Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшiн есеп айырысуды және экономикада бастапқы еңбекақының өсуi жағдайында қолма-қол ақша айналысын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге 1995 жылдың 20 қазанынан бастап тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағаны мынадай ретпен/тиындарды/ дөңгелектеу ұсынылсын:
1-ден 25-ке дейiн - 0;
26-дан 75-ке дейiн - 50;
76-дан 99-ға дейiн - 100.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi