1. Қазақстан Республикасынң Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 48 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетiне Төрағаның 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын және 9-адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Мемлекеттiк аттестациялық комитеттiң орталық аппараты үшiн 3
қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасы Аттестациялық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 маусымдағы N 876 қаулысының 5, 6, 9-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995ж., N -құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1813 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Физика-математика, техника ғылымдары, Жер және космос туралы ғылымдар бөлiмi Химия, биология, медицина және ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлiмi Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi Сараптама, инспекция және талдау бөлiмi Ақпарат, құжаттарды ресiмдеу бөлiмi Әкiмшiлiк басқару бөлiмi