1. Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгiнiң өндiрiстiк қуатын дамыту жөнiндегi инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақұлдансын.
2. Жобаны қаржыландыру Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры берген кредит шеңберiнде жүзеге асырылсын.
3. Алматы Темiр жол басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне кредиттi өтеу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттеме ұсынсын,
Қызмет көрсетушi банктер комиссияларының сақтандыру жарналарын төлеу, барлық iлеспе шығындар мен проценттер, сондай-ақ тартылған кредит Алматы Темiр жол басқармасының өз қаражаты есебiнен жүргiзiлетiнi еске алынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық қорымен 7,236 млрд. /жетi миллиард екi жүз отыз алты миллион/ сомадағы жапон иенiне кредиттiк келiсiм әзiрлесiн және қол қойсын;
Алматы Темiр жол басқармасымен iшкi кредит келiсiмiн жасасын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен "Қазақстан Республикасына шетел-кредиттерiн тарту жөнiндегi жұмыстарды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 P950139_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн беру туралы келiсiм жасасын.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация
министрлiгi аталған жобаның орындалуына және тартылған кредиттiң уақтылы өтелуiне бақылауды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет жобаның орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi