1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Ресей Федерациясының Қарулы Күштерiнiң құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамына 1995 жылдың соңына дейiн 21 МиГ-29 ұшағын, 14 Су-25 ұшағын, 4 Су-27 ұшағын, 4 Су-27УБ ұшағын, 1996 жылдың қаңтар - желтоқсанында 14 Су-27 ұшағын, 4 Су-27УБ ұшағын және 1997 жылдың қаңтар - шiлдесiнде 12 Су-27 ұшағын алуға рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
авиация техникасын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға лицензиялар берсiн. 3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi кедендiк құжаттарды ресiмдеудi авиация техникасын әкелуге кеден бажын алмай ресiмдейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi