"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қайта құру және қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 3 қарашадағы N 1446 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының қаржы-экономикалық жай-күйiн сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1."Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы өзiнiң еншiлес кәсiпорындарымен бiрге қарызын өтеуге шамасы жоқ борышкер деп танылсын және соттан тысқары қайта құру процедуралары жүргiзiлетiн болсын. 
      2. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамында қайта құру процедураларын жүргiзу жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия /әрi қарай - Комиссия/ қосымшаға сәйкес құрамда құрылатын болсын, осы Комиссия бiр ай мерзiмде: 
      өндiрiстiк қуаттарды құрылымдық жағынан қайта құру мен бөлудi және кәсiпорын басшыларын алмастыруды; 
      қарыздардың құрылымын талдау мен оларды өтеудiң немесе мерзiмiн ұзартудың тетiгiн әзiрлеудi; 
      пресс өндiрiсiн дамытуға пайдаланылған шетелдiк кредиттi өтеу жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеудi; 
      өндiрiстiк қуаттардың ұсынылған бөлiнуiне сәйкес жекешелендiрудiң схемасын әзiрлеудi қоса алғанда "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралардың жоспарын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының қарызын өтеуге шамасы келмейтiн мемлекеттiк кәсiпорындарды санациялау мен тарату жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияға табыс етсiн. 
      3. Павлодар облысының әкiмi, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Павлодар аумақтық комитетiнiң төрағасы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен екi ай мерзiмде "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының балансындағы әлеуметтiк, мәдени-тұрмыс объектiлерiн "Кәсiпорындардың балансындағы әлеуметтiк, мәдени-тұрмыс объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға беру мен оларды одан әрi пайдалану тәртiбi жайындағы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 шiлдедегi N 975 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 282-бап/ сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына беру мен қабылдау жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асыратын болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Павлодар облысының әкiмi мен "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы екi ай мерзiмде "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының босатылған қызметкерлерiн жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Экономика министрлiгi, Павлодар облысының әкiмi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк қуаттарын жұмыспен қамту үшiн инвесторларды тарту мүмкiншiлiгiн қарастыратын болсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi мен Ауыл шаруашылық министрлiгi "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы мен "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының қатысуымен 1955 жылғы 10 қарашаға дейiн сыртқы және iшкi нарықтағы шынжыр табанды және дөңгелектi тракторларға деген сұранысты ескерумен мұндай тракторларды шығарудың ұтымды бағдарламасын, лизингтi қоса алғанда, жүзеге асырудың қаржы тетiгiн әзiрлей отырып анықтайтын болсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Алға-Автомоторс" ұлтаралық автомобиль консорциумының 1995-1998 жылдары "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының бос тұрған өндiрiстiк алаңдарында "General Bearing Соrроrаtiоn" және "General Motors Corporation" американ компанияларының қатысуымен "Пикап" үлгiсiндегi шағын тоннажды жүк автомобильдерiн жасап шығару жөнiндегi бiрлескен кәсiпорын құру туралы ұсынысын қарайтын болсын және екi апта мерзiмде шешiмнiң келiсiлген жобасын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзетiн болсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Эксимбанкi 1995 жылғы 15 қарашаға дейiнгi мерзiмде Павлодар облысы әкiмiнiң "Екiбастұз" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы мен MAN "TACRAF" фирмасының "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының бос алаңдарында герман кредит желiсiн пайдаланып кен-шахта жабдықтарының бөлшектерi мен 

 

тораптарын жасап шығару жөнiндегi бiрлескен кәсiпорын құру туралы

ұсынысын қарайтын болсын.

     9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан 

Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

 

                                         Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                         1995 жылғы 3 қарашадағы

                                              N 1446 қаулысына

                                                 қосымша

          "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамында қайта құру

        процедураларын жүргiзу жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясының      

                                 құрамы

 

     Шевелев В.В.             - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп  

                                және сауда министрiнiң орынбасары,

                                комиссияның төрағасы

 

     Рюмкин А.В.              - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары, 

                                комиссия төрағасының орынбасары

 

                        Комиссия мүшелерi

  

     Әбiтаев Е.Ә.             - Қазақстан Республикасы Экономика 

                                министрiнiң орынбасары

     

     Әлiбаев С.Б.             - Мемлекеттiк мүлiктi басқару

                                жөнiндегi Павлодар аумақтық 

                                комитетiнiң төрағасы             

 

     Әлияров Р.А.             - Қазақстан Республикасы Ауыл

                                шаруашылығы министрлiгi Бас 

                                басқармасы бастығының орынбасары

 

     Бәйменов А.М.            - Қазақстан Республикасы Еңбек    

                                министрiнiң орынбасары

 

     Баймағанбетов Р.А.       - Қазақстан Республикасының 

                                Мемлекеттiк мүлiктi басқару

                                жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң

                                жанындағы кәсiпорындарды қайта құру

                                жөнiндегi агенттiк директорының

                                орынбасары

 

     Гузеева Л.В.             - Қазақстан Республикасы Қаржы

                                министрлiгi басқармасы бастығының  

                                орынбасары

 

     Дуберман Ю.Е.            - Қазақстан Республикасының

                                Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк

                                комитетi төрағасының орынбасары

 

     Дүйсембаев М.К.          - "Сельхозмаш" акционерлiк 

                                компаниясының президентi       

 

     Иманалиев Б.К.           - Қазақстан Республикасы Үкiметi

                                Аппаратының Экономикалық саясат

                                жөнiндегi бөлiмiнiң аға референтi

 

     Қайбалин Е.Х.            - Қазақстан Республикасы Экономика   

                                министрлiгi басқармасы бастығының

                                орынбасары

 

     Қанахин А.У.             - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп

                                және сауда министрлiгiнiң машина

                                жасау департаментi директоры

 

     Қынатов М.П.             - Қазақстан Республикасы   

                                мемлекеттiк Медетшi банкiнiң бөлiм

                                бастығы

 

     Насянов А.Б.             - Қазақстан Республикасы Эксимбанкi   

                                басқармасы төрағасының орынбасары

 

     Овчинников А.А.          - Қазақстан Республикасы Үкiметi

                                Аппаратының Өнеркәсiп және сауда

                                бөлiмiнiң аға референтi

 

     Пыхтин В.И.              - Павлодар қаласының әкiмi

      

      

О мерах по финансово- экономическому оздоровлению и реорганизации акционерного общества "Павлодартрактор"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 1995 г. N 1446. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года N 381.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 3 ноября 1995 г. N 1446 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2008  N 381 .

      В целях оздоровления финансово-экономического положения акционерного общества "Павлодартрактор" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. В соответствии с  Указом  Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона,  "О банкротстве" признать акционерное общество "Павлодартрактор" с его дочерними предприятиями несостоятельным должником и провести внесудебные реорганизационные процедуры. 
      2. Образовать Государственную комиссию по проведению реорганизационных процедур (далее-Комиссия) в акционерном обществе "Павлодартрактор" в составе согласно приложению. Комиссии в месячный срок разработать и представить Межведомственной комиссии по санации и ликвидации несостоятельных государственных предприятий Республики Казахстан план первоочередных мер по стабилизации финансово-хозяйственной деятельности акционерного общества "Павлодартрактор", включающий: 
      структурную реорганизацию, сегментацию производственных мощностей и замену руководства предприятий; 
      анализ структуры долгов и разработку механизма их погашения или отсрочки; 
      выработку предложений по погашению иностранного кредита, использованного на развитие прессового производства; 
      разработку схем приватизации в соответствии с предложенной сегментацией производственных мощностей. 
      3. Акиму Павлодарской области, Председателю Павлодарского территориального комитета по управлению государственным имуществом с участием Министерства промышленности и торговли, Министерства финансов Республики Казахстан осуществить необходимые мероприятия по приему и передаче в двухмесячный срок объектов соцкультбыта с баланса акционерного общества "Павлодартрактор" на баланс местных исполнительных органов в соответствии с  постановлением  Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 июля 1995 г. N 975 "Об утверждении положения о порядке передачи объектов соцкультбыта, находящихся на балансе предприятий, местным исполнительным органам и дальнейшем их использовании" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 282). 
      4. Министерству труда, Министерству промышленности и торговли Республики Казахстан, акиму Павлодарской области и акционерной компании "Сельхозмаш" в двухмесячный срок разработать и утвердить программу содействия занятости высвобождающихся работников акционерного общества "Павлодартрактор". 
      5. Министерству промышленности и торговли, Министерству экономики Республики Казахстан, акиму Павлодарской области рассмотреть возможность привлечения инвесторов для загрузки производственных мощностей акционерного общества "Павлодартрактор". 
      6. Министерству промышленности и торговли, Министерству экономики, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан с участием акционерной компании "Сельхозмаш" и акционерного общества "Павлодартрактор" до 10 ноября 1995 года определить оптимальную программу выпуска гусеничных и колесных тракторов с учетом спроса на внутреннем и внешнем рынках с разработкой финансового механизма ее реализации, включая лизинг. 
      7. Министерству промышленности и торговли, Министерству экономики, Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан рассмотреть предложение транснационального автомобильного консорциума "Алга-Автомоторс" о создании в 1995-1998 годах на незагруженных производственных площадях акционерного общества "Павлодартрактор" совместного предприятия по производству малотоннажных грузовых автомобилей типа "пикап" с участием американских компаний "General Bearing Соrроrаthiоn", "General Motors Corporathion" и внести в двухнедельный срок согласованный в установленном порядке проект решения Правительства Республики Казахстан. 
      8. Министерству экономики, Министерству энергетики и угольной промышленности, Эксимбанку Республики Казахстан рассмотреть до 15 ноября 1995 года предложение акима Павлодарской области, Государственного акционерного общества "Экибастузкомiр" и фирмы MAN "TACRAF" о создании совместного предприятия по изготовлению деталей и узлов горношахтного оборудования на свободных площадях акционерного общества "Павлодартрактор" с использованием германской кредитной линии.
      9. Контроль за исполнением данного постановления возложить на Министерство промышленности и торговли Республики Казахстан.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                               Приложение
                                                       к постановлению Правительства
                                                           Республики Казахстан
                                                          от 3 ноября 1995 г. N 1446

 

                                     СОСТАВ
                Государственной комиссии по проведению
               реорганизационных процедур в акционерном
                       обществе "Павлодартрактор"

 

     Шевелев В.В.         - заместитель Министра промышленности
                            и торговли Республики Казахстан,
                            председатель комиссии

     Рюмкин А.В.          - заместитель акима Павлодарской области,
                            заместитель председателя комиссии

                          Члены комиссии:

     Абитаев И.А.         - заместитель Министра экономики
                            Республики Казахстан

     Алибаев С.Б.         - председатель Павлодарского
                            территориального комитета по управлению
                            государственным имуществом

     Алияров Р.А.         - заместитель начальника Главного
                            управления Министерства сельского
                            хозяйства Республики Казахстан

     Байменов А.М.        - заместитель Министра труда
                            Республики Казахстан

     Баймагамбетов Р.А.   - заместитель директора Агентства
                            по реорганизации предприятий при
                            Государственном комитете Республики
                            Казахстан по управлению
                            государственным имуществом

     Гузеева Л.В.         - заместитель начальника управления
                            Министерства финансов Республики Казахстан

     Дуберман Ю.Е.        - заместитель Председателя Государственного
                            комитета Республики Казахстан 
                            по приватизации

     Дуйсенбаев М.К.      - президент акционерной компании
                            "Сельхозмаш"

     Иманалиев Б.К.       - старший референт Отдела экономической
                            политики Аппарата Правительства
                            Республики Казахстан

     Кайбалин Е.Х.        - заместитель начальника управления
                            Министерства экономики
                            Республики Казахстан

     Канахин А.У.         - директор Департамента машиностроения
                            Министерства промышленности и
                            торговли Республики Казахстан

     Кынатов М.П.         - начальник отдела государственного
                            Реабилитационного банка
                            Республики Казахстан

     Насянов А.Б.         - заместитель Председателя правления
                            Эксимбанка Республики Казахстан

     Овчинников А.А.      - старший референт Отдела
                            промышленности и торговли Аппарата
                            Правительства Республики Казахстан

     Пыхтин В.И.          - аким г. Павлодара