Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 715 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 203-бап) мынадай
өзгертулер енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының 1995 жылға арналған
құрылымы мен адам саны
Басшылығы
Сату алдындағы дайындықтың жетекшi басқармасы
Жаппай жекешелендiрудiң жетекшi басқармасы
Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiрудiң
жетекшi басқармасы
АӨК кәсiпорындарын және жеке жобалар бойынша
жекешелендiрудiң жетекшi бөлiмi
нормативтiк құқылы қамтамасыз ету бөлiмi
Бақылау мен жекешелендiруден кейiнгi қолдаудың жетекшi бөлiмi
Қаржы және бухгалтерлiк есептiң жетекшi бөлiмi
ұйымдық-кадр жұмысы бөлiмi
Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi
Орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны (үйлердi күзету мен ондағы қызмет ететiн адамдарды қоспағанда) 70 адам.
Аумақтық комиттер қызметкерлерiнiң саны (үйлердi күзету мен оларға қызмет ететiн адамдарды қоспағанда) - 390 адам".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi