1994 жылғы 16 мамырда Тегеран қаласында қол қойылған
Ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Иран Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы
Меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi:
1. Иран Ислам Республикасының Мешхед қаласында Қазақстан
Республикасының Бас Консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы
министрлiгiнiң келiсуiмен Мешхед қаласындағы (ИИР) Қазақстан
Республикасының Бас Консулдығының штат кестесi мен шығыстар
сметасын бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi