Кеден-тариф саясатын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелудi реттеудiң тарифтiк емес шараларын одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1995 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының аумағына заңды тұлғалар әкелетiн және осы аумақта еркiн айналысқа шығарылуға тиiстi тауарды кедендiк ресiмдеу кезiнде тауарды шығарушы елдiң құзырлы органдары беретiн тауардың шығу сертификатын мiндеттi түрде ұсыну енгiзiлсiн.
2. Мыналар белгiленсiн:
осы қаулы 1995 жылдың 1 маусымына дейiн жасалған контрактiлер бойынша әкелiнетiн тауарларға қолданылмайды;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден әкелiнетiн тауарларға Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Үкiмет басшылары Кеңесiнiң Тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерi туралы 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiмен бекiтiлген тауарлардың шығуы туралы сертификат қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi ведомстволық нормативтiк базасын осы қаулыға сәйкестендiрсiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi