"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасын Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 P941447_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 1. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi Республикалық ведомствоаралық кеңес мына құрамда бекiтiлсiн: Романов А.Ф. - Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорының президентi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары (Кеңес төрағасы) Зиябеков Б.З. - Қазагроөнеркәсiпбанкiнiң басқармасының төрағасы (Кеңес төрағасының орынбасары) Кеңес мүшелерi: Беликов М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Ауыл шаруашылығы және әлеуметтiк сала басқармасының бастығы Григорук В.В. - Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының экономика және информатика бөлiмiнiң академик-хатшысы Жананов Е.Е. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қаржылық-инвестициялық саясат бас басқармасының бастығы Жамбақин Ж.Ә. - Қазақстан фермерлерiнiң "Қазагро" ұлттық федерациясының бас директоры Жанатов Қ.Ж. - Қазақстан Республикасы Аграрлық одағының төрағасы Қожабеков Д.Д. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң агроөнеркәсiп кешенi бөлiмiнiң бастығы Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Старостенко Г.Г. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-кредит операциялары департаментiнiң директоры Шаихова А.Н. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң агроөнеркәсiп кешенi және табиғатты қорғау басқармасының бастығы 2. Төмендегiлердiң күшi жойылған деп танылсын:
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi Республикалық ведомствоаралық кеңестiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 21 P950021_ қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 21 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 165 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 21 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 711 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi