1. "Акцепт" ЖШС фирмасы ұсынған Айдабол спирт зауытын басқару және дамыту бағдарламасы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған мәмiлелер бойынша қаржы мәселелерiн реттеудi қарастырып Айдабол спирт зауытын басқаруға беру туралы "Акцепт" ЖШС фирмасымен шарт жасасын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кәсiпорынды басқару туралы шарттың ережелерiнiң орындалуына бақылау жасау бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлiн тағайындап, оған осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн басқару туралы шарттың ережелерiнiң орындалуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету жүйесiн үйлестiру жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi