Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарында қаржы және материалдық ресурстардың пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз етудi тәртiпке келтiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 наурыз N 311

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi 1994 жылы жүргiзген тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi ақшалай қаражат пен материалдық ресурстарды пайдалануда заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң талан-таражға ұшырауы мен жолсыздықтарын, аукциондарда шетел валютасын мiндеттi түрде сатудан және салық төлемдерi мен жалпы мемлекеттiк арнаулы қорларға аударым жарналарын бюджетке төлеуден әдейi жалтаруын тыю жөнiнде басқару органдары қолданатын шаралардың пәрмендiлiгi төмен екендiгiн көрсеттi. 
      Дайын өнiм мен шикiзатты республикадан тыс жерлерге әкетудiң Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шарттары бұзылуда, баспа-бас айырбас мәмiлесi шаруашылыққа зиян келтiре отырып жүргiзiлуде және, әдетте, өндiрiстiк мақсаттар үшiн қажеттi шикiзаттың, материалдардың, жабдық пен босалқы бөлшектердiң, т.б. орнына әсем жеңiл автомобильдерге, телерадио-аппаратураға, жиhазға, халық тұтынатын басқа да қымбат тауарларға айырбастауда, оларды кейiннен көбiнесе шаруашылық жүргiзушi құрылымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары иемденiп кетуде. 
      Ақшалай қаражат, шетел валютасымен қоса қыруар мөлшерде талапайға ұшыратылуда, көбiнесе шетелге қызмет бабындағы мақсатсыз iссапарларға, түрлi делегацияларды қабылдауға, жалпы халықтық тарихи және мәдени мәнi жоқ мерейтойларды, мерекелер мен салтанаттарды өткiзуге ысырап етiлуде. 
      Мемлекеттiң ақшалай қаражаты мен құндылықтары оларды алдын ала төлеу, несие (қарыз) беру, қайтарусыз көмек көрсету деген желеумен коммерциялық құрылымдарға табыстау жолымен де талапайға ұшыратылуда. Лауазымды адамдар жеке бастың пайдасына алу мақсатымен мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң заңда белгiленген тәртiбiн бұзуда. 
      Кассаларда ақшалай қаражатты сақтаудың белгiленген лимитiнiң қыруар сомаға асып түсуiне жол берiлуде, мұның өзi жүргiзiлiп жатқан ақша-несие саясатына керi әсер етуде және ақшаның бақылаусыз жұмсалып, ұрлануына жағдай туып отыр. 
      Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiретiн, дайындайтын және ұқсататын кәсiпорындарда қыруар сомада зиян келтiрген елеулi қаржы талан-таражы мен жолсыздықтары орасан көп. 
      Мұнда астық, мал, ауыл шаруашылық машиналары, автокөлiк құралдары, жанар-жағар материалдары, жүн, терi шикiзаты құрылыс материалдары ұрланған, тегiн таратылған, халық тұтынатын тауарларға (негiзiнен шетелдiк жеңiл автомобильдерге, бейнерадиоаппаратураға, кеңсе жиhазына, тұрғын бөлмелiк жиhаздарға және т.б.) айырбастау үшiн республикадан тыс жерлерге әкетiлген, сондай-ақ болмашы бағаға, көбiнесе ақысы мүлдем төленбестен "жекешелендiрiлген" немесе басшылар мен лауазымды адамдар жеке бастың пайдасы үшiн пайдаланған. 
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бiрқатар кәсiпорындарында пайдаға салынатын салықтан табыстың едәуiр сомасын жасыру, бюджетке тиесiлi салық төлемдерi мен жалпымемлекеттiк қорларға мiндеттi аударым жарналарының сомасын кемiту жағдайлары да анықталды. 
      Өткен жылы республиканың Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi көптеген өнеркәсiп орындарында құрылыс кәсiпорындарында, мемлекеттiк шағын кәсiпорындар мен коммерциялық құрылымдарда, банкiлерде, бюджеттiк мекемелер мен мемлекеттiк қорларда да қыруар сомаға зиян келтiрген елеулi жолсыздықтарды анықтады. 
      Көптеген кәсiпорындар мен ұйымдар қаражатты ұқыпсыз пайдалануға және оны iрi мөлшердегi берешектi өтеудiң орнына қымбат жеңiл автомобильдер сатып алуға, кеңселердi жиhаздауға, банкiлер мен кәсiпорындардың депозиттiк шоттары мен жарғы қорларына аударуға, сондай-ақ коммерциялық құрылымдар мен жеке кәсiпкерлерге қаржы көмегi мен өзгедей көмек көрсетуге жұмсауға жол беруi салдарынан өздерi ғана төлем төлеуге қабiлетсiз болып қоймай, сонымен бiрге шаруашылық жүргiзушi басқа субъектiлерге де қаржы жөнiнен елеулi қиындықтар туғызды. 
      Олар елеулi қаражатты кейiннен қайта сату үшiн халық тұтынатын тауарлар сатып алуға жұмсады, мұндай қаражат көбiнесе өз қызметкерлерiне және бөгде адамдарға төлеу мерзiмi ұзақ уақытқа ұзартылып үлестiрiлген. Қаражат көп жағдайда қыруар мөлшерде, әсiресе, экспорттық операциялардан түскен ақша республикадан тыс жерлерде ашылған шоттарда жасырылғанына қарамастан, қаржы жоқ деген желеумен борышты әдейi өтемеу жағдайларына жол берген. 
      Сондай-ақ облыстардың (аудандардың), Алматы қаласының (аудандарының), Ленинск қаласының әкiмдерi жанынан құрылған бюджеттен тыс қорлар қаражаты да құқыққа қарсы шараларға қыруар мөлшерде жұмсалған. 
      Зейнетақы мен жәрдемақы, бюджет мекемелерiнiң қызметкерлерiне жалақы төлеуге, халықтың табысы аз топтарына әлеуметтiк қолдау көрсетуге қаражат жетпей жатқанда, кейбiр министрлiктер мен ведомстволар бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың үнемдi де мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етпейдi, оны орындалу мерзiмi көрiнеу ұзартылған жеткiзiлiмнiң ақысын алдын-ала төлеу деген желеумен басқа мақсатқа жұмсау фактiлерiне жол бередi. 
      Қаржы тәртiбiнiң бұзылуына, экономикадағы жолсыздықтарға, төлем балансының тұрақсыздануына бiрқатар жағдайда банкiлердiң заңдар бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi толық орындамауы себепшi болып отыр. Коммерциялық банкiлер өз қызметiндегi елеулi кемшiлiктерден бұрынғысынша арыла алмай отыр. Тексерулер нәтижесiнде орталықтандырылған кредит ресурстарын мақсатсыз пайдаланудың және оларды көрiнеу төлем төлеуге қабiлетсiз клиенттерге берудiң, банкiлер жүргiзген төлемдердi клиенттердiң кешiктiруiнiң, жарғы қорларының заңсыз құралуының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiнiң бұзылуының көптеген фактiлерiнiң бетi ашылды. Қыруар сомаға зиян келтiрген басқа да жолсыздықтар орын алып отыр. 
      Жоғарыда аталған салалар мен қызмет аяларында келеңсiз жағдайдың орын алып отырғанына қарамастан, министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ республиканың Ұлттық Банкi, жергiлiктi әкiмдер, құқық қорғау органдары анықталған бұрмалаушылықтар мен жолсыздықтарға әрқашан да бiрдей тиiстi баға бермейдi, көп реттерде кiнәлiлердi заңда көзделген жауапкершiлiкке тартпайды. 
      Мәселен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының әкiмдерi, республиканың басқа да бiрқатар ведомстволарының басшылары және жергiлiктi әкiмдерi қарамағындағы шаруашылықтардың бiрiншi басшылары мен басқа да лауазымды адамдарының тексерiстер барысында анықталған елеулi жолсыздықтары туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң көптеген хаттарына тиiстi дәрежеде назар аудармағаны былай тұрсын, тiптi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тексерiс материалдарын қарау және жасалған жолсыздықтар мен бұрмалаушылықтар үшiн кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi тапсырмаларын да тиiстi дәрежеде орындамайды. 
      Заңдылықты бұзушыларға көрсетiлiп отырған ымырашылдық жалпы жолсыздықтардың да, шаруашылықтарға қыруар зиян келтiрген бiрiншi басшылар, бас бухгалтерлер мен басқа да лауазымды адамдар тарапынан жасалған жолсыздықтардың да саны көбейiп отырғандығының басты себептерiнiң бiрi болып табылады. 
      Республиканың кәсiпорындары мен ұйымдарында қаржы және материалдық ресурстардың пайдаланылуын тәртiпке келтiру және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Министрлерге, комитеттердiң төрағаларына, ведомстволардың және республиканың басқа да шаруашылық басқару органдарының басшыларына тиiстi салалардағы қаржының жай-күйi үшiн жеке жауапкершiлiк жүктелетiн болып белгiленсiн, оларға қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының есептерiн және қаржы-экономикалық қызметтiң жай-күйi үшiн жауапкершiлiгiн қарау құқығы берiлсiн. 
      Министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк компаниялар, холдингтер, мемлекет республикалық деңгейде қатысатын акционерлiк қоғамдар өзiнiң номенклатурасына қарамағындағы құрылымдық бөлiмшелердiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Министрлер Кабинетiнiң номенклатурасына кiрмейтiн бiрiншi басшылар лауазымдарын, сондай-ақ осы кәсiпорындардың бас бухгалтерi қызметiн енгiзсiн, егер бұл кәсiпорындардың жарғыларына қайшы келмесе.<*> 
      Ескерту. 1-шi тармақтың 2-абзацына толықтыру енгiзiлдi - 
               ҚРМК-нiң 1995.11.20. N 1569 қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, басқа да ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi 1994 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi органдары жүргiзген тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерiн қарап, кiнәлiлердi қатаң жауапкершiлiкке тарту және келтiрiлген материалдық зиянның белгiленген тәртiппен толық қайтарылуы жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттелсiн. 
      Қолданылған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiмде хабарласын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, халық шаруашылығында есеп айырысуды жетiлдiру жөнiнде екi апта мерзiмде ұсыныстар енгiзсiн, мұнда ақшасыз операциялардың (баспа-бас айырбастың) жүзеге асырылуын қысқартуға және алдын-ала төлеу деген желеумен жасырын кредит (көмек) беру практикасына тыйым салуға ерекше назар аударылсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, тексерiстер мен тексерулер барысында анықталған салық салудан жасырылған табыс, кемiтiлген салық төлемдерi мен жалпы мемлекеттiк арнаулы қорларға аударым жарналары сомасының бюджетке толық өндiрiп алынуын қамтамасыз етсiн.<*> 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бюджет пен қорларға тиесiлi сомаларды, сондай-ақ тәртiп бұзушыларға салынған қаржы санкциясын бiрiншi кезекте даусыз өндiрiп алу жөнiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi органдары шығарған өкiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету туралы барлық банкiлерге нұсқау беру ұсынылсын. 
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен. 
      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ж.С.Кәрiбжановқа, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г.Штойкке, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрi Б.В.Төтеновке өздерi басқарып отырған салаларда мемлекеттiк қаражат пен материалдық құндылықтарды пайдалануда көптеген бұрмалаушылықтар мен жолсыздықтардың орын алып отырғаны ескертiлiп, олардан қарамағындағы шаруашылықтарда тиiстi тәртiптi жолға қою, келтiрiлген зиянның кiнәлi адамдардың есебiнен заңда белгiленген тәртiппен толық өндiрiп алынуын қамтамасыз ету талап етiлсiн. 
      6. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкiмдерi, тиiсiнше Серебрянск қаласының әкiмi - Л.Г.Королеваны, Орджоникидзе ауданының әкiмi А.А.Арнольдтi өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны және жiберген жолсыздықтарды үшiн атқарып отырған қызметiнен босату туралы мәселенi қарау ұсынылсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етпегенi, аса iрi мөлшердегi ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны және жеке басының жолсыздықтары үшiн: 
      "Оңтүстiк мұнайгаз" акционерлiк қоғамының президентi Р.А.Қайнабаевты; 
      Орал қаласындағы "Керамика" акционерлiк қоғамының президентi Ғ.Ғ.Оразалиевтi атқарып отырған қызметтерiнен босату жөнiнде белгiленген тәртiппен шара қолдансын. 
      8. Қаржы тәртiбiн елеулi түрде бұзғаны және басқа жолсыздықтары үшiн Көкшетау облысындағы "Қазан" кеңшарының директоры И.Курьятаның, Солтүстiк Қазақстан облысындағы XXIII партсъезд атындағы кеңшардың директоры Н.А.Петрушенконың, Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсiптехникасының Өскемен материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi өндiрiстiк бiрлестiгiнiң (қазiр "Кеңдала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы) директоры А.М.Огневтiң, Павлодар облысы Екiбастұз қаласындағы "Энергоотделжилстрой" құрылыс басқармасының бастығы В.Д.Чеканьның, "Нұра астық қабылдау кәсiпорны" акционерлiк қоғамының президентi С.И.Самсоновтың, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiрқатар басшыларының атқарып отырған қызметтерiнен босатылғаны ескерiлсiн. Тексеру материалдары бойынша олардың үстiнен қылмыстық iс қозғалды. 
      9. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi iшкi iстер органдарына табыс етiлген тексерiс материалдарының уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз етсiн. Iстердiң қаралуын сөзбұйдаға салған не мүлiктi талан-таражға салушылардың үстiнен қозғалған қылмыстық iстердi тоқтату туралы негiзсiз шешiм шығарған қызметкерлердi жауапкершiлiкке тартсын. 
      10. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тексерiс материалдарының жылжуын және құқық қорғау органдарында олар жөнiнде шешiмдер қабылдау кезiнде заңдылықтың сақталуын қадағалауды күшейту ұсынылсын. 
      11. Тексерiстер мен тексерулердi жүзеге асыруда қосарлану мен қайталауды болдырмау, республиканың бақылаушы органдары мен экономикалық институттары (қызметтерi) жүргiзетiн талдамалы және бақылау-тексеру жұмысының сапасын арттыру сондай-ақ зерделенетiн мәселелердiң терең де жан-жақты пысықталуы мақсатында республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң басшылығымен, жергiлiктi деңгейде - оның облыстардағы, аудандардағы және қалалардағы аумақтық органдарының басшылығымен қаржы бақылауы жөнiндегi үйлестiру кеңестерi құрылсын. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi Қаржы бақылаудың үйлестiру кеңесi туралы ереженiң, оның бақылаушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экономикалық институттардың (қызметтердiң) басшыларының iшiнен есiмдерi аталған құрамының жобасын бiр ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын. 
      Облыс, аудан және қала деңгейiндегi қаржы бақылау жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамын осындай жергiлiктi органдар мен тиiстi әкiмдер қызметтерiнiң iшiнен бекiтедi. 
      12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен және Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, тауар-материалдық құндылықтардың, валютаның және бағалы қағаздардың талан-таражға салынуынан, кем шығуынан, жоғалуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген, заңды ұйымдар және жеке адамдардан өндiрiп алынатын зиянды есептеудiң қолданылып жүрген тәртiбi нарықтық қатынастардың талаптарына сай келмейтiнiн, алға қойылған мақсатқа сәйкессiздiгiн ескерiп, аталған терiс әрекеттер үшiн материалдық жауапкершiлiктiң еселенген мөлшерiн көздейтiн тиiстi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етудi жеделдетсiн. 
      13. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қаржы бақылауы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, 1995 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 
      14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi министрлiктерде, ведомстволарда, кәсiпорындар мен ұйымдарда ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын және сақталуын бақылауды күшейтсiн, бюджеттен бөлiнген қаржының мақсатты және үнемдi пайдаланылуына, ерекше назар аударсын. Лауазымды адамдар тарапынан жасалған жолсыздықтардың анықталған бiрде-бiр фактiсi құқық қорғау органдарына берiлмей және тиiстi жауапкершiлiкке тарту шаралары қолданылмай қалмасын. Экономикалық қылмысқа қарсы күресте барынша табандылық пен iлкiмдiлiк танытсын.<*> 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, банк және мемлекеттiк қаржы қадағалауын күшейту шараларын әзiрлесiн, банкiлердiң қызметiне тексерiстер мен тексерулер жүргiзудi тәртiптейтiн нормативтiк негiздi жетiлдiрсiн. 
      Жүргiзiлетiн тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi туралы Министрлер Кабинетiне ай сайын шұғыл мәлiметтер табыс етiп тұрсын және тоқсан сайын кемiнде бiр рет Қазақстан Республикасының Президентiне баяндап отырсын.
      Ескерту. 14-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
              1995.08.02. N 1069 қаулысымен. 
 
     15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы осы қаулының орындалуына бақылау жасасын. Орындалмаған фактiлер туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрiне  баяндап отырсын.     

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Об упорядочении использования и обеспечении сохранности финансовых и материальных ресурсов на предприятиях и в организациях Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 марта 1995 г. N 311

      Результаты проведенных Государственным комитетом финансового контроля Республики Казахстан ревизий и проверок за 1994 год показали низкую эффективность мер, принимаемых органами управления по обеспечению законности и правопорядка в использовании денежных средств и материальных ресурсов, предотвращению хищений и злоупотреблений, преднамеренных уклонений хозяйствующих субъектов от обязательной продажи на аукционах иностранной валюты и внесения в бюджет налоговых платежей и отчислений в общегосударственные специальные фонды.
      Нарушаются установленные Правительством Республики Казахстан условия вывоза за пределы республики готовой продукции и сырья, совершаются со значительным ущербом для хозяйств бартерные сделки и, как правило, в обмен, вместо нужного для производственных целей сырья, материалов, оборудования и запасных частей и т.п., на престижные легковые автомобили, телерадиоаппаратуру, мебель и другие дорогостоящие товары народного потребления, которые затем зачастую присваиваются руководителями и другими должностными лицами хозяйствующих структур.
      В больших размерах растранжириваются денежные средства, включая иностранную валюту, нередко на бесцельные служебные заграничные командировки, приемы различных делегаций, проведение юбилеев, празднеств и торжеств, не имеющих общенародного исторического и культурного значения.
      Растранжиривание государственных денежных средств и ценностей производится также путем передачи их коммерческим структурам под видом предоплаты, предоставления кредитов (ссуд) и безвозмездной помощи. Нарушается должностными лицами с целью извлечения для себя личной выгоды установленный законом порядок приватизации государственного имущества.
      Допускается превышение на огромные суммы установленного лимита хранения в кассах денежной наличности, что отрицательно сказывается на проводимой денежно-кредитной политике и создает условия для их бесконтрольного расходования и хищения.
      Большое количество серьезных финансовых нарушений и злоупотреблений с крупными суммами ущерба выявлено на предприятиях по производству, заготовке и переработке сельскохозяйственной продукции.
      Здесь на крупные суммы похищено, безвозмездно роздано, вывезено за пределы республики в обмен на товары народного потребления (в основном импортные легковые автомобили, видео-радиоаппаратура, офисная мебель, гарнитуры для жилых комнат и т.п.) зерно, скот, сельскохозяйственные машины, автотранспортные средства, горюче-смазочные материалы, шерсть, кожевенное сырье, строительные материалы, а также "приватизировано" за бесценок, а нередко и вовсе без оплаты, либо использовано руководителями и должностными лицами для извлечения личных выгод.
      По ряду предприятий Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан на значительную сумму установлены также случаи сокрытия доходов от обложения их налогом на прибыль, занижения причитающихся бюджету налоговых платежей и сумм обязательных отчислений в общегосударственные фонды.
      Серьезные нарушения с крупными суммами ущерба выявлены Государственным комитетом финансового контроля Республики Казахстан в прошлом году также на многих предприятиях промышленности, строительства, государственных малых предприятиях и коммерческих структурах, банках, в бюджетных учреждениях и государственных фондах.
      Многие предприятия и организации вследствие допускаемого бесхозяйственного использования средств и направления их, вместо погашения имеющейся в больших размерах задолженности, на приобретение дорогостоящих легковых автомобилей, обустройство офисов, перечисления на депозитные счета и в уставные фонды банков и предприятий, а также на оказание финансовой и иной помощи коммерческим структурам и частным предпринимателям, оказывались на только сами неплатежеспособными , но и создавали серьезные финансовые трудности другим хозяйствующим субъектам.
      Ими отвлекались значительные средства на покупку товаров народного потребления для последующей перепродажи, которые зачастую раздавались своим работникам и сторонним лицам с оплатой в рассрочку на длительный период. Допускались случаи преднамеренного непогашения долгов под предлогом якобы отсутствия средств, в то время как они в больших размерах часто скрывались на открытых счетах за пределами республики, особенно выручки от экспортных операций.
      В огромных размерах тратились на противоправные мероприятия также средства внебюджетных фондов, создаваемых при главах областных (районных), Алматинской городской (районных), Ленинской городской администраций.
      При острой нехватке средств на выплату пенсий и пособий, заработной платы работникам бюджетных учреждений, социальную поддержку малоимущих слоев населения отдельными министерствами и ведомствами не обеспечивается экономное и целевое использование бюджетных ассигнований, допускаются факты отвлечения их под видом предоплаты поставок с заведомо завышенными сроками исполнения.
      Нарушениям финансовой дисциплины, злоупотреблениям в экономике, дестабилизации платежного баланса в ряде случаев способствовало неполное выполнение банками функций, возложенных на них законами. По-прежнему не изжиты серьезные недостатки в деятельности коммерческих банков. В результате проверок вскрыты многочисленные факты нецелевого использования централизованных кредитных ресурсов и их выдача заведомо неплатежеспособным клиентам, задержек проводимых банками платежей клиентов, неправомерного формирования уставных фондов, нарушения нормативных актов Национального Банка Республики Казахстан. Имеют место и другие злоупотребления, которыми причинен ущерб на немалые суммы.
      При наличии негативного положения в указанных выше отраслях и сферах деятельности министерства, ведомства, включая и Национальный Банк республики, главы местных администраций, правоохранительные органы не всегда дают должную оценку выявленным фактам нарушений и злоупотреблений и во многих случаях не привлекают виновных к предусмотренной законодательством ответственности.
      Так, Министерство сельского хозяйства, Министерство культуры, Министерство промышленности и торговли Республики Казахстан, главы администраций Восточно-Казахстанской и Кустанайской областей, ряд других ведомств и местных администраций республики не только должным образом не реагировали на многие записки Государственного комитета финансового контроля Республики Казахстан о выявленных ревизиями серьезных злоупотреблениях первых руководителей и других должностных лиц подведомственных хозяйств, но и не выполняли надлежащим образом поручения и указания Кабинета Министров Республики Казахстан по рассмотрению материалов ревизий и привлечению к ответственности виновных за совершенные злоупотребления и нарушения.
      Проявляемый либерализм к нарушителям законности является одной из главных причин роста числа злоупотреблений как в целом, так и со стороны первых руководителей, главных бухгалтеров и других должностных лиц, причинивших ущерб хозяйствам в крупных размерах.
      В целях упорядочения использования и обеспечения сохранности финансовых и материальных ресурсов на предприятиях и в организациях республики Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что министры, председатели комитетов, руководители ведомств и других органов хозяйственного управления республики несут персональную ответственность за финансовое положение соответствующих отраслей, наделив их правом рассмотрения отчетов и ответственности руководителей подведомственных предприятий, организаций и учреждений за состояние финансово-экономической деятельности.
      Министерствам, ведомствам, государственным компаниям, холдингам, акционерным обществам с участием государства республиканского уровня ввести в свою номенклатуру должности первых руководителей подведомственных структурных подразделений, не входящих в номенклатуру Президента или Кабинета Министров Республики Казахстан, а также должность главного бухгалтера этих предприятий, если это не противоречит уставам предприятий <*> .
      Сноска. Абзац второй дополнен словами - постановлением Правительства РК от 20 ноября 1995 г. N 1569.
      2. Обязать Министерство здравоохранения, Министерство культуры, Министерство обороны, Министерство образования, Министерство нефтяной и газовой промышленности, Министерство промышленности и торговли, Министерство сельского хозяйства, Министерство социальной защиты населения, Министерство транспорта и коммуникаций, Министерство экологии и биоресурсов, Министерство энергетики и угольной промышленности, другие ведомства Республики Казахстан, глав областных, Алматинской и Ленинской городских администраций рассмотреть результаты ревизий и проверок, проведенных в 1994 году органами Государственного комитета финансового контроля Республики Казахстан, и принять меры по привлечению виновных к строгой ответственности с полным возмещением в установленном порядке причиненного материального ущерба.
      О принятых мерах доложить Кабинету Министров Республики Казахстан в месячный срок.
      3. Министерству экономики, Министерству финансов, Министерству промышленности и торговли Республики Казахстан по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан в двухнедельный срок внести предложения по совершенствованию расчетов в народном хозяйстве, особо обратив внимание на сокращение осуществления безденежных операций (бартерных сделок) и исключение практики скрытого кредитования (помощи) под видом предоплат.
      4. Министерству финансов обеспечить полноту взыскания в бюджет выявленных ревизиями и проверками сумм сокрытых от налогообложения доходов, заниженных налоговых платежей и отчислений в общегосударственные специальные фонды.
      Предложить Национальному Банку Республики Казахстан дать указание всем банкам об обеспечении исполнения выставленных органами Государственного комитета финансового контроля Республики Казахстан распоряжений на первоочередное и бесспорное взыскание причитающихся в бюджет и фонды сумм, включая наложенные на нарушителей финансовые санкции. <*>
      Сноска. В пункте 4 исключены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      5. Указать Министру сельского хозяйства Республики Казахстан Карибжанову Ж.С., Министру промышленности и торговли Республики Казахстан Штойку Г.Г., Министру социальной защиты населения Республики Казахстан Тутенову Б.В. на наличие многочисленных фактов нарушений и злоупотреблений в использовании государственных средств и материальных ценностей в возглавляемых ими отраслях и потребовать от них наведения должного порядка в подведомственных хозяйствах, обеспечения полного взыскания в установленном законом порядке нанесенного ущерба за счет виновных лиц.
      6. Главам администраций Восточно-Казахстанской и Кустанайской областей рекомендовать рассмотреть вопрос об освобождении от занимаемой должности Королевой Л.Г. - главы администрации города Серебрянска и Арнольда А.А. - главы Орджоникидзевской районной администрации за превышение ими своих полномочий и допущенные злоупотребления.
      7. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с заинтересованными министерствами и ведомствами принять в установленном порядке меры по освобождению от занимаемых должностей за необеспечение сохранности государственного имущества, нецелевое использование денежных средств в особо крупных размерах и личные злоупотребления:
      Кайнабаева Р.А. - президента акционерного общества "Онтустiк мунайгаз";
      Уразалиева Г.Г.- президента акционерного общества "Керамика", г. Уральск.
      8. Принять к сведению, что за серьезные нарушения финансовой дисциплины и другие злоупотребления освобождены от занимаемых должностей Курьята И. - директор совхоза "Казанский" Кокшетауской области, Петрушенко Н.А. - директор совхоза им. XXIII партсъезда Северо-Казахстанской области, Огнев А.М. - директор Усть-Каменогорского производственного объединения по материально-техническому снабжению Восточно-Казахстанской облагропромтехники (ныне Государственная акционерная компания "Кендала"), Чекань В.Д. - начальник стройуправления "Энергоотделжилстрой", г. Экибастуз Павлодарской области, Самсонов С.И. - президент акционерного общества "Нуринское хлебоприемное предприятие" и ряд первых руководителей других хозяйствующих субъектов. Против них по материалам ревизий возбуждены уголовные дела.
      9. Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить своевременное и качественное рассмотрение материалов ревизий, передаваемых органам внутренних дел. Привлечь к ответственности работников, заволокитивших рассмотрение дел либо выносивших необоснованные решения о прекращении возбужденных уголовных дел против расхитителей имущества.
      10. Предложить Генеральной прокуратуре Республики Казахстан усилить надзор за прохождением материалов ревизий и соблюдением законности при принятии по ним решений в правоохранительных органах.
      11. В целях устранения параллелизма и дублирования в осуществлении ревизий и проверок, повышения качества проводимой контролирующими органами и экономическими институтами (службами) республики аналитической и контрольно-ревизионной работы, а также глубокой и всесторонней проработки изучаемых вопросов образовать координационные советы по финансовому контролю на республиканском уровне под руководством Государственного комитета финансового контроля Республики Казахстан, а на местном уровне - его территориальных органов в областях, районах и городах.
      Государственному комитету финансового контроля Республики Казахстан в месячный срок разработать и представить на утверждение в Кабинет Министров Республики Казахстан проект Положения о координационном совете финансового контроля и его поименного состава из числа руководителей контролирующих и правоохранительных органов, а также экономических институтов (служб).
      Состав координационного совета по финансовому контролю на уровнях области, района и города утверждается из числа аналогичных местных органов и служб соответствующими главами администраций.
      12. Министерству экономики, Министерству финансов, Министерству юстиции совместно с Министерством внутренних дел и Государственным комитетом финансового контроля Республики Казахстан, учитывая, что действующий порядок исчисления ущерба от хищений, недостачи, утраты или порчи материальных ценностей, валюты и ценных бумаг, взыскиваемого с виновных лиц, не соответствует условиям рыночных отношений и не отвечает поставленной цели, ускорить представление в Кабинет Министров Республики Казахстан соответствующих предложений, предусматривающих кратные размеры материальной ответственности за указанные деяния.
      13. Министерству юстиции и Государственному комитету финансового контроля Республики Казахстан разработать и в срок до 1 мая 1995 года внести в Кабинет Министров Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О государственном финансовом контроле в Республике Казахстан", имеющего силу Закона.
      14. Государственному комитету финансового контроля Республики Казахстан усилить контроль за правильностью расходования и сохранностью денежных средств и материальных ценностей, соблюдением финансовой дисциплины в министерствах, ведомствах, на предприятиях и в организациях, обратив особое внимание на целевое и экономное использование бюджетных ассигнований. Не оставлять ни один факт выявленного злоупотребления со стороны должностных лиц без передачи их правоохранительным органам и принятия мер к привлечению к соответствующей ответственности. Проявлять большую настойчивость и оперативность в борьбе с экономической преступностью.
      По согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан выработать меры по усилению системы банковского и государственного финансового надзора, усовершенствовав нормативную базу, регламентирующую проведение ревизий и проверок деятельности банков.
      О результатах проводимых ревизий и проверок ежемесячно представлять Кабинету Министров Республики Казахстан оперативные сведения и не реже одного раза в квартал докладывать Президенту Республики Казахстан <*> .
      Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлением КМ РК от 2 августа 1995 г. N 1069.
      15. Руководителю Аппарата Кабинета Министров Республики Казахстан установить контроль за исполнением настоящего постановления. О фактах неисполнения докладывать Премьер-министру Республики Казахстан.

           Премьер-министр
        Республики Казахстан