1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 167 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, соның iшiнде бiреуi бiрiншi сондай-ақ саны 13 адамдық алқаны ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1127 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қазандағы N 1127 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 117 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1819 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Темiр жол көлiгi департаментi Автомобиль көлiгi департаментi Әуе көлiгi департаментi Су көлiгi департаментi Автомобиль жолдарының департаментi Байланыс департаментi Экономика басқармасы Сыртқы байланыстар басқармасы Аппарат жұмысын және кадр жұмысын ұйымдастыру басқармасы Көлiк инспекциясы