"Акциздер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және импортталатын акцизделетiн тауарлар бойынша акциздер алуды ретке келтiру мақсатында Қазқстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1995 жылғы 25 сәуiрден бастап Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мүше елдерiнен тысқары жерлерден, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мүше елдерiнен әкелiнетiн акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiне 1 қосымшаға сәйкес акцизделетiн ставкалар белгiленсiн.
1995 жылғы 25 сәуiрге дейiн контракт (шарт, келiсiм) бойынша жасалған және толық төленген, оның iшiнде басқа заңды тұлға-резидент немесе Қазақстан Республикасының резидентi емес адамы төлеген, сонымен бiрге егер тауарларды экспорттық жеткiзу 1995 жылғы 25 сәуiрге дейiн айырбас операциясы бойынша жүргiзiлсе, онда аталған тауарларға 1995 жылғы 25 сәуiрге дейiнгi қолданыылып отырған ставка бойынша салық салынады.
2. Жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өтетiн салуға жатпайтын акцизделетiн тауарлардың нормасы 2 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
3. 1995 жылғы 25 сәуiрден мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғыц 27 шiлдедегi N 644 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы N 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 240-бап):
а) 2-тармақтың екiншi абзацы;
ә) "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мүше-елдерiнен тысқары жерлерден әкелiнетiн импортталатын тауарларға акциздердiң ставкалары" қосымшасындағы акциз ставкалары;
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2203 00 коды бойынша жiктелетiн "Солодты сыра" өнiмдерi бойынша;
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы норменклатурасының 2204 (2204 30-дан басқа) коды бойынша жiктелетiн "күшейтiлгендi қосқанда, табиғи жүзiм шараптары" өнiмдерi бойынша;
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2205 коды бойынша жiктелетiн "Өсiмдiк немесе жұпар иiстi экстракт қосылған вермут және басқа да табиғи жүзiм шараптары" өнiмдерi бойынша;
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2206 коды бойынша жiктелетiн "Ашытылған басқа да сусындар (алма сидрi, алмұрт сидрi(перру,) бал сусыны" өнiмдерi бойынша:
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2207 коды бойынша жiктелетiн "Көлемi бойынша 80 проценттен кем емес спиртi бар денатураланбаған этиль спиртi; этиль спиртi мен кез-келген күштiлiктегi денатурланған басқа да спирт iшiмдiктерi" өнiмдерi бойынша;
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2208 90 910 және 2208 90 990 коды бойынша жiктелетiн "Көлемi бойынша 80 проценттен емес спиртi бар денатурланбаған этиль спиртi" өнiмдерi бойынша;
2) "Отандық және импортталатын тауарлардың кейбiр түрлерiне акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 ақпандағы N 146 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 6, 69-бап);
"Импортталатын тауарларға акциз ставкалары" N 2 қосымшасында акциз ставкалары;
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2208 коды бойынша (220890910. 220890990-нан басқа) жiктелетiн "Күштi спирт iшiмдiктерi; ликерлер мен басқа да алкоголь iшiмдiктерi құрамдас спирттiк фабрикаттар өнiмдерi";
сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлы номенклатурасының 2402 коды бойынша жiктелетiн "Сигарлар (ұшы кесiлген сигарларды қосқанда, сигариллалар(жiңiшке сигаралар) және темекiден немесе оны алмастырушылардан жасалған сигареттер" өнiмдерi бойынша.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 19 сәуiрдегi
N 513 қаулысына
1 қосымша
Ескерту. 1 Қосымшаның күшi жойылған - ҚРМК-нiң
1995.07.13. N 960 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 19 сәуiрдегi
N 513 қаулысына
2 қосымша
Жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы акциздер салуға жатпайтын
акцизделетiн тауарларды
Алып өту нормасы
-------------------------------------------------------------------
Сыртқы экономикалық| Тауардың атауы |Бiр адам алып
қызметтiң тауар | |өтетiн тауардың
номенклатурасының | |нормасы
коды | |
-------------------------------------------------------------------
2203 00, 2204 Алкоголь iшiмдiктерi 5 литр*
(2204 30-дан басқасы),
2205, 2206, 2207, 2208
2402 Сигарлар (ұшы кесiлген 1000 дана
сигараларды қосқанда),
сигариллалар (жiңiшке сигарлар)
мен темекiден немесе оны
алмастыратындардан жасалған
сигареттер
--------------------------
* Көрсетiлген норма сыртқы экономикалық қызметтiң тауар коды
бойынша бөлместен әкелiнетiн тауарлардың жалпы көлемiне
белгiленедi. Акциз сатуға жатпайтын алгокольды iшiмдiктердiң
тiзбесi 5 литр көлемiнде салық төлеушiнiң таңдауы бойынша
айқындалады.