Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қаңтардағы N 69 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
Тiзбесi
1. "Қазақ ССР-iнде кооперативтер қызметiнiң кейбiр түрлерiн реттеу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 31 мамырдағы N 167 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1989, N 15, 54-бап);
2. "ССРО Министрлер Советi мен КОБОС-тың "Соғыс, еңбек және ССРО Қарулы Күштерi ардагерлерiнiң кооперативтерiн дамыту үшiн қосымша жағдайлар жасау туралы" 1990 жылғы 23 наурыздағы N 323 және ССРО Министрлер Советiнiң "Кооперативтер шұғылдануға праволы емес қызмет түрлерiнiң тiзбесiн толықтыру туралы" 1990 жылғы 31 мамырдағы N 540 қаулылары туралы" Қазақ ССР Министрлер Советi мен Қазақ республикалық кәсiподақ советiнiң 1990 жылғы 21 маусымдағы N 259 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1990, N 16, 90-бап);
3. "Мемлекеттiк кәсiпорындардың өздерiнiң жанынан құрылған кооперативтермен өзара қарым-қатынастары туралы" ССРО Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 қарашадағы N 1132 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 20 қарашадағы N 452 қаулысы;
4. "Қазақ ССР Министрлер Советi мен Қазақ республикалық кәсiподақ советiнiң 1990 жылғы 21 маусымдағы N 259 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 5 маусымдағы N 504 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 22, 359-бап);
5. "ССРО Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 14 шiлдедегi N 1119 өкiмiн жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 14 тамыздағы N 325 қаулысының 3-тармағы.