Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 қазандағы N 834 қаулысымен бекiтiлген /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 577-бап/ Ережелерге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлығы туралы Ережеге:
1-тармақтың бiрiншi абзацында "қоғамда танылған" сөздерiнен кейiн "және кемiнде үш жыл бойы байқаудан өткен" сөздерiмен толықтырылсын;
4-тармақ "ашық дауыспен қабылданады" сөздерiнен кейiн "жай көпшiлiк дауыспен" сөздерiмен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Үмiткерлер ұжымына кандидаттарды iрiктеу-ұсынылған жұмыс орындалған кәсiпорын, оқу орны немесе ұйымның алқалық органының мәжiлiсiнде олардың қосқан үлесiне берiлген баға ескерiлiп, жасырын дауысқа салу арқылы жүргiзiледi. Мемлекеттiк сыйлыққа екi немесе одан да көп жұмыс бойынша кандидатура ұсынылмайды.
Үмiткерлер ұжымына адамдарды тек лауазымына қарай қосуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының иесi жаңа iрi жетiстiктерге қол жеткiзген жағдайда сыйлық оған бұл аталған сыйлық берiлгеннен кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана тапсырылуы мүмкiн";
5-тармақтың бiрiншi абзацында "Мемлекеттiк сыйлықты иеленуге ұсынылған, жарияланған ғылыми жұмыстар, оқулықтар және оқу құралдары авторларының ұжымдарына бұл шектеу қолданылмайды" сөздерi алынып тасталсын;
5-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жылдың 1 маусымына дейiн" сөздерi "жылдың 1 ақпанына дейiн" сөздерiмен ауыстырылсын;
8-тармақта "жылдың 15 қарашасына дейiн" сөздерi "жылдың 15 қыркүйегiне дейiн" сөздерiмен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтарына ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығының иесi" атағы берiлiп, диплом, құрмет белгiсi және куәлiк тапсырылсын",
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы ғылым, техника және бiлiм саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ережеге:
2 және 5-тармақтардың күшi жойылған деп танылсын;
4-тармақта:
екiншi абзацта "секциялар құрылсын" сөздерi "секциялар құру" сөздерiмен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "және үмiткерлердiң шығармашылық үлестерiне" сөздерi алынып тасталсын;
6-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтары мынадай редакцияда баяндалсын:
"Олардың тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3-i қатысса, комитеттiң және оның төралқасының мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
Шетелдiк iссапарда жүрген, сондай-ақ денсаулығының жай-күйiне және басқа айрықша жағдайлар олардың мәжiлiске қатысуына және дауыс беруiне мүмкiндiк бермейтiн мүшелерi комитеттiң тiзiмдiк құрамына енгiзiлмейдi.
Мемлекеттiк сыйлықтарды беру туралы шешiмдi Комитет жасырын
дауыспен, "құпия" белгiлi жұмыстар бойынша - Комитет төралқасы
жасырын дауыспен қабылдайды.
Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге барлық iрiктелген
жұмыстар қосылып, дауысқа салу жүргiзiледi. Мемлекеттiк сыйлық
берiлмек жұмыс мәжiлiске қатысқандардың дауыс санының кемiнде
3/4 жинауы тиiс. Қайта дауысқа салуға жол берiлмейдi.
7-тармақта "оларды қарауға соңғылары қатыспайды" сөздерi
"соңғылары Комитеттiң жұмысына қатыспайды" сөздерiмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi