"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 U952120_ Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 14 тамыздағы N 1120 P951120_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Ұлты Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген адамдарға жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 U952247_ Заң күшi бар Жарлығынан туындайтын ережеден басқа шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарға арналған тамақ дайындау, су жылыту үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осыған құқықтары бар азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiкпен газ жiберу нормалары
қосымша бойынша бекiтiлсiн.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi белгiленген
нормаларды ескерiп, 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап газға арналған
төлемдерге жеңiлдiктер берудi енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
16 қаңтардағы
N 59 қаулысына
қосымша
Шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарға арналған тамақ
дайындау, су жылыту үшiн қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес, осыған құқықтары бар азаматтардың жекелеген
санаттарына жеңiлдiкпен газ босату
Нормалары
___________________________________________________________________
| Табиғи газ| Сұйытылған газ
|(текше метр) (кг)
___________________________________________________________________
1 адамға жылына шаруашылық-тұрмыстық
мұқтаждарға арналған тамақ дайындау,
су жылыту үшiн газ босатудың орташа
жылдық нормасы:
газ плитасы болған және орталықтан
ыстық сумен жабдықталған жағдайда 10 4,8
газ плитасы болған, орталықтан ыстық
сумен жабдықтау және газбен су
жылытқыш болмаған жағдайда 12,5 8,2
газ плитасы, газбен су жылытқыш
болған, орталықтан ыстық сумен
жабдықтау болмаған жағдайда 18,5 13,7
моншада газбен су жылытқыш
(жоғарғы) болған жағдайда 8,5 -