1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi құқық тәртiбiн қорғау үшiн және Жамбыл қаласындағы 500 бiрлiк санындағы арнаулы моторландырылған милиция полкын қысқарту есебiнен Көкшетау Жамбыл қалаларында орналастырып, әрқайсысы 275 бiрлiк санында Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерiнiң арнаулы моторландырылған батальондарын құрсын.
2. Көкшетау, Жамбыл облыстарының әкiмдерi олардың тұрағын,
әлеуметтiк-тұрмыстық жайғастырылуын және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн қамтамасыз етсiн. Бұл мақсат үшiн жергiлiктi бюджеттен қажеттi қаржы бөлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi жаңадан құрылған бөлiмдердi жинақтау және қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлерiне шақыруды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi