1. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсатуға және салқындатылған сусындар жасауға арналған жабдықтар мен технологиялық желiлер алу, сондай-ақ бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды сатып алу, соның iшiнде:
жалпы сомасы 30,2 миллион (отыз миллион екi жүз мың) немiс маркасы болатын немiс банкiлерi беретiн кредиттер есебiнен;
(3-абзац) <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.12.29
N 1890 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсi:
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсатуға арналған технологиялық желiлердi берiп тұруға және тауарларды сатып алуға жасалған контрактiлерге сәйкес Германия кредит берушi банкiлерiмен осы жоба бойынша жеке кредиттiк келiсiм жасасын; <*>
"Азат" концернiмен iшкi кредит келiсiмiн жасасын;
берешектiң уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөнiнде, кредиттiк келiсiмнiң күшiн тоқтатуға дейiн, қажеттi шаралар қолданатын болсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.12.29
N 1890 қаулысымен.
3. "Азат" концернi өз қаражаты есебiнен авансты, сақтандыру жарнасы мен қызмет көрсетушi банкiлерге комиссиялық төлемдердi сондай-ақ проценттердi төлеу мен берешектi одан әрi өтеудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi осы жобаны басым түрдегi инвестициялық жобалар мен тауарлар сатып алудың Индикативтiк тiзбесiне енгiзсiн.
5. "Азат" концернi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жобаны тиiмдi жүзеге асыру үшiн шешiлуге қажеттi барлық мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына дер кезiнде енгiзетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң мiндеттемелерi мен "Азат" концернiнiң аманаттық кепiлдiлiгi негiзiнде кредит желiлерi бойынша: германдық 30,2 миллион ДМ үкiметтiк кепiлдiктер берсiн кредит желiсi. <*>
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.12.29.
N 1890 қаулысымен.
7. Жобаның жүзеге асырылуы мен кредит бойынша уақтылы төлемдер жасалуының қамтамасыз етiлуiне бақылау жасау Ақмола облысының әкiмiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi