1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 70 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 тамыздағы N 1193 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1790 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссияның құрылымы <*> Төраға Комиссия мүшелерi Атқарушы аппараты Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бақылау басқармасы Бағалы қағаздар нарығы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасы Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету басқармасы Сараптау-талдау басқармасы Атқарушы аппараттың жұмысын ұйымдастыру басқармасы Төлем жүйесiнiң қызметiн реттеу бөлiмi Қаржы бөлiмi ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.12. N 994 қаулысымен.