1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанынан Дiн iсi жөнiндегi кеңес құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңеске мемлекеттiк басқару органдарының республикадағы және одан тысқары жерлердегi түрлi бағыттағы дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi жұмыстарын үйлестiру қызметi жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңесi аппаратының құрамы бес адам болып белгiленсiн және еңбекақы төлеу жағдайы мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының бөлiмiмен теңестiрiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңесi аппаратын қаржыландыру мәселелерiн шешсiн. 5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы Аппарат құрылымы мен штатын өзгерту жөнiндегi тиiстi ұсыныстар енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Дiн iсi жөнiндегi кеңес қызметкерлерiн орналастыру қамтамасыз етiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi