1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм), "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, акционерлiк қоғамдарды қосымшаға сәйкес бөлiп шығару нысанында "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясының құрамынан бөлiнiп шыққан акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сататын болсын.
3. "КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясының құрамындағы холдинг компаниялары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 ақпандағы N 175 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 8, 84-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 желтоқсандағы N 1671 қаулысына қосымша
"КРАМДС" ұлттық акционерлiк компаниясының құрамынан
бөлiп шығаруға ұсынылатын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi "Полипропилен" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы "Лисаков химия талшықтары зауыты" акционерлiк қоғамы, Лисаков қаласы "Қазстройполимер" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы "Кустанайазбест" акционерлiк қоғамы, Жетiғара қаласы, Қостанай облысы Лисаков кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы, Лисаковск қаласы, Қостанай облысы "Шығыс Қазақстан мыс-химия зауыты" акционерлiк қоғамы, Шемонаиха поселкесi, Шығыс Қазақстан облысы "Атасуруда" акционерлiк қоғамы, Қаражал қаласы, Жезқазған облысы "КОТЕКС" акционерлiк қоғамы, Қостанай қаласы "Восход" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы "Жарық" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы "Мако" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы "Тұлпар" акционерлiк қоғамы, Жамбыл қаласы "Петропавл былғары зауыты" акционерлiк қоғамы, Петропавл қаласы "Петропавл былғары шикiзаты зауыты" акционерлiк қоғамы, Петропавл қаласы "Елқамы" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы "ЮЖТЕКС" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы "Комплекс" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Цефар" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы "Асхана ас үйi приборлары" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Газмашаппарат" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы "Алматы ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Ұсталық пресс жабдықтарын шығару жөнiндегi Шымкент өндiрiстiк бiрлестiгi" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы "Павлодар арнайы технологиялық жарақтар мен құралдар зауыты" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Октябрь зауыты" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Автоматтандыру мен механизациялаудың жобалау-конструкторлық технологиялық институты" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Стенд" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Леңгiр дәл құю зауыты" акционерлiк қоғамы, Леңгiр қаласы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Темiр" акционерлiк қоғамы, Талдықорған қаласы "Арна" акционерлiк қоғамы, Арқалық қаласы "Павлодар-Электронмаш" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "ДАСУ" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Петропавл электризоляциялау материалдары зауыты" акционерлiк қоғамы, Петропавл қаласы "Геофизприбор" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Макин поршень сақиналары зауыты" акционерлiк қоғамы, Макин қаласы, Ақмола облысы