"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылуы туралы"
1993 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10
/5-тармағы/ және 16 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Ақтөбе облыстық мәслихат-жиналысының және облыс әкiмiнiң
Красносельский, Үлке, Нефтяник және Ақтасты /жалпы көлемi 46011 га
аумақ/ селоларын Ақтөбе облысының Хромтау ауданынан көрсетiлген
аудандардың шекаралары өзгертiлiп, Ақтөбе ауданына беру туралы
ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары