1. "Желдiрме" Мемлекеттiк холдинг компаниясы Байқаушы кеңесiнiң шешiмдерi негiзiнде және Азаматтық Кодекстiң (жалпы бөлiм) 45-бабына сәйкес оны "Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өндiрiсi жөнiндегi "Желдiрме" компаниясы" акционерлiк қоғамы етiп қайта құрсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына бұрын берiлген акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иеленуге, пайдалануға және басқаруға берiлген құқығын тоқтатсын.
"Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өндiрiсi жөнiндегi "Желдiрме" компаниясы" акционерлi қоғамына акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн уақытша, олар сатылғанға дейiн, сондай-ақ 1 қосымшадағы тiзбеге сәйкес бiрлескен кәсiпорындардағы мемлекеттiк үлесiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан шыққан акционерлiк қоғамның купондық аукциондарында сатылмаған 2 қосымшаға сәйкес акцияларды қолданылып жүрген заңға сәйкес сатсын.
4. "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының мүлiктiк құқығы мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi "Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу жөнiндегi "Желдiрме" компаниясы" акционерлiк қоғамы болып белгiленсiн.
5. Мыналардың:
"Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу өндiрiсi жөнiндегi "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 тамыздағы N 738 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 386-бап);
"Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 788 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1825 қаулысына 1 қосымша
"Автомобиль жасау және автомобиль жөндеу жөнiндегi
"Желдiрме" компаниясы" акционерлiк қоғамына берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн уақытша, олар сатылғанға дейiн және бiрлескен кәсiпорындардағы мемлекеттiк үлесiн иелену, пайдалану және басқару құқықтары бар акционерлiк қоғамдар мен бiрлескен кәсiпорындар тiзбесi "Алматы АЖЗ" БК, Алматы қаласы "Электромаш" АҚ БК, Алматы қаласы "Iскер" АО, Алматы қаласы "Жiбек жолы" АҚ, Алматы облысы "Жамбыл АЖЗ" АҚ, Жамбыл қаласы "Бiрлiк" АҚ БК, Көкшетау қаласы "Автомобилист" Шортанды санаторийi-профилакторийi, Көкшетау облысы "Орал механикалық зауыты" АҚ, Орал қаласы "Карданвал" АҚ, Шымкент қаласы "Шымкент АЖЗ" БК, Шымкент қаласы "Қазақстан автомобильшiсi" ДҮ, Қырғызстан Республикасы, Қорымды селосы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1825 қаулысына 2 қосымша
"Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясының
құрамынан шыққан, акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi "Жалын" АҚ, Ақтөбе қаласы "Ат жолы" АҚ, Ақмола облысы "Құрылыс материалдары" АҚ Алматы қаласы "Трансстрой" АҚ, Алматы қаласы "НИИАТ" АҚ, Алматы қаласы "ПИАТ" АҚ, Алматы қаласы "Автотехника" АҚ, Алматы қаласы "Инфотрейд" АҚ, Алматы қаласы "Есiк механика зауыты" АҚ, Алматы облысы "Авторемонтник" АҚ, Қарағанды қаласы "Стром" АҚ, Қостанай қаласы "Сайман" АҚ, Талдықорған қаласы "Авторемзавод" АҚ, Семей облысы "Орал АЖЗ" АҚ, Орал қаласы