандай да бiр немесе одан да көп iшiнара төлемдердiң барлық сомасына аванс төлей алады, мұның баяндалғандарға байланысты кейiн төлеуге жататын кез келген басқа да сомаларға қатысы бар.
(b) Заем алушы Жалпы Шарттардың 3.04 (в) бөлiмiне сәйкес Әлемдiк банк заемын алдын ала төлеудi тұтас немесе iшiнара жүргiзген жағдайда, ол мұны алдын ала төлеу күнiне немесе Австрия Республикасының талап етуi бойынша Австрия Республикасына төлейдi яки осындай алдын ала төлеу күнiнiң тiкелей алдындағы күнге тиесiлi өсiмдердi қоса алғанда заемның бiр бөлiгi, мұндағы мақсат алдын ала төленген заем сомасы мұндай алдын ала төленбеген заемның негiзгi қаржысының арасындағы ара қатынасы Әлемдiк Банк заемның осындай алдын ала төлеуге дейiн төленбеген Әлемдiк Банк Заемы негiзгi сомасына Әлемдiк Банк заемының алдын ала төленген сомасының ара қатынасына ұқсас болуға тиiс.
Заем алушы Австрия Республикасының Қаржы министрлiгiн жазбаша ескертедi және бiр мезгiлде жалпы шарттардың 3.04 (b) бөлiмiне сәйкес Әлемдiк Банктi жазбаша ескертедi.
(с) Кез келген алдын ала төлемнiң күнiн тағайындағаннан кейiн,
ол күн (3) бөлiмге сәйкес алдын ала төлеуге немесе төлемге тиесiлi негiзгi сома мен өнiмдер жөнiндегi төлем үшiн ақтық күн деп саналады және заем алушы осы күнге көрсетiлген негiзгi соманы немесе өсiмдi төлейтiндей жәй-күйi болмаса, заем алушы текс бойынша төмендегi VI Баптың (2) Бөлiмiне сәйкес негiзгi сома мен өсiмдi мерзiмiнде есептеспегенi үшiн айыппұл төлеуге тиiс. (d) Алдын ала төлеу бойынша төленген сомалар заем ретiнде қайта берiлмейдi. VI-бап Өсiм мөлшерi және мерзiмiнде есептелмегенi үшiн ------------------------------------------------- төлем (1) (Өсiм мөлшерi) -------------------
(a) Есеп-шоттан қаржы алу 50 негiзгi пункттердi шегергендегi Австрия Республикасының ұзақ мерзiмдi австрия шиллингiсiндегi мiндеттемесiн есеп-шоттан алу күнiнiң алдындағы соңғы эмиссиясының нәтижесiне тең бiр жылдық өсiм мөлшерiн есепке алады.
Австрия Республикасы осы келiсiмге сәйкес есеп-шоттан алуға қолданылатын өсiм мөлшерiн есеп-шоттан алу күнiне орай белгiлейдi, ол туралы заем алушыны кiдiрiссiз жазбаша ескертедi. Айқын қателiктердi есептемегенде Австрия Республикасы белгiлеген өсiм мөлшерi түпкiлiктi болып табылады. Мұндай өсiм мөлшерi берешек ретiнде өнiмдердi төлеудiң әрбiр күнi төленуге тиiстi. Төлемнiң алғашқы кезеңi есеп-шоттан алу жүргiзiлген күннен басталады сондай-ақ ол күндi өзiне қосады және өсiмдердi төлеудiң алғашқы күнiнен, ол күндi есептемегенде, аяқталады. Өсiмдердi төлеудiң келесi кезеңi өсiмдердi төлеу күнiнiң тiкелей алдындағы күннен басталады сондай-ақ ол күндi өзiне қосады және өсiмдердi төлеудiң алдындағы күнiн қоспайды.
(2) (Мерзiмiнде есептеспегенi үшiн төлем)
------------------------------------------
Егер заем алушы осы келiсiмде белгiленген мерзiмде осы келiсiм бойынша тиесiлi борыштың негiзгi бөлiгiн немесе өсiмдi төлемесе, онда заем алушы Австрия Қаржы министрлiгiне оның талабы бойынша немесе сот шешiмi бойынша мерзiмiнде есептеспеген сома бойынша өсiмдi немесе екi (2%) процент сомасына тең (i) жылдық өсiмдi төлейдi, оған қоса (ii) (aa) мерзiмiнде есептеспеген негiзгi сома жағдайында мерзiмiнде есептеспеген негiзгi сомаға қатысты VI (1) Бапта белгiленгенiндей өсiм ставкасы пайдаланылады немесе (bb) мерзiмiнде есептеспеген өсiм жағдайында негiзгi сомаға қолданылатын проценттiк ставка қолданылады, ол бойынша осы келiсiмде белгiленген күннен бастап және оны қоса алғанда және iс жүзiндегi төлем күнiнiң тiкелей алдындағы күндi қоса алғанда (текс бойынша әрi қарай "Кiдiрту кезеңi") осы кезең iшiндегi әрбiр күн үшiн әрбiр жағдайда мерзiмiнде есептеспегенi үшiн өсiм есептеп шығарылады. Кiдiрту кезеңi iшiнде кез келген мерзiмiнде
есептеспеген негiзгi төлем немесе өсiм үшiн аталған VI Баптың (1) Бөлiмiнде белгiленген ставка бойынша өсiм қосылмайды. (3) (Есеп айырысуға арналған негiз) ----------------------------------- Өсiмдер күн сайын қосылады және үш жүз алпыс бес (365) күндiк жыл негiзiнде және өткен күндердiң iс жүзiндегi санымен есептелiп шығарылады (бiр шиллингтен кем сома (1 австрия шиллингiсi) есепке алынбайды). VII-бап Төлемдер және валюта ---------------------- (1) (Төлем орны мен уақытысы) -------------------------------
Осы Келiсiмге сәйкес заем алушының барлық төлемдерi мүмкiн болатын қаражатта австрия шиллингiсiмен Австрия Республикасының Австриялық Ұлттық Банкiнiң ағымдағы есеп-шотында, есеп-шот нөмiрi 1-1000-7, осы келiсiмге сәйкес төлеудiң тиiстi күнi австрия уақытысынан 11.00 сағаттан кешiктiрiлместен жүргiзiледi және белгiлi бiр осындай күнге, бiрақ көрсетiлген уақыттан кейiн жасалған мұндай кез келген төлем келесi бизнес күнi жасалған деп саналады және текс бойынша жоғарыдағы VI баптың (2) Бөлiмiне сәйкес мұндай төлемге арналған өсiм есептелiп қосылатын болады және төленуге жатады.
(2) (Бизнес күнi жүргiзiлетiн төлемдер)
---------------------------------------
Егер осы келiсiмге сәйкес заем алушы жүргiзетiн кез келген төлем бизнес күнi болып табылмайтын кез келген күнге сай келсе, онда мұндай төлем ол күннен кейiн келетiн алғашқы бизнес күнi жасалуға тиiс және оған қосымша өсiм немесе айыппұл салынбайтын болады.
(3) (Салықтан босатылатын төлемдер)
-----------------------------------
Осы келiсiмге сәйкес заем алушы жүргiзетiн төлемдер кез келген қарсы талаптың есебiнен азаймауға тиiс. Егер кез келген қарсы төлем (осы сөйлемде сөз болып отырған төлемдi) салық есебiнен азайтылса, Заем алушы келесi төлемнiң есебiнен салық сомасының орнын толтыруға тиiс. Егер Австрия Республикасына салық сомасы есептелiнiп алынбаған осындай төлем үшiн төлеуге тура келсе немесе осы келiсiмге сәйкес жүргiзiлетiн және төлеуге жататын кез келген төлемдерге қолданылатын салықтарға байланысты шығын тартса, онда заем алушы Австрия Республикасының талабы бойынша өндiрiлген салықтың немесе кұнның мөлшерiндегi төлемнiң орнын толтыруға тиiс.
(4) (Австрия шиллингiсiмен төлеу)
--------------------------------
Осы келiсiмге сәйкес төлемдердi австрия шиллингiсiмен жүргiзудегi Заем алушының мiндеттемесi шиллингпен қатар Австрия Республикасы кез келген тиiстi уақытта өзiне тиесiлi соманы шиллингпен толық ала алатындай амалмен белгiленген, төленген, жүргiзiлген немесе кез келген өзге өтiмдi валютамен сипатталған осындай соманы, ұсынысты немесе өтеудi (сот немесе кез келген басқа да шешiмге сәйкес) есептемегенде, кез келген басқа валютамен белгiленген, төленген немесе өзгерiске түскен кез келген сома, ұсыныс немесе өтеу есебiнен азаймайды немесе орындалмайды және Заем алушының тиiсiнше мұндай мiндеттемесi шиллинг сомасын өтеу мақсатындағы балама немесе қосымша iс-қимыл ретiнде соманы шиллингпен уақтылы төлеу қамтамасыз етiледi және осы iс-қимылға осы Келiсiмге сәйкес төлеуге жататын кез келген басқа сомаға қатысты қолданылатын сот шешiмi ықпал етпейдi.
(5) (Толық емес төлем)
----------------------
Егер осы келiсiмге сәйкес заем алушы жүргiзетiн кез келген төлем сомасы iс жүзiндегi төлем күнi талап етiлетiнiнен аз болса, онда заем алушы осы келiсiмге сәйкес қандай да бiр қаржы бөлудi жасау жөнiнде өзi иемденуi мүмкiн құқықтан бас тартты деп саналатын болады және Австрия Республикасы жасалған төлемдi борышты өтеу есебiне жатқызуды немесе осындай күнге тиесiлi яки мерзiмiнде есептеспеген төлемнiң бiр бөлiгiн немесе барлық соманы төлетудi Австрия Республикасы белгiлейтiн тәртiппен қолдана алады.
VIII-бап
Салықтар мен алымдар
--------------------
(Салықтарды және банктердiң комиссиялық төлемдерiн өтеу)
--------------------------------------------------------
Заем алушы Австрия Республикасына келесi шығындардың:
(a) Осы келiсiмдi орындауға, табыс етуге, тiркеуге және жүзеге асыруға (қабылдауға болатын дәлелдердi шектеусiз қоса алғанда) немесе келiсiм бойынша жасалған кез келген шешiмiн немесе қарарын алуға яқи орындауға байланысты кез келген заң және үкiмет органдары таңуы мүмкiн барлық соттың баж салығының, жаппай немесе тiркеу алымдарының, немесе басқа да шығындардың, салықтардың немесе кез келген айыппұлдардың немесе осы келiсiмге сәйкес өсiмдердiң;
(б) барлық банктiк комиссиялық төлемдердiң немесе алымдардың, егер бұл өзi осы келiсiмге сәйкес есеп-шоттан алуға байланысты туындаса, сондай-ақ төлемдердiң, өтеудiң немесе негiзгi соманың алдын ала төлемiнiң, осы келiсiм бойынша Австрия Республикасы зиян
тартқан өсiмдердiң немесе кез келген басқа да шағындардың; және (c) IV Баптың (1) Бөлiмiнiң (i)-(v) тарауларында белгiленген құжаттарды, тұжырымдамаларды, сараптық бағалауларды алуға және жеткiзiп беруге байланысты жұмсалған қаражаттың және шығындардың орнын толтырып, өтеуге тиiс. IХ-бап Өкiлдiктер және кепiлдiктер -------------------------- (1) (Өкiлеттiк) ---------------
Заем алушы осы келiсiмдi жасау, заем алу, осыдан келiп туындайтын барлық шарттарды орындау мен сақтау үшiн барлық құқықтар мен өкiлдiктердi иемденедi. Осы келiсiмдi орындау, табыс ету және жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ осы заемды алуға заем алушыға өкiлеттiк беретiн осы келiсiмде көзделген барлық заңды iс-қимыл мен iс-қимылды мақұлдау үшiн қажеттi үрдiстi заем алушы өзiне жүктейдi және орындайды.
(2) (Келiсiм және үкiмет iс-қимылы)
-----------------------------------
Бұл Келiсiм Қазақстан Республикасының Парламентiнде бекiтiлуге тиiс. Осы Келiсiмдi (i) орындау, табыс ету және жүзеге асыруға немесе осыған байланысты талап етiлетiн кез келген келiсiм мен iс-қимылға немесе ұтымдылығын және осы келiсiмнен туындайтындарды өмiрге енгiзуге (ii), заем алуға (iii), осыған сүйенiп, заем алушының австрия шиллингiсiндегi барлық тиесiлi соманы төлеуiне қатысты заем алушы елдiң жоғарыда аталғаннан басқа кез келген органының, департаментiнiң немесе комиссияның өкiлеттi рұқсаты, лицензиясы, мақұлдауы немесе келiсiмi, тiркеуi, хаттама жүргiзуi немесе белгiлеуi талап етiлмейдi және ұсынылмайды.
(3) (Мiндеттiлiк)
-----------------
Заем алушының өкiлеттi өкiлi тиiстi түрде орындаған және ресми табыс еткен осы келiсiм, келiсiм шарттарына сәйкес заем алушыға қатысы тұрғысынан қолданылатын заем алушының заңды, әрекеттi және әдiлеттi мiндеттемесi болып табылады.
(4) (Заңдарды сақтау)
----------------------
Есеп-шоттан қаржы алуға арналған шарттарды және ол үшiн қажеттi барлық құжаттарды ескертетiн II Баптың 2 параграфындағы ереженi есептемегенде, осы келiсiмдi орындау, жеткiзiп беру және жүзеге асыру (a) кез келген келiсiмнiң кез келген ережесiне немесе Заем алушы пайдаланатын немесе Заем алушы сол арқылы өзiнiң активтерiмен мiндеттеме алатын басқа да құжатқа; (b) заем алушыға қолданылатын кез келген шартқа, заңға немесе заң актiсiне; (c) заем алушы мен оның кез келген активтерi үшiн мiндеттi болып табылатын кез келген үкiмге, бұйрық немесе жарлыққа қол қоюға қайшы келмейдi, бұрмаламайды және осы баптың (а), (в), (c) тармақтарының орындалмай қалуына ықпал етпейдi.
(5) (Мiндеттемелердi орындау)
------------------------------
Осы келiсiмге сәйкес заем алушының немесе оның активтерiнiң қатысы бар осы немесе қандай да бiр келiсiм, қардарлық, контракты, вексель немесе басқа құжат бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына әкелiп соққан немесе уақыт өте келе әкелiп соғуы мүмкiн есеп-шоттан алуға қатысты құбылыс болған жоқ, болып жатқан жоқ және болмайтын болады.
(6) (Дау)
----------
Заем алушыға немесе Бағдарламаның орындалуына, аяқталуына немесе оның қолданысына материалдық жағынан немесе қолайлы емес түрде ықпал етуi мүмкiн немесе заем алушының осы келiсiм бойынша мiндеттемесiн орындау қабiлетiне материалдық жағынан сондай-ақ жағымсыз түрде ықпал ететiн немесе осы келiсiмнiң кез келген ережесiнiң заңды құқықтық әдiлеттiлiгiн, әрекеттiлiгiн яки мiндеттiлiгiн күмәнды жағдайға қоятын заем алушының ағымдағы яки алдында тұрған заңды әкiмшiлiк немесе басқа да iс-қимыл, талаптар немесе басқа да ағымдағы сот жүргiзу iсi болмайды.
(7) (Салықтар)
---------------
Заем алушы елдiң заңдарына сәйкес осы келiсiмдi орындауға және жеткiзiп беруге немесе осында туындайтын жүзеге асыруға немесе айғақтарды қолдануға немесе осында туындайтын күшiне енуге немесе осы келiсiмге сүйенiп жасалуға тиiстi кез келген төлемге салықтар (ұстап қалу немесе басқа да жол арқылы) салынбайды.
(8) (Тең жағдай)
----------------
Заем алушының осы келiсiм бойынша ақшалай және басқа да мiндеттемелерi заем алушының сөзсiз және негiзгi мiндеттемелерi болып табылады және олар, заем алушының қалай болғанда да қазiргi немесе келешектегi қамтамасыз етiлмеген және субординирацияланбаған барлық қалған берешектерiмен (шын мәнiндегi және шартты түрдегi) тең деп танылуы тиiс.
(9) (Коммерциялық қызмет)
---------------------------
Заем алушы осы келiсiмге сәйкес мiндеттемелерiне қатысты азаматтық және коммерциялық заңдардың ықпалында болады. Осы келiсiмдi орындау, сондай-ақ заем алушының iс-қимылы және оның осы келiсiм бойынша мiндеттемелерiн сақтауы - Заем алушы елiнiң заңдарына сәйкес үкiметтiк және мемлекеттiк iс-қимыл деп емес, жеке және коммерциялық iс-қимыл ретiнде бағаланатын болады. Заем алушы елдiң сот жүргiзу iсiн шектеусiз қоса алғанда, кез келген елдiң сот жүргiзу iсi бойынша осы келiсiм жөнiндегi мiндеттемелерiне қатысты сот жүргiзу iсiнiң талқылауына және сот шешiмiне қарсы иммунитетi болмайды.
(10) (Келiсiмдi орындауға қатысты сот iсiн жүргiзу)
----------------------------------------------------
Осы келiсiмдi орындау бойынша заем алушы елiндегi кез келген соттық талқылау үшiн осы келiсiмге сәйкес үстем заң ретiнде австрия заңдарын таңдау мойындалатын болады және бұл заңдар қолданылатын болады. Заем алушының иммунитеттен бас тартуы, заем алушының Вена коммерциялық сотының заңды құқығына сөзсiз бағынуы (аймақтық соттың заңды құқығына жатпайтын ақшалық талқылаулар үшiн Венадағы коммерциялық округтiк сот (Bezirksgericht Handeissachen Wien) тиiстi сот болып табылады) және заем алушының австриялық үрдiс агентiн тағайындауы заңды, әдiлеттi және мiндеттi, сондай-ақ Австрияда қабылданған кез келген сот шешiмi заем алушыға және оның заем алушының елiндегi активтерiне қатысты орындалуы үшiн мiндеттi деп танылатын болады.
Осы келiсiм заемы алушы елiнiң заңдарына сәйкес заңдық нысанда жасалды және ол заем алушы елдiң соттарында қарала алады.
Осы келiсiмге сәйкес талап етiлетiн осы келiсiм немесе кез келген құжат немесе келiсiм кез келген мемлекеттiк мекемеде немесе заем алушы елдiң қандай да бiр жерiнде осы келiсiмге сәйкес оның ұтымдылығын, заңды күшiн, тиiмдiлiгiн, орындаудың мiндеттiлiгiн немесе орындаудың заңдылығын айғақтау үшiн тiркеуге, белгiлеуге, немесе қандай да бiр хаттама жүргiзуге жатпайды.
(11) Қолданылу мерзiмi
-----------------------
Заем алушының жоғарыда текс бойынша жасалған және табыс етiлген өкiлдiгi мен кепiлдiктерi тұрақты болып табылады және осы келiсiмнiң басқа қолданылу мерзiмi бойына қолданылатын болады және шынайы нақтылы жағдайды ескерiп, есеп-шоттан алу күнiне, сондай-ақ осы күнге қатысты заем алушы қайталап отыратын болады.
Х-бап
Бағдарламаны орындау, ақпарат және қаржылық келiсiм
------------------------------------------------------
Заем алушы осы келiсiмнiң басталған күнiнен бастап және осы келiсiмге сәйкес төлеуге жататын төленбеген кез келген сома қалған уақытқа дейiн уағдаласады және келiседi.
(1) (Консультациялар мен ресми сапарлар)
-----------------------------------------
Заем алушы осы келiсiм жөнiндегi орындау мен басқаруға қатысты Австрия Республикасының өтiнiшi бойынша мезгiл-мезгiл Австрия Республикасымен консультация өткiзетiн болады.
Заем алушы осы келiсiмдi орындау мақсатында Австрия Республикасы өкiлдерiнiң заем алушы ел аумағының кез келген бөлiгiнде болуына мүмкiндiк беруге тиiс.
(2) (Хабарлама)
---------------
(a) Заем алушы Заем алушыға немесе Бағдарламаға материалдық жағынан ықпал ететiн кез келген заңдардың, жарлықтардың және қалыпты актiлердiң қолданысы туралы (i), Бағдарламаның орындалуына, аяқталуына қауiп төндiретiн яки кедергi келтiретiн жағдайлар мен оқиғалар туралы (ii) Австрия Республикасына кiдiрiссiз хабарлауға тиiс.
(b) заем алушы мiндеттемелердiң орындалуының кез келген жағдайы туралы немесе уақыт өте келе мiндеттемелердiң орындалмауына әкелiп соғуы мүмкiн кез келген жағдай туралы белгiлi болысымен немесе осы екi жағдайдың да белгiлерi пайда болысымен немесе заем алушының осы келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн орындауына қауiп туғызатын немесе кедергi келтiретiн басқа да жағдайлар туралы Австрия Республикасын жазбаша түрде ескертуге тиiс.
(3) (Сатып алулар)
------------------
Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар сатып алу Жалпы шарттардың 5.01 Бөлiмiнiң ережелерiне және Әлемдiк Банктiң заем туралы келiсiмiнiң 3 Кестесiне сәйкес жүргiзiлуi, реттелуi және қолданылуы тиiс.
Заем алушы сатып алулар бойынша Әлемдiк Банк басшылығының соңғы мәлiметтер көрiнiс тапқан, толық және жаңа көшiрмесiн Әлемдiк Банктен өзiнiң алғанын айғақтайды.
(4) (Қоршаған ортаны қорғау)
----------------------------
Заем алушы ауаның, судың ластануы, өндiрiстiк қалдықтарды өңдеу секiлдi осындай бағыттарға тиiстi назар аудара отырып және олармен шектелмей, тұтас алғанда қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға назар бөлуге мiндеттi.
(5) (Жазбалар мен есеп-қисаптар)
--------------------------------
Заем алушы жалпыға бiрдей бухгалтерлiк практикаға сәйкес, заем қаржысының қаржыландырылатын шығындар ұқсас бейнеленетiн жазбалар мен есеп-қисапты тиiстi түрде жүргiзедi.
(в) Заем алушы:
(i) Әлемдiк Банк заемдарын аудиттеу үшiн тәуелсiз аудиторлар тұрақты түрде қолданатын қағидаттарға сәйкес осы (a) параграфында аталатын жазбалар мен есеп-қисапты;
(ii) мүмкiн-қадарынша кiдiріссiз, бiрақ әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн әрi кеткенде алты (b) айда мұндай аудиторлық тексеру қорытындысының куәландырылған көшiрмесiн Австрия Республикасына табыс етуге; бұл орайда, мұндай анықтаманың көлемi мен егжей-тегжейiн Австрия Республикасы белгiлейдi, және
(iii) Австрия Республикасының сұрау салуына сәйкес көрсетiлген жазбаларға, есеп-қисаптарға және аудитке қатысты кез келген басқа да ақпаратты Австрия Республикасына табыс етуге тиiс.
(c) Заем алушы шығындар сметасының негiзiнде жасалған есеп-шоттан алуға қатысты барлық шығындар үшiн:
(i) мұндай шығындар көрiнiс табатын жазбалар мен есеп-қисаптар жүргiзудi осы бөлiмнiң (a) параграфына сәйкес қамтамасыз етуге;
(ii) есеп-шоттан соңғы алу күнiнен бастап, қалай болғанда да мұндай шығындарды айғақтайтын барлық жазбаларды екi (2) жыл бойы сақтауға;
(iii) мұндай жазбалар мен есеп-қисапты тексеруге Австрия Республикасының өкiлдерiне мүмкiндiк беруге; және
(IV) осы бөлiмнiң (b) параграфына сәйкес аудиторлық шолуларда жазбалар мен есеп-қисаптардың мәлiметтерiн қамтамасыз етуге тиiс; сондай-ақ мұндай аудитте шығындар сметасы бойынша табыс етiлген, оларды әзiрлеу жөнiндегi үрдiстерi және iшкi бақылауымен қатар аудиторлардың айрықша пiкiрi де болуы керек және мұндай мәлiметтер есеп-шоттан тиiстi алуды қуаттауға тиiс.
(7) (Бағдарламаны орындау) -------------------------- Заем алушы бағдарламаны орындау процесiнде қол жеткен прогресс бойынша Әлемдiк Банктiң заемы туралы келiсiмнiң 3.01 (a) бөлiмiне (d) және Әлемдiк банктiң заемы туралы келiсiмге жататын аталған хаттағы iс-қимылға, сондай-ақ (b) Әлемдiк банк орындайтын бағдарлама бойынша кез келген қадағалау мiндетiне сәйкес кез келген пiкiр алмасуға Австрия Республикасы өкiлдерiнiң қатысуына қарсылық бiлдiрмеуге тиiс. ХI-бап Ерекше жағдайлар ------------------ (1) (Қардарлық мiндеттемелердiң болмауы) -----------------------------------------
(a) Кез келген мемлекеттiк активтер бойынша (осы келiсiмде белгiленгенiндей) қардарлық мiндеттемелер пайда болған кезде шетелдiк валютаны бөлу, тарату немесе орналастыру жөнiндегi осындай сыртқы берешекке байланысты несие берушiнiң табыс алу басымдығына әкелуi мүмкiн сыртқы берешек бойынша мiндеттеме ретiндегi мұндай қардарлық мiндеттеме заем берушiнiң ерекше келiсiмiнсiз, айрықша факт бойынша заем берушiнi қосымша шығынға ұшыратпауы және сол сияқты салық салынуына орай негiзгi соманың, өсiм ставкаларының және заем бойынша басқа да комиссиялық төлемдердiң қайтарылуын қамтамасыз етуi тиiс. Осындай қардарлық мiндеттеме пайда болған кезде заем алушы мұны күнi бұрын қарау керек, алайда, егер бұл қандай да бiр заңды себеппен активтер бойынша кез келген қардарлық мiндеттеме жөнiнде немесе кез келген саяси яки әкiмшiлiк бөлiмшелерiне қатысты орындалмайтын болса, заем алушы Австрия Республикасы үшiн қолайлы қардарлық мiндеттемелерге немесе басқа да мемлекеттiк активтерге барабар негiзгi соманың, өсiмнiң, комиссиялық төлемдер мен заемға байланысты өзге шығындардың сақталуын заем берушiге нұқсан келтiрмей дереу қамтамасыз етедi.
(1) бөлiмде атап көрсетiлгендей "мемлекеттiк активтер" терминi заем алушының, кез келген саяси немесе әкiмшiлiк бөлiмшенiң немесе кез келген кәсiпорынның активтерiн бiлдiредi, бұларды заем алушы иемденедi, бақылайды, шотына иелiк етедi немесе табыс табады, немесе мұндай бөлiмше, алтынды, орталық банктiң немесе тұрақты айырбас қорының қызметiн атқарушы кез келген мекемеде сақталатын шетелдiк валютадағы активтердi қоса алғанда, немесе заем алушы үшiн осыған ұқсас функциялар, күдiк туғызбау үшiн, "активтер" терминi мүлiктi, табысты және кез келген талапты да қамтиды.
(b) Осы бөлiмнiң кейiнгi ережелерi мүлiк бойынша кез келген қардарлық мiндеттемеге, мұндай мүлiктiң тек сатып алу құнының төлемi ретiнде ғана сатып алуға жататын, немесе (ii) берешек әуел бастап пайда болған күннен бастап бiр (i) жылдан аспайтын
кез келген қардарлық мiндеттемеге қолданылмауы тиiс. (2) Тең жағдайлар ------------------ Заем алушының осы келiсiм бойынша мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгi ең берi салғанда заем алушының қазiргi уақыттағы немесе болашақтағы барлық қамтамасыз етiлмеген және бағынысты емес ерекшелiктерiне (iс жүзiндегi, сондай-ақ шектеулi шарттарымен) теңестiрiлуi тиiс. ХII-бап Орындалмаған мiндеттемелер ---------------------------
(1) Төмендегi ахуалдардың кез келгенi туындаған жағдайда (олардың әрқайсысы мiндеттемелердi орындамау болып есептеледi):
(a) Заем алушы осы келiсiмге сәйкес төленуге жататын тиесiлi негiзгi соманы немесе өсiмдердi немесе басқа да кез келген соманы аталған келiсiмнiң талаптарына орай төлей алмайтын болса; немесе
(b) заем алушы осы келiсiмнiң басқа да кез келген шарттары мен ережелерiн орындай алмайтын болса, немесе
(c) жоғарыда (a) немесе (b) тармақтарында баяндалған жағдайларда, немесе мiндеттемелердiң орындалмауына апарып соғатын немесе заемға ақша алумен немесе несие берумен байланысты басқа да кез келген келiсiм, немесе бiр жағынан, заем алушы мен екiншi жағынан, тек қана Австрия Республикасы немесе бiр немесе одан көп австриялық жеке меншiк банкiлермен яки қаржы мекемелерiмен бiрге iс-қимыл жасаушы Австрия Республикасы арасында кез-келген кепiлдiк жөнiнде болуы мүмкiн жағдайларда; немесе
(d) заем алушы осы келiсiмге немесе өзге де кез келген мәлiмдемелерге берген немесе жасаған кез келген ұсыныстар мен кепiлдiктердi, басқаша түрде жасалған кез келген сертификатты, осы келiсiмге байланысты жасалған қорытындыны яки басқа құжатты олар жасалған немесе табыс етiлген тұста кез келген материалдық жағдайға қарай бұрыс деп немесе дұрыс деп таныса, немесе
(e) (i) егер заем алушының кез келген басқа берешегi бойынша кез келген мiндеттi төлем жасалмаса, немесе (ii) заем алушының осы XII баптың (f) параграфында белгiленген кез келген осындай берешегi жарияланса яки жарияланатын болса, бұл туралы тиiстi хабар берiлетiн болады, немесе уақыт өтiсiмен, яки қандай жағдайда болса да көрсетiлген мерзiмнен бұрын төленуге жатады; немесе
(f) Әлемдiк банк қандай да бiр себеппен заем алушының заем туралы келiсiм бойынша Әлемдiк банктiң есеп-шотынан қаражат алу құқығын тоқтатады немесе шектейдi, сөйтiп заемның есеп-шоттан алынған бүкiл сомасы немесе негiзгi соманың бiр бөлiгi осы келiсiмге сәйкес аталған сома үшiн белгiленген мерзiмнен бұрын төленуге жатады; немесе
(g) заем алушының төлем қабiлетi болмаса немесе бұл жөнiнде несие берушiлерге мәлiмдесе немесе төлем қабiлетiне үйлеспейтiн iс-қимыл қолданса, немесе жалпы берешек бойынша төлемдер мен төлем мерзiмдерiне мораторий жарияласа; немесе
(h) заем алушы осы келiсiмнiң қолданылуына талас туғызса, немесе заем алушы аталған келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн тұтастай жоққа шығарса (төлемдi жалпы тоқтату арқылы, немесе тұтас алғанда берешек бойынша мораторий жариялаумен, немесе басқаша бiр тәсiлмен), заем алушының елi қатысатын шартта, яки заем алушының елiнiң кез келген заңында, қалыптық құжатында яки саясатында қандай да бiр өзгерiс жоспарланса, немесе кез келген құзырлы билiктiң бұйрығы, немесе аталған келiсiмнiң кез келген ережесiн заңсыз, күшi жоқ деп немесе орындауға жатпайды деп есептейтiн, немесе шарттың орындалуына кедергi келтiретiн, немесе осы келiсiмге байланысты өз мiндеттемелерiнiң орындалу мерзiмiн кешеуiлдететiн немесе өз мiндеттемелерiн сақтауға бөгет жасайтын кез келген заңды құқықтық шешiмi болса; немесе
(i) егер осы келiсiмнiң қолданылуы мен мiндеттiлiгi үшiн, яки заем алушының аталған келiсiм немесе кез келген келiсiмдер мен құжаттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындауы үшiн, немесе осы келiсiмнiң өкiлдiктерiн айғақтау үшiн қажеттi кез келген лицензия, келiсiм, мақұлдау немесе тұжырым, немесе қандай да бiр үкiмет мекемесiнде яки органында тiркелу немесе белгiленуi жойылатын болады, олардың шығарылуы тоқтатылатын яки тоқтатыла тұратын немесе оларды күшi жойылды деп жарияланатын болады; немесе
(i) аталған келiсiм өзiнiң қолданылуын тоқтатады, күшiн жояды және заем алушы үшiн мiндеттi болудан қалады (немесе заем алушы бұл туралы жазбаша түрде мәлiмдейдi); немесе
(k) заем алушы ХВҚ-на өзiнiң мүшелiгiн тоқтатады; немесе
(i) Австрия Республикасының заңды талабы бойынша Бағдарламаның ойдағыдай орындалуына, аяқталуына немесе қолданылуына бөгет болатын немесе қарсы тұратын немесе заем алушының осы келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн орындау қабiлетiне керi әсер ететiн кез келген жағдай туады немесе оқиға орын алады.
Онда әрбiр нақты жағдайда Австрия Республикасы заемның (қаржының) қолданылуын тоқтату және (немесе есеп-шоттан қаржы алуды тоқтату, және) немесе заем қосылған барлық өсiмдерiмен бiрге, сондай-ақ осы келiсiмге сәйкес өзге де тиесiлi сомаларды қайтару және төлеу туралы заем алушыға кез келген уақытта хабар бере алады, тап осыны (мұндай жағдай болуы ықтимал) дереу тоқтатуға болады, және (немесе ол алдағы уақытта хабарланбай немесе ұсақ-түйек iстердi орындамай дереу төлеуге жатады, сөйтiп заем алушы осылайша жоғарыда баяндалғандарға байланысты алдын-ала хабарлаудан, талап етуден және (немесе кез келген құжатты тапсырудан бас тартады.
Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер осы XII баптың (f) параграфында анықталғандай оқиға орын алатын болса, бiрақ тиiстi берешек осында белгiленген мерзiмге дейiн төлеуге немесе алдын ала төлеуге (қажеттi алдын ала төлемдердiң жүйелi кестесiнде баяндалғаннан ерекше тәртiппен) жатпаса, Австрия Республикасы осы XII бапқа сәйкес заемды дереу төлеу туралы (қаржы есеп-шоттан толығымен алынбайынша) жарияланбайтын болады. ХIII-бап Үстем заңдар мен заң құқығы ------------------------------- (1) (Үстем заңдар) ------------------- Осы келiсiм Австрияның заңдарына сәйкес реттелiп, түсiндiрiлетiн болады. (2) (Ерiктi талқылау) ----------------------
Тараптар осы келiсiмге байланысты туындайтын кез келген даулы мәселелердi iзгi ниет пен өзара түсiнiсу рухында талқылау арқылы шешуге барынша күш-жiгер жұмсауы тиiс, бұл үшiн қандай да бiр дау жөнiнде тараптардың бiрде-бiрiнiң құқықтарына нұқсан келтiрмеуi, сондай-ақ мұндай келiссөздер тараптардың ешқайсысына кез келген келiсiмдi уақыт аяқталысымен қажеттi шаралар қолдануға және iстi соттың қарауына беруге кедергi келтiрмеуi керек.
(3) (Заң құқығы)
-----------------
(a) Венадағы коммерциялық соттың кез келген сот талаптарын, iстер мен процестердi тыңдап, қарауға және осы келiсiмге байланысты туындауы мүмкiн даулы мәселелердi шешуге заңды құқығы болатынына заем алушы кәмiл сенедi және осы мақсаттар үшiн аталған соттардың заң құқығына сөзсiз бағынады.
Аймақтық соттың құзырына тысқары сот талаптарын қарау үшiн Венадағы коммерциялық округтiк сот (Bezirksgericht fur Handelssahen Wien) тиiстi сот болып табылады.
(b) Заем алушы осы (3) бөлiмнiң (a) параграфында белгiленген кез келген қазiргi немесе бұдан былайғы соттарға қарсылық бiлдiруден сөзсiз бас тартады, ол соттар кез келген iстi немесе процестi сотта қарап тыңдайтын, осы келiсiмге байланысты туындауы мүмкiн кез келген даулы мәселелердi шешетiн орын болып табылады, сөйтіп заем алушы кез келген осындай сот лайықты немесе тиiстi орган емес деп наразылық бiлдiрмеуге келiседi.
(с) Сот құқығының осы (3) бөлiмнiң (а) параграфында белгiленген бағынысы Австрия Республикасының заем алушыға қарсы құзырлы заң құқығы бар кез келген сотта, яки өзге де бiр немесе одан да көп заң құқықтарында сотта қарату құқығын шектеуге (және солай деген ұғым туғызуға) тиiс емес. Мұның өзi iс-қимылдың бiр мезгiлде жасалуына қарамастан кез келген басқа бiр заң құқығы сотында қаралуға кедергi келтiрмеуi тиiс.
(d) Осылайша заем алушы осы келiсiмен немесе бұған байланысты туындайтын кез келген көмек беруге немесе осындай iс-әрекетке немесе процеске байланысты, кез келген меншiк (оның пайдалануына немесе пайдалану көзделген ниетке қарамастан) жөнiнде шектеусiз берудi, орындауды немесе жүзеге асыруды қоса алғанда, кез келген көмек көрсетуге, немесе кез келген сот ұйғарыммен шығаруға қатысты заңды iс-қимылмен немесе процедуралармен негiзiнен келiседi, сондай-ақ бұл осындай iс-әрекеттердiң немесе сотты қараудың нәтижесiнде шығарылатын немесе берiлетiн бұйрыққа немесе сот шешiмiне де қатысты.
(4) Процестiк агент
--------------------
Австрия республикасы үшiн рұқсат етiлетiн басқа амалдарды шектемей, сот ұйғарымы нәтижесiнде қойылатын кез келген талап немесе сотта қарау, сондай-ақ өзге де кез келген құжат Heller Lеbеr, Eahn und Parther ("Австрия Процестiк Агентi") заң фирмасына жеткiзу арқылы заем алушыға ресми түрде табыс етiлетiнiне заем алушы келiседi, фирма қазiргi уақытта мына мекен-жай бойынша: Seilergosse 16, A-1010 Венада орналасқан.
Мұндай қызмет көрсету дипломатиялық қарым-қатынастар жөнiндегi Вена конвенциясын және (немесе консулдық қарым-қатынастар жөнiндегi Вена конвенциясын бұзбайтынын заем алушы мойындайды. Егер қандай да бiр себеппен австриялық процестiк агенттердiң әлде бiреуi өз қызметiн тоқтатса, немесе өз мiндеттерiн атқара алмайтын болса, заем алушы Австрия республикасы үшiн қолайлы басқа да бiр агенттi дереу және мiндеттi түрде белгiлеп, тағайындауы керек.
(в) Заем алушы заем қолданылып отырған кезеңде немесе осы келiсiмге сәйкес қайтарылуға жататын сома қалып отырғанда жоғарыда айтылған шығындарды өз мойнына алады, сөйтiп Венада өзiнiң атынан iс-қимыл жасайды және алдағы уақытта мезгiл-мезгiл және кез келген сома төленбей қалған уақыттың өн бойында жоғарыда көрсетiлген ұйғарымдар мен нұсқауларды жалғастыру, аяқтау үшiн қажет болуы мүмкiн барлық әрi кез келген iс-қимылдарды (кез келген немесе барлық құжаттарды әзiрлеп, орындауды қоса алғанда) атқаруға мiндеттенедi.
(5) (Иммунитеттен бас тарту)
----------------------------
Заем алушы өзiне және өз активтерiне қатысты сотта қарау, процесс, талап қою, арест салу (сот шешiмi алдындағы процедуралардың орындалу барысында немесе өзгеше жағдайда) немесе басқа да заңды iс-қимыл жөнiнде кез-келген заң құқығы бойынша иммунитетке үмiт бiлдiретiн дәрежеге дейiн, және де осындай заң құқығы кезiнде заем алушыға немесе оның активтерiне осындай иммунитет (ықыласты түрде немесе басқаша) қолдануға болатын дәрежеге дейiн; күштеу
арқылы орындауды (кез келген мемлекеттiк меншiкке арест салуды немесе оны сатуды қоса алғанда) және қандай да бiр күдiк болдырмау үшiн заем алушы осы келiсiммен сөзсiз келiседi, сонымен қоса осындай заң құқығының заңдарымен рұқсат етiлген иммунитеттен толығымен бас тартуға да келiседi. ХIV-бап Әр түрлi ---------- (1) (Беру құқығы) -----------------
Осы келiсiм заем алушы мен Австрия Республикасы үшiн мiндеттi болып табылады және оларға, сондай-ақ олардың тиiстi мұрагерлерiнiң пайдасына қызмет атқарады және заем алушының өзiнiң қандай да бiр құқығын немесе барлық құқықтарын немесе мiндеттерiн осы келiсiмге сәйкес Австрия Республикасының алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз кез келген тұлғаға, қалай да болса беруге қақы жоқ.
(2) Мiндеттемелер
-----------------
Кез келген басқа бiр контрактыдан немесе келiсiмнен немесе соларға байланысты туындайтын ешқандай талап немесе дау, олардың бағдарламаға жату-жатпауына қарамастан, заем алушының осы келiсiмге байланысты мiндеттемелерiне ықпал етпеуi тиiс және заем алушыны абсолюттi әрi мiндеттi болып табылатын ондай мiндеттемелерден босатпауы тиiс.
(3) (Жиынтық қаржы)
-------------------
Австрия Республикасы тарапынан осы келiсiмге байланысты қандай да бiр құқыққа қатысты мiндеттемелердiң кешеуiлдетiлуi немесе орындалмауы одан бас тарту деп бағаланбауы тиiс, тап сол сияқты кез келген құқықтың бiр жолғы немесе iшiнара сақталуы оны басқаша түрде немесе алдағы уақытта қолдануға, немесе қолдануға, немесе кез келген басқа құқықты пайдалануға тыйым салмайды. Австрия Республикасының осы келiсiмге байланысты өз құқықтарынан бас тартуы ол туралы жазбаша түрде табыс етiлгенше заңды деп саналмайды. Осында баяндалған құқықтар мен құралдардың жиынтық сипаты жоқ және олар заңдарда көзделген өзге құқықтар мен құралдар жөнiнде айрықша дәрежелi болып табылмайды.
(4) Заңға iшiнара сәйкес келмеу
-------------------------------
Егер осы келiсiмнiң кез келген ережесi кез келген уақытта заңға сәйкес келмесе, заңсыз болып шықса немесе кез келген басқа заң құқығы бойынша орындалмайтын болса, онда бұл осы келiсiмнен туындайтын басқа кез келген ережелердiң заңдылығына пәрмендiлiгiне немесе мiндеттiлiгiне, олардың орындалуына қалай да нұқсан келедi немесе олар осыған байланысты әлсiрейдi деген сөз емес.
(5) Өкiлдiктердiң өзгеруi
-------------------------
IV Баптағы (1) Бөлiмнiң (ii) бөлiмшесiнде белгiленген деректi куәлiктердiң кез келген өзгерiстерi жөнiнде заем алушы ондай өзгерiстер туралы Австрия Республикасын жазбаша дереу хабардар етуi тиiс, сонымен бiр мезгiлде аталған өзгерiстер жайында Австрия Республикасына тиiстi деректi куәлiк, сондай-ақ уәкiлдi адамдардың қойған қолдарының куәландырылған үлгiлерiн және өзгерiс туралы осы деректi куәлiк өзiне қатысты кез келген адамның (адамдардың) мiндеттерiнiң сертификатын тапсыруы керек, егер мұндай өзгерiс тиiстi тұлғаның өзгертiлуiн немесе олардың қатары кеңейтiлуiн көздесе осындай шара қолданылады, бұл жөнiнде жоғарыда айтылған (1) секцияның (iii) бөлiмшесiнде де көрсетiледi. Австрия Республикасы деректi куәлiкке, уәкiлдi адамдардың қойған қолдарының куәландырылған үлгiлерiне және осындай өзгерiс туралы Австрия Қаржы министрлiгiне заем алушыдан хабар тигенге дейiн Австрия Республикасы алдын ала алған мiндеттемелер жөнiндегi сертификаттарға сенiп, сiлтеме жасай алады.
(6) (Заем алушының өкiлi) ------------------------- Осы келiсiмнiң мақсаттарының орындалуы мен басшылық үшiн заем алушының өкiлi ретiнде Экономика министрлiгi белгiленедi. (7) (Коммуникациялар) ----------------------- Осы келiсiмге байланысты өзгеше амал белгiленгенге дейiн барлық хабарламалар, сауалдар, өтiнiштер және тараптардың немесе тараптар жөнiндегi хабарлар тапсырысты авиапочтамен (немесе телекс, телеграф, телефакс арқылы шұғыл түрде айғақталып) төмендегi мекен-жайлар бойынша жөнелтiлетiн болады: Заем берушiге: ------------- Австрия Республикасының Федералдық Қаржы министрлiгi Еуропалық Интеграция мен кеден жөнiндегi директорат Халықаралық мәселелер мен жалпы экономикалық саясат мәселелерi бөлiмшесi Орталық және Шығыс Еуропа жөнiндегi басқарма Himmelpfortgasse 4-8 Австрия, Вена 1015 Тел: (431) 51433/1563 Факс: (431) 5123711 Телекс: 047111688 Заем алушыға: ------------- Қаржы министрлiгi Абылай хан даңғылы, 97 Алматы, 480091 Қазақстан Республикасы Тел: (3272) 62-92-97, 62-22-47 Факс: (3272) 62-27-70, 63-69-84 Заем енгiзу үшiн жауапты агенттiкке: ------------------------------------ Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк Желтоқсан көшесi, 115 Алматы, 480091 Қазақстан Республикасы Тел: (3272) 622247 Факс: (3272) 627378
немесе тараптардың әрқайсысы үшiн кез келген басқа мекен-жай бойынша, ол осында көрсетiлген тараптардың әрқайсысына жазбаша түрде берiлуi керек.
Жоғарыда көрсетiлгенiндей, тапсырысы почтамен жөнелткен хабарламалар, сұраулар, өтiнiштер немесе басқа хабарлар олар жөнелтiлген соң 7 күн iшiнде келiп түсуi тиiс, олар жоғарыда айтылғандай, телекс, телеграф, факс арқылы жөнелтiлiп, тапсырыс авиапочтамен айғақталуы керек. Телекс арқылы жөнелтушi хабардың қабылданғанын айғақтайтын жауап кодын тиiсiнше алса, ал факс арқылы жөнелтiлген хабардың қабылдануы туралы айғақтама алынса, мұндай жөнелтiлiм дұрыс деп есептеледi.
(8) (Ағылшын тiлiнiң қолданылуы)
--------------------------------
Осы келiсiм бойынша барлық құжаттар, ақпарат пен материалдар ағылшын тiлiнде, немесе заем алушы елдiң тiлiнде (куәландырылған ағылшынша аударма қоса берiледi) болуы тиiс, мұндай жағдайда ағылшынша нұсқа үстем болып табылады, сөйтiп Австрия Республикасы осы нұсқаға сүйенедi.
(9) (Қысқартылған атаулар)
---------------------------
Австрия Республикасы мен заем алушы арасындағы хабарларда,
сондай-ақ тиiстi құжаттарда бұл келiсiмге "Австрияның Қазақстанға заемы" ретiнде сiлтеме жасауға болады. Осыны айғақтай отырып, заем алушы мен Австрия Республикасы өздерiнiң ресми уәкiлдi өкiлдерi арқылы iс-қимыл жасап, аталған келiсiмдi табыс еттi, екi дана болып тиiстi адамдар қол қойып растады, сондай-ақ ол Австрия Қаржы министрлiгiнiң Венадағы, Австрия, кеңсесiне осында жазылған күн мен жылда жеткiзiлiп берiлдi. Вена, 1994 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы үшiн Австрия Республикасы үшiн --------------------------- ------------------------- Марат Бисенов мырза Эдит Кицманталь ханым Қаржы министрiнiң орынбасары Қаржы министрлiгi Бас директорының орынбасары
А қосымшасы
Есеп-шоттан қаржы алу үрдiстерi
Осы келiсiмнiң III бабына сәйкес есеп-шоттан қаржы алу төмендегi үрдiстерге орай жүргiзiлуi тиiс:
1. Есеп-шот
-----------
(1) Осы келiсiмнiң орындалуы нәтижесiнде заем алушы (i) заем алушының немесе Қазақстанның Ұлттық банкiнiң атына шиллингпен (ATS) резиденттiк емес есеп-шот ("Арнайы есеп-шот") белгiлейдi. Арнайы есеп-шот ашылысымен заем алушы Австрия Республикасына осы есеп-шоттың нөмiрiн хабарлайды.
(2) есеп-шоттан қаржы алу төмендегi түрде жүргiзiледi:
(a) (i) Австрия Республикасы бұдан бұрын осы келiсiмнiң IV бабында белгiленген шарттардың (i) орындалуына сәйкес және (ii) есеп-шоттан бес миллион АҚШ доллары (5. 000. 000, 00 АҚШ $) мөлшерiне қаржы алу туралы тиiстi түрде рәсiмделген өтiнiштi Австрия Республикасының алуы негiзiнде қаржының долларлық сомасына барабар шиллингтiк баламаны дереу арада арнайы есеп-шотқа бөлiп алады. Қаржының долларлық сомасының шиллингтiк баламасы Австрия Республикасы осындай өтiнiштi алған күнгi таңертеңгi сағат 11-де (Вена уақыты бойынша) Австрия Ұлттық Банкi Венада АҚШ долларын шиллингке сату бағасы бойынша есептеледi.
(b) Қаржының долларлық сомасының шиллингтiк баламасы есеп-шоттан бiр ғана рет алу арқылы жүргiзiледi;
(d) Австрия Республикасының есеп-шоттан қаржы алуы осы келiсiмге сәйкес есеп-шоттан қаржы алу болып табылады және осындай төлем жасалған күннен бастап аталған келiсiмге байланысты төлеуге жататын өсiмдер мен басқа да сомаларды өтеу туралы заем алушының мiндеттемелерiн пәрмендiлiкпен орындауы болып саналады.
(3) Егер Австрия Республикасы арнайы есеп-шоттан төлемдер осы келiсiм бойынша есеп-шоттан алуға үйлеспейтiн шығындар үшiн жұмсалғанын немесе кез келген мөлшерде жасалған анықтаса, Австрия Республикасы бұл жағдайларда заем алушыға хабарлайды және осындай хабарлаудан кейiн отыз (30) банкiлiк бизнес күн iшiнде заем алушының алдын ала төлеуiн сұрай алады.
2. Есеп-шоттан алу туралы хабарлау
----------------------------------
Есеп-шоттан қаржы алысымен Австрия Республикасы есеп-шоттан алу күнi мен оның сомасы туралы заем алушыға бiрден хабарлайды.
(1-нысан)
Австрия Республикасы мен Қазақстан Республикасы
арасындағы заем туралы 1994 жылғы 16 желтоқсандағы келiсiм бойынша Есеп-шоттан алу туралы өтiнiш Күнi, айы, жылы: ---------------- Арнайы есеп-шот N ----------------- Австрия Республикасының Қаржы министрлiгi Еуропалық интеграция мен кеден жөнiндегi Бас директорат Орталық және Шығыс Еуропа бөлiмшесi Кiмге: Маг. Ницшеге Himmelpfordasse 4-8 Вена 1015 АВСТРИЯ Құрметтi мырзалар,
Заем туралы жоғарыда аталған келiсiмнiң А қосымшасына сәйкес осымен бiз Австрия Республикасынан есеп-шоттан қаржы алу арқылы 5 миллион (бес миллион) АҚШ доллары мөлшерiндегi соманың шиллингтiк баламасын төлеудi өтiнемiз (осында анықтамаларды пайдаланып отырған
бас әрiптермен жазылған терминдер осы терминдер үшiн аталған келiсiмде белгiленгендей мағынаға ие болады): Австрия шиллингiмен бiздiң _________________________________ есеп-шотымызға аудару арқылы жоғарыда аталған соманың есеп-шоттан алынуын iлтипатпен өтiнемiз Шынайы iзгi тiлектермен, Қазақстан Республикасы -------------------------------- (уәкiлдi адамның қолы)
(1-нысанға қосымша)
Заем алушылардың өкiлдерi
Күнi, айы, жылы _____________
Арнайы есеп-шот N____________
Австрия Республикасының Қаржы министрлiгi Еуропалық Интеграция мен кеден жөнiндегi Директорат Орталық және Шығыс Еуропа бөлiмшесi Кiмге: Маг. Ницшеге Himmepfortgasse 4-8 Вена 1015 АВСТРИЯ Құрметтi мырзалар,
Заем туралы келiсiмде бiз берген ұсыныстар мен кепiлдiктер осы
құжаттан туындайтын күнге күшiнде қалатынын, барлық жақтарынан дұрыс екенiн және мiндеттемелердiң орындалмай қалу жағдайлары, немесе хабарлауға (яки уақыт өтуiне орай осындай деп танылатын жағдайлар болмайтынын әрi көзделмейтiнiн, және де осы келiсiмге байланысты есеп-шоттан қаржы алу нәтижесiнде ондай жағдайлар туындамайтынын осымен куәландырамыз. Шынайы iзгi тiлектермен, Қазақстан Республикасы ------------------------ (уәкiлдi адамның қолы) В қосымшасы Амортизация Кестесi Жалпы нөмiрi Күнi, айы, жылы Сомасы ------------ --------------- ------ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. С қосымшасы Заем алушы Елдiң Әдiлет министрiнiң Заңдық қорытындысының нысаны Күнi, айы, жылы _________________ Австрия Республикасының Әдiлет министрi Himmepfortgasse 4-8 Вена 1015 АВСТРИЯ Кiмге: Маг. Ницшеге Еуропалық интеграция жөнiндегi Директорат орталық және Шығыс Еуропа бөлiмшесi Құрметтi мырзалар, Мен, , осымен менiң атыма салынған сауалғажауап беремiн, және де Австрия Республикасы мен Қазақстан Республикасы ("Заем алушы") арасында заем туралы келiсiм ("Келiсiм") жөнiнде рәсiм қорытындыны табыс етемiн. Келiсiмде белгiленген барлық терминдер мен сөйлемшелердiң мазмұнына орай бұл құжатта да тап сол сияқты мәнi болады. Бұл Заңдық қорытынды Келiсiмдегi IV Баптың (1) Бөлiмiне сәйкес және заем алушының өтiнiшi бойынша әзiрлендi.
Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса алғанда өзiм қажет деп есептеген барлық құжаттарды және басқа да осындай құжаттарды әзiрлей келiп, заем алушы елдiң заңдары мен ережелерiне сәйкес осы қорытындыны әзiрлеу үшiн өзiм қажет әрi үйлесiмдi деп тапқан барлық сауалдарды салу арқылы мен мынадай қорытындыға келдiм:
(1) Келiсiмдер жасасу, заем алу, осы келiсiмнiң шарттарын орындап, атқару бойынша заем алушының толық билiгi мен өкiлдiгi бар. Заем алушы көзделген iс-қимылды мақұлдау үшiн және заем алушының осы келiсiмдi орындауға, жеткiзуге және жүзеге асыруға және заем алуға деген өкiлдiктерiн қабылдау үшiн қажеттi барлық заңдық iс-қимылдар мен үрдiстердi қабыл алып, орындап шықты.
(2) Осыған байланысты заем алушының елiнде немесе кез келген ведомствода, басқармада, комиссияда ешқандай санкциялар, лицензиялар, мақұлдаулар, тiркеу, хаттама жасау немесе құжаттар тапсыру талап етiлмейдi және аталған келiсiмдi немесе осыған байланысты яки (i) орындаудың пәрмендiлiгi мен мiндеттiлiгi үшiн, (ii) заем алу үшiн, немесе (iii) заем алушының осы келiсiм бойынша Австрия шиллингiмен төлеуi тиiс барлық сомаларды төлеу үшiн ештеңе ұсынылмайды.
(3) Келiсiм тиiстi түрде рәсiмделiп, заем алушының тиiстi уәкiлдерiне жеткiзiлген, және де келiсiмнiң шарттарына сәйкес заем алушыға жүктелетiн заңдық күшi бар сөзсiз мiндеттеме болып табылады.
(4) Осы келiсiмнiң және оның негiзiнде талап етiлетiн барлық құжаттар мен келiсiмдердiң рәсiмделуi, жеткiзiлуi мен жүзеге асырылуы заем алушы қатысатын немесе өз активтерiмен мiндеттеме алған кез келген келiсiмнiң (а) кез келген жағдайының шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға қайшы келмейдi және қайшы келмейтiн болады, оны бұзбайды немесе орындамауға себеп болмайды, (b) заем алушыға қолданылатын кез келген шартқа, заңға немесе ережеге; (c) заем алушы немесе оның кез келген активтерi үшiн мiндеттi болып табылатын кез келген шешiмге немесе соттың ұйғарымына, бұйрыққа немесе жарлыққа заем алушының кез келген активтерi бойынша салынған мүлiкке салық салудың нәтижелерi ондай болмайды.
(5) Заем алушы қатысатын немесе ол бойынша өз активтерiмен мiндеттемелер алған кез келген келiсiмге, салынған мүлiкке, контрактыға, тiлхатқа немесе басқа құжатқа байланысты мiндеттемелердiң орындалмауына осы келiсiмге орай мерзiм бiтiсiмен немесе хабарланғаннан кейiн, немесе осы жағдайлардың екеуiнде де есеп-шоттан алуға ешқандай нәрсе кедергi келтiре алмайды және кедергi келтiрмейтiн болады.
(6) Қолайсыз шешiм қабылданған заем алушының осы келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн орындау қабiлетiне материалдық және келеңсiз келтiретiн, немесе келiсiмнiң кез келген ережесiнiң заңдылығына, пәрмендiлiгiне немесе мiндеттi түрде орындалуына күдiк туғызатын ешқандай заңды, әкiмшiлдiк iс-әрекеттер, шешiлмеген немесе заем алушыға қауiп төндiретiн қарсылықтар немесе ағымдағы кез келген басқаша сот процестерi жоқ.
(7) Заем алушының елiндегi заңдар бойынша аталған келiсiмге орай орындау және жеткiзу қажет болып табылатын, келiсiмдi немесе басқа құжатты орындауға және жеткiзуге салынатын (ұсталып қалатын немесе өзгеше) салық жоқ, сондай-ақ куәлiктi орындауға немесе қабылдауға да салық салынбайды, аталған келiсiм негiзiнде жасалуы қажет кез келген төлемге зорлық жүрмейдi.
(8) Заем алушының аталған келiсiм бойынша мiндеттемелерi немесе жауапкершiлiгi оның сөзсiз орындайтын әрi негiзгi мiндеттемелерi болып табылады және ең берi салғанда заем алушының басқа да қазiргi және болашақтағы қамтамасыз етiлмеген әрi төленбеген (нақты iс жүзiндегi, сол сияқты шарттармен шектелген) берешектерiмен бiр топқа жатады.
(9) Заем алушы келiсiм бойынша өз мiндеттемелерi тұрғысынан алғанда азаматтық және коммерциялық заңдарға бағынады. Келiсiмнiң орындалуы мен жеткiзiлуi заем алушының елiндегi заңдар бойынша қоғамдық және үкiметтiк iс-қимыл емес, келiсiмге байланысты өз мiндеттемелерiне сәйкес жеке меншiк және коммерциялық iс-әрекет болып табылады және де солай болады, сөйтiп заем алушының да, оның кез келген активтерiнiң де келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн, заем алушының елiндегi кез келген заң құқығын шексiз түрде қоса алғанда, орындау жөнiнде сот процесiнен, сот шешiмiнiң орындалуынан, соттың ұйғарымына дейiн арест салудан сақтану құқығы болмайды.
(10) Келiсiмнiң орындалуы үшi заем алушының елiндегi кез келген сот iсiн жүргiзуде Австрияның заңы үстем болып табылады және атап айтқанда сол заң қолданылатын болады. Заем алушының иммунитеттен бас тартуы, заем алушының Вена округтiк сотының заң құқығына сөзсiз бағынуы және Австрияның процестiк агентiнiң тағайындалуы заң тұрғысынан негiздi, заңды, мiндеттi болып табылады және Австрияда кез келген сот iсiнiң қаралуын заем алушы мойындайды, сөйтiп заем алушы мен оның активтерi жөнiндегi сот шешiмдерi заем алушының елiнде орындалады.
Келiсiм заем алушының елiндегi заңдарға сәйкес тиiстi заңдық нысанда жасалады және оны заем алушының елiндегi соттарда орындауға болады.
Келiсiмдi немесе басқа құжатты немесе осы келiсiмге орай қажеттi келiсiмдердi олардың пәрмендiлiгiн, заңдық күшiн, тиiмдiлiгiн, орындалуын қамтамасыз ету үшiн заем алушының елiндегi кез келген қоғамдық немесе қандай да бiр мекемеде тiркеудiң немесе қандай да хаттамалар жүргiзудiң қажетi жоқ.
(11) Осы келiсiмнiң IX Бабындағы, (I) Бөлiмнiң шарттарында рұқсат етiлген мүлiк салымдарынан басқа заем алушының кез келген немесе қазiргi жылдық табыстары немесе активтерi бойынша берешегiн қайтаруға кепiлдiк беретiн мүлiк салымы жоқ, сөйтiп келiсiмнiң орындалмауы мен табысталуы да, қабылданған мiндеттемелер мен келiсiм бойынша заем алушыға жүктелген шарттардың орындалмауы да келiсiмнiң жай-күйiне ықпал етпейдi немесе заем алушыны оның кез келген қазiргi жылдық табыстарынан немесе активтерiнен тыс кез келген берешегiн қайтаруға кепiлдiк беретiн жаңадан мүлiк салуға мiндеттемейдi.
(12) Австрия Республикасы ұдайы қоныс тебетiн, бизнес
жүргiзетiн, немесе салық салумен айналысатын резидент болып табылмайды және оған ұмтылмайды, немесе тұрақты өкiлдiк құру, әрбiр нақты жағдайда заем алушының елiнде болу тек келiссөздер жүргiзуге, осы келiсiмге байланысты мiндеттемелердiң әзiрленуiне, орындалуына, жеткiзiлуiне, жүзеге асырылуына және (немесе қандай да бiр төлемдердiң алынуына ғана байланысты болады. Шын пейiлмен Сiздiң ------------------- Д қосымшасы Заем алушының агенттерiнiң процеске қызмет көрсету келiсiмi (Вена процестiк агенттiгi) Австрия Республикасының Қаржы министрлiгi Himmepfortgasse 4-8 Вена 1015 АВСТРИЯ Еуропалық Интеграция мен кеден жөнiндегi Директорат Орталық және Шығыс Еуропа бөлiмшесi Маг. Ницше Тақырыбы: (заем алушының аты) ("Заем алушы") Мырзалар, Заем алушы мен Австрия Республикасы және осында қаржы мекемелерi деп аталғандар арасындағы заем бойынша _______________келiсiм (мезгiл-мезгiл түзетiлуi, толықтырылуы немесе жаңартылуы мүмкiн, бұдан былай "Келiсiм" деп аталатын құжат жөнiнде).
Келiсiмнiң XIII Бабына сәйкес заем алушы қазiргi уақытта ___________________________ мекен-жай бойынша орналасқан кеңседе төменде қол қойылған адамды заңдық iс-қимылдарға немесе процестерге байланысты заңдық қызметке қызмет көрсететiн өз агентi ретiнде тағайындады, олар аймақтық соттың Венадағы коммерциялық сотында (құзырдан тысқары немесе құзырдың шегiнде тұрған сотта iс қарау қажет болатын жағдайда) ашылатын болады, бұл жағдайда Венадағы коммерциялық округтiк сот (Bezirksgericht fur handelssahen Wien) пен осыған байланысты аталған келiсiмге сәйкес кез келген шағымданушы сот тиiстi сот бола алады.
Осымен төменде қол қоюшы (a) Сiзге келiсiм көшiрмесiнiң алынғаны туралы хабарлайды және келiсiмнiң XIII Бабында көрсетiлгенiндей, заем алушының бұл тағайындауын қабылдайды, және (b) ол сiзбен мыналарға келiседi: (i) келiсiмнiң мерзiмi бiткенге дейiн аталған агенттiкпен өзара қарым-қатынастарды тоқтатпайды, (ii) келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн Венадағы кеңсенi ұстайды және мекен-жай өзгере қалса бұл туралы дереу хабарлайды, (iii) осы келiсiмнiң XIII бабына сәйкес өз мiндеттерiн орындап отыратын болады және (IV) осы келiсiмнiң XIV бабында белгiленгенiндей, өзiнiң заем алушының агентi ретiнде тағайындалуына байланысты алып отыратын кез келген сотқа шақыру қағаздарын, шағымдар мен өзге де заңдық құжаттарды заем алушыға оның мекен-жайы бойынша жөнелтiп отыратын болады.
Төменде қол қоюшы процестiк агент ретiнде, немесе аталған келiсiм бойынша процестiк агент ретiнде өз мiндеттерiн атқаруға байланысты жоғарыда аталған тағайындау жөнiнде (a) кез келген иммунитеттi, немесе (b) заем алушының атынан төменде қол қоюшы атқарған заңдық процеске қызмет көрсетуге қарсылық бiлдiру, одан бас тарту немесе оны заңсыз деп тану үшiн кез келген басқа құқықтарды алғанға дейiн төменде қол қоюшы мұндай иммунитет пен мұндай құқықтардан бас тартады.
Осынау мiндеттемелер қабылдау мен келiсiм төменде қол қоюшы мен төменде қол қоюшының барлық мұрагерлерi, төменде қол қоюшы ретiнде немесе төменде қол қоюшының кеңсесiнiң тапсыруы бойынша iс-қимыл жасаушы барлық тұлғаларды қоса алғанда, мiндеттi болып табылады.
Шын ниетпен Сiздiң,