Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 47, 527-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы
зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен
зерттеп-тексеру жөнiндегi Ереженiң 19-тармағы мынадай мазмұндағы
абзацпен толықтырылсын:
"жұмыс берушi сондай-ақ өз ұйымында болған топтық және өлiмге әкеп
соққан бақытсыз жағдайларға зерттеу жүргiзген Мемлекеттiк қадағалау
және бақылау органының iссапар шығындарының орнын толтыруға мiндеттi"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары