Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1995 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi Елшiлерi мен Өкiлеттi Өкiлдерiнiң АҚШ долларымен төленетiн лауазымдық жалақылары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Осы қаулыға сәйкес қызметкерлер үшiн енгiзiлiп отырған жалақы төленiп жүрген жалақыда аз болған жағдайларда, оларға Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi осы мекемесiнде сол лауазымда жұмыс iстеген уақытына жалақысының тиiстi айырмасы төленедi.
2. Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Елшiнiң лауазымдық жалақысына "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 867 қаулысының N 1 қосымшасында белгiленген проценттiк арақатынаста белгiленедi.
3. Қазақстан Республикасы Елшiлерiнiң шетел валютасымен төленетiн лауазымдық жалақыларына дербес үстемелер 1995 жылдың 1 наурызынан бастап тоқтатылсын.
4. Қазақстан Республикасының алыс және таяу шетелдегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнiң штат саны 361,75 бiрлiк болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен штат саны туралы" N 946 қаулысының және 1994 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының елшiлiктерi аппаратының санын және оларды ұстауға арналған шығындары реттеу туралы" N 1023 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 10 наурыздағы
N 231 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының алыс және таяу шет елдердегi
Елшiлерi мен Өкiлеттi Өкiлдерiнiң лауазымдық жалақылары
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Елшiлiгi мен | Лауазымдық жалақы
Өкiлдiгiнiң атауы |
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы
Елшiлiгi 1200
Қазақстан Республикасының Беларусь
Республикасындағы Елшiлiгi 800
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшiлiгi 800
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы
Елшiлiгi 800
Қазақстан Республикасының Өзбекстан
Республикасындағы Елшiлiгi 800
Қазақстан Республикасының Әзiрбайжан
Республикасындағы Елшiлiгi 800
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi
Елшiлiгi 2250
Қазақстан Республикасының Венгер Республикасындағы
Елшiлiгi 2000
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб
Республикасындағы Елшiлiгi 1800
Қазақстан Республикасының Үндiстан
Республикасындағы Елшiлiгi 1700
Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам
Республикасындағы Елшiлiгi 1900
Қазақстан Республикасының Қытай Халық
Республикасындағы Елшiлiгi 2300<*>
Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар
Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкiлдiгi 2500
Қазақстан Республикасының Пәкiстан Ислам
Республикасындағы Елшiлiгi 1700
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшiлiгi 2500
Қазақстан Республикасының Түркия
Республикасындағы Елшiлiгi 2500
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Республикасындағы Елшiлiгi 2500
Қазақстан Республикасының Француз
Республикасындағы Елшiлiгi 2500
ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.09.16. N 1122 қаулысымен.