Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарын қымбат бағалы металдармен қамтамасыз ету және рынокты зергерлiк бұйымдармен молықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының тұтынушыларына 1995 жылы қымбат бағалы металдар босату қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне республиканың тұтынушыларына қымбат бағалы металдарды "1994 жылы Қазақстан Республикасының ресурстарынан қымбат бағалы металдар босату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 наурыздағы N 240 қаулысы бойынша алдын-ала төлеу шартымен 1994 жылғы пайдаланылмаған лимиттер есебiнен, ал қалған бөлiгiн - алтын валюта резервiндегi таза металдар мен 1995 жылға бөлiнген лимиттер есебiнен босатуды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының дайындаушы-зауыттарымен қымбат бағалы металдардан өздерiне қажеттi өнiм дайындауға шарт жасассын, ал республикада мұндай қуат пен технология болмаған жағдайда - қажет өнiмдi дайындауға тапсырысты қымбат бағалы металдарды алыс-берiс шикiзат ретiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға рұқсат пен лицензия болғанда толлингтiк негiзде таяу және алыс шетел кәсiпорындарына беретiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы мен олардың мамандандырылған кәсiпорындары өзара жасалған шарттарға сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден түскен қымбат бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды және қайта өңдеудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 10 маусымдағы
N 632 қаулысына
Қосымша
1995 жылға арналған Қазақстан Республикасының
ресурстарынан Қазақстан Республикасының
тұтынушыларына қымбат бағалы металдарды босату
Лимитi
(Таза салмағы, граммен)
-----------------------------------------------------------------
Тұтынушылар |Босатылуға тиiс
-----------------------------------------------------------------
Алтын
"Ащысайполиметалл" АҚ 20
"Зырян қорғасын комбинаты" АҚ 5
"Шымкент қорғасын зауыты" АҚ 4
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ 28600
Тәжiрибелiк қорғасын зауыты, Өскемен қаласы 16
Ұлттық Банктiң Мемқоймасы 1020
"Сувенир" АҚ 5000
"Медтехника" АҚ 4500
"Балқашмыс" ӨБ 16
"Рубин" ұжымдық кәсiпорны 1000
"Литос" жеке кәсiпорны 500
"Алматы зергерлiк зауыты" 150000<*>
Жиынтық бөлiнетiнi 190681 <*>
Күмiс
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 635
"Лениногор полиметал комбинаты" АҚ 670000
"Ащысайполиметалл" АҚ 264
"Зырян қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ 100
"Шымкент қорғасын зауыты" АҚ 200
Тәжiрибелiк қорғасын зауыты, Өскемен қаласы 392
Ұлттық Банктiң Мемқоймасы 1020
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" АҚ 1728000
"Жезқазғантүстiмет" АҚ 353
"Жезкент кен-байыту комбинаты" АҚ 200
Алматы оқу-өндiрiстiк комбинаты-1 2420
Қазақ зағиптар қоғамының тәжiрибелiк-
механикалық кәсiпорны 59399
Қазақ зағиптар қоғамының Өскемендегi
оқу өндiрiстiк комбинаты 60000
"Атасуруда" АҚ 2299
"Сувенир" АҚ 513000
"Алматы электробытприбор" АҚ 5000
"Электроаппарат" АҚ, Шымкент қаласы 1600
"Балқашмыс" ӨБ 855
"Литос" жеке кәсiпорны 240
"Алматы зергерлiк зауыты" 1000000 <*>
Жиынтық бөлiнетiнi 4045977 <*>
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
1995.07.14. N 980 қаулысымен.