1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының жарғы қорының 20 процентi көлемiнде мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату үшiн, бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
"Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамына инвестициялар тарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 қыркүйектегi N 1215 қаулысына және осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Уайтсвен Лимитед" фирмасы арасындағы 1994 жылғы 13 желтоқсандағы N 22-51/42 басқару туралы шартқа бiр ай мерзiмде қажеттi толықтырулар енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының жарғы қорының 20 процентi көлемiнде мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн келiсiлген шарттармен белгiленген инвесторға - "Уайтсвен Лимитед" басқарушы фирмасына екi апта мерзiмде сатсын.
3. "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң иелiгiнде қалдырылсын.
4. "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамына инвестициялар тарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 қыркүйектегi N 1215 1-тармағындағы 3-тармақшасының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi