Қазақстан Республикасы Кинофильмдерiнiң Мемлекеттiк қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 шiлде 1995 ж. N 909. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.03.28. N 449 қаулысымен. ~P000449

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң жанындағы

"Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясының "Қазкинопрокат" 
республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi негiзiнде Қазақстан Республикасы 
кинофильмдерiнiң Мемлекеттiк қоры (Мемфильмқоры) құрылсын.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1031 қаулысымен. 

P961031_

 
     2. Қазақстан Республикасы кинофильмдерiнiң Мемлекеттiк қоры
туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                             Қазақстан Республикасы
                             Министрлер Кабинетiнiң
                             1995 жылғы 3 шiлдедегi
                                N 909 қаулысымен
                                  БЕКIТIЛГЕН
         Қазақстан Республикасы кинофильмдерiнiң
              Мемлекеттiк қоры туралы
                    Е Р Е Ж Е
                I. Жалпы қағидалар


      1. Кинофильмдердiң мемлекеттiк қоры (бұдан әрi - Мемфильмқоры) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясының "Қазкинопрокат" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде ұйымдастырылған. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      2. Мемфильмқоры өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясының шешiмдерiн, "Қазкинопрокат" РӨБ жарғысын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Мемфильмқорының өз құрамында фирмалық кинотеатры бар.
                  II. Мiндетi
      4. Мемфильмқорының негiзгi мiндетi:
      қазақ ұлттық кинематографиясының көркем, деректi-құжытты, ғылыми-көпшiлiк, дәрiстiк және мультипликациялық фильмдерiнiң, сондай-ақ шет елдерде шығарылған көркем, ғылыми-көпшiлiк, деректi-құжатты және басқа фильмдердiң бүкiл жағымды және жағымсыз қорын шоғырландыру;
      фильм материалдарын сенiмдi түрде ұзақ жылдар бойы сақтауды қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық жағынан өңдеу, жаңғырту мен қалпына келтiру;
      фильмқорын жаңа кинофильмдермен және тиiстi техникалық құжаттармен толықтыру; мемлекетаралық киноайырбасын ұйымдастыру;
      ұлттық және шетел киносын саласында ғылыми және ғылыми-анықтамалық жұмыс жүргiзу;
      кинофильмдер қорын ғылыми өңдеуге байланысты ғылыми-анықтамалық материалдар шығару;
      Мемфильмқорының кинотеатры арқылы қазақ және озат шетел киноөнерiнiң таңдаулы шығармаларын көпшiлiкке тарату мен насихаттау, сондай-ақ республика мен ТМД елдерiнiң кинотеатрларында кинофестивальдар өткiзу мен ескi фильмдердi көрсету;
      өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу және шығармашылық мақсатқа арналған фильмдер қорын пайдалану;
      Киноархивтердiң халықаралық федерациясымен (ФИАФ)
      өзара iс-қимыл, жасау болып табылады.
                    III. Функциясы
      5."Қазақкинопрокат" РӨБ жанындағы Мемфильмқоры өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      республикалық және шетелдiк қорлардың фильмдiк материалдарын қабылдайды, өңдейдi және ұзақ жылдар бойы сақталуын қамтамасыз етедi, сондай-ақ "Қазақкино" мемкинокомпаниясы бекiткен нұсқаулықтарға сәйкес киноматериалдарды уақытша пайдалануға бередi;
      фильмдер қорының сақталуын жақсарту, сондай-ақ техника қауiпсiздiгi мен өрт қауiпсiздiгiн сақтау жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
      ұлттық киностудияларда шығарылған фильмдер мен шетелдерде шығарылған фильмдерге қатысты бүкiл құжаттаманы, соның iшiнде техникалық жай-күйi туралы актiлердi, монтаж парақтарын, әдеби және режиссерлiк сценарийлердi, кинофильмдердi шығару мен олардың прокатта болуына байланысты материалдарды, республикалық және шетел баспасөзiнiң пiкiрлерiн, түсiнiктемелердi, либреттоларды, фотосуреттердi, плакаттар мен басқа да архив материалдарын iрiктеп жинақтайды;
      Мемфильмқорының сақтауындағы немесе "Қазақкино" мемкомпаниясы мен басқа да ведомстволардың кәсiпорындарында немесе ұйымдарында уақытша пайдаланудағы барлық жағымсыз және жағымды материалды бойынша есеп жүргiзедi;
      Мемфильмқорына сақтауға тапсырылатын немесе қайтып берiлетiн фильм материалдарының дер кезiнде тапсырылуын, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
      тарихи құндылығы бар фильмдердi өңдеп күтедi және қалпына келтiредi, өз коллекциясын толықтыру үшiн аралық позитивтер, контратиптер мен позитивтер жасайды;
      фильм материалдарын, соның iшiнде киностудиялардың, теледидар және басқа шығармашылық ұйымдардың, фильм түсiретiн топтары үшiн фрагменттердi iрiктейдi, басып шығарады, қалпына келтiредi және жаңғыртады;
      фильмдер қорын сақтауды ұйымдастыру жөнiнде әдiстемелiк және техникалық нұсқаулықтар әзiрлейдi;
      бастапқы материалдарды ұзақ сақтау мәселелерiн тәжiрибелiк ғылыми-техникалық тұжырымдауын жасайды;
      ғылыми-зерттеу,шығармашылық және пайдалану мақсаты үшiн ұлттық кинематография фильмдерi мен шетел фильмдерi қорын компьютерлiк өңдеудi жүзеге асырады;
      шетел фильмханаларымен шығармашылық және iскерлiк байланыстарды, фильмдер, кино жөнiндегi әдебиет, ғылыми-ақпараттық материалдар алмасуды, қазақ кинематографиясының таңдаулы ескi фильмдерiнiң көрсетiлуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады.
                    IV. Құқығы
      6. Өз мiндетiн жүзеге асыру үшiн Мемфильмқорының:
      Қазақстан Республикасында көрсету үшiн сатып алынған кинофильмдер бойынша шетелден импорттық бастапқы материалдарды алуға, оларды аударуды және субтитрлеудi жүзеге асыруға;
      бұрынғы КСРО-ның Мемфильмқоры мен Кинофотоқұжаттары орталық мемлекеттiк архивiнен өткен жылдары шығарылған фильмдер бойынша бастапқы материалдарды алуға, оларды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн киностудияларға және фильм көшiрмелерiн қайталап көптеп бастырып шығару үшiн кинокөшiрмелер фабрикаларына беруге;
      Қазақстан Республикасының киностудияларынан олардың прокатына рұқсат куәлiктерiн алған кинофильмдердiң көшiрмелерiн алуға;
      киносауық кәсiпорындарынан, кинопрокаты ұйымдары мен кинобейнебiрлестiктерiнен кинофильмдердi жекелеген көшiрмелер күйiнде, сондай-ақ жекелеген бөлiмдер ретiнде бергенi үшiн прокаттау ақысын алып тұруға құқығы бар.
                V. Мемфильмқорының мүлкi мен қоры
      7. Негiзгi және айналымдағы қаражат, құны "Қазкинопрокат" РӨБ балансында көрсетiлген басқа құндылықтар, сондай-ақ кинодағы авторлық құқықпен қорғалатын зерделiк меншiк Мемфильмқорының мүлкi мен қорын құрайды.
      "Қазақкино" мемкинокомпаниясының ақшалай және материалдық жарналары, фирмалық кинотеатрдағы киносеанстардан түсетiн табыс, кинофильмдердi прокатқа беруден түсетiн қаражат, республикалық бюджет қаражаты, кәсiпорындардың, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың ерiктi жарналары, басқа түсiлiмдер Мемфильмқоры мүлкiн қалыптастыру көздерi болып табылады.
      8. Еңбекке ақы төлеу түрi, жүйесi мен мөлшерi, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерлерi табысының басқа түрлерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi.
                      IV. Штаты
      9. Кинофильмдер Мемлекеттiк қорының штатын, Мемфильмқорының директорын "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясының төрағасы бекiтедi.

О создании Государственного фонда кинофильмов Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 июля 1995 г. N 909. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 28 марта 2000 г. N 449 ~P000449.

      Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать Государственный фонд кинофильмов Республики Казахстан (Госфильмофонд) на базе Республиканского производственного объединения "Казкинопрокат" Государственной кинокомпании "Казахкино" при Министерстве культуры Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В пункте 1 заменены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      2. Утвердить Положение о Государственном фонде кинофильмов Республики Казахстан (прилагается).
    Первый заместитель
     Премьер-министра
   Республики Казахстан


                                           УТВЕРЖДЕНО

постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 июля 1995 г. N 909


                               ПОЛОЖЕНИЕ
                       о Государственном фонде
                   кинофильмов Республики Казахстан

                          I. Общие положения

      1. Государственный фонд кинофильмов (далее - Госфильмофонд) организован на базе Республиканского производственного объединения "Казкинопрокат" Государственной кинокомпании "Казахкино" при Министерстве культуры Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В пункте 1 заменены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      2. Госфильмофонд в своей деятельности руководствуется законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Кабинета Министров Республики Казахстан, решениями Государственной кинокомпании "Казахкино", уставом РПО "Казкинопрокат" и настоящим Положением.
      3. Госфильмофонд имеет в своем составе фирменный кинотеатр.

                              II. Задачи

      4. Основными задачами Госфильмофонда являются:
      сосредоточение всего позитивного и негативного фонда художественных, хроникально-документальных, научно-популярных, учебных и мультипликационных фильмов казахской национальной кинематографии, а также художественных, научно-популярных, хроникально-документальных и других кинофильмов зарубежного производства;
      обеспечение надежного долголетнего хранения, научно-техническая обработка, реставрация и восстановление фильмоматериалов;
      пополнение фильмофонда новыми кинофильмами и соответствующей технической документацией. Организация межгосударственного кинообмена;
      ведение научной и научно-справочной работы в области национального и зарубежного кино;
      издание научно-справочных материалов, связанных с научной обработкой фонда кинофильмов;
      популяризация и пропаганда через кинотеатр Госфильмофонда лучших произведений казахского и прогрессивного зарубежного киноискусства, а также проведение кинофестивалей, ретроспективных показов фильмов в кинотеатрах республики и стран СНГ;
      использование фильмофонда для производственных, научно-исследовательских и творческих целей;
      взаимодействие с Международной федерацией киноархивов (ФИАФ).

                             III. Функции

      5. Госфильмофонд при РПО "Казкинопрокат" в соответствии с возложенными на него задачами:
      принимает, обрабатывает и обеспечивает долголетнее хранение фильмоматериалов республиканского и иностранного фондов, а также выдает киноматериалы во временное пользование в соответствии с утвержденными Госкинокомпанией "Казахкино" инструкциями;
      проводит мероприятия по улучшению сохранности фильмофонда, а также по соблюдению техники безопасности и пожарной безопасности;
      осуществляет подбор всей документации, относящейся к фильмам производства национальных киностудий и фильмам иностранного производства, в том числе актов технического состояния, монтажных листов, литературных и режиссерских сценариев, материалов, связанных с производством и прокатом кинофильмов, отзывов республиканской и иностранной прессы, аннотаций, либретто, фотографий, плакатов и других архивных материалов;
      ведет учет по всем негативным и позитивным материалам, находящимся на хранении в Госфильмофонде или во временном пользовании на предприятиях или в организациях Госкинокомпании "Казахкино" и других ведомствах;
      осуществляет контроль за своевременной сдачей, а также за техническим состоянием фильмоматериалов, сдаваемых на хранение или возвращаемых Госфильмофонду;
      проводит профилактическую обработку и восстановление фильмов, имеющих историческую ценность, изготавливает промежуточные позитивы, контратипы и позитивы для пополнения собственной коллекции;
      производит отбор, печать, восстановление и реставрацию фильмоматериалов, в том числе фрагментов для съемочных групп киностудии, телевидения и других творческих организаций;
      разрабатывает методические и технические инструкции по организации хранения фильмофонда;
      проводит экспериментальную научно-техническую разработку вопросов длительного хранения исходных материалов;
      осуществляет компьютерную обработку фонда фильмов национальной кинематографии и иностранных фильмов для научно-исследовательских, творческих и эксплуатационных целей;
      осуществляет творческие и деловые контакты с иностранными фильмотеками, обмен фильмами, литературой, научно-информационными материалами по кино, организацию ретроспективного показа лучших фильмов казахского кинематографа.

                              IV. Права

      6. Для осуществления своих задач Госфильмофонд имеет право:
      получать из-за рубежа импортные исходные материалы по кинофильмам, приобретаемым для проката в Республике Казахстан, и осуществлять их дублирование и субтитрование;
      получать из Госфильмофонда бывшего СССР и Центрального государственного архива кинофотодокументов исходные материалы по фильмам выпуска прошлых лет и передавать их киностудиям для проведения восстановительных работ и кинокопировальным фабрикам для повторной массовой печати фильмокопии;
      получать от киностудии Республики Казахстан копии кинофильмов, получивших разрешительное удостоверение на их прокат;
      взимать прокатную плату с кинозрелищных предприятий, организаций кинопроката и киновидеообъединений за предоставление кинофильмов как отдельными копиями, так и частями.

                 V. Имущество и фонды Госфильмофонда

      7. Имущество и фонды Госфильмофонда составляют основные и оборотные средства, другие ценности, стоимость которых отражена в балансе РПО "Казкинопрокат", а также интеллектуальная собственность, охраняемая авторским правом в кино.
      Источниками формирования имущества Госфильмофонда являются денежные и материальные взносы Госкинокомпании "Казахкино", доходы от киносеансов в фирменном кинотеатре, средства от проката кинофильмов, средства республиканского бюджета, добровольные взносы предприятий, организаций и отдельных граждан, прочие поступления.
      8. Формы, системы и размеры оплаты труда, а также другие виды доходов работников предприятия устанавливаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

                              VI. Штаты

      Штаты Государственного фонда кинофильмов, директора Госфильмофонда утверждает Председатель Государственной кинокомпании "Казахкино".