Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Алматыда 1995 жылғы 30 тамызда қол қойылған Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнің Үкiметi арасындағы Келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы Келiсiмнiң бекiтiлгенi жөнiнде Израиль Тарабын хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Ғылым мен технология саласындағы
ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы
КЕЛIСIМ
(Келісім 1998 жылғы 30 сәуірден бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2003 ж., N 11, 85-құжат)
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi, өздерiнiң ғылымды дамытуға деген өзара мүдделiлiкке негiзделген екi жақты ғылыми және техникалық ынтымақтастығын дамытып, нығайту мақсатымен,
теңдiк, өзара пайда және халықаралық құқық принциптерiне негiзделген өзара және технологиялық байланыстарды дамыту үшiн құқықтық негiз бен қолайлы жағдайлар жасау ниетiмен,
мына төмендегi жайында келiстi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар өзара тиiмдi екi жақты ғылыми және техникалық байланыстар орнатып, дамытуға белсендi түрде жәрдемдеседi.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар жаратылыс тану және техника ғылымдарының басым бағыттарындағы ынтымақтастықты екi елдiң тиiстi ғылыми мекемелерi арқылы жүзеге асырады.
3-бап
Ынтымақтастық мына формаларда жүзеге асырылуы мүмкiн:
- үйлестiрiлген жұмыс жоспарларына, келiсiмдер мен келiсiм-шарттарға сәйкес ғылыми және зерттеу қызметi, зерттеу жұмысын жүргiзу үшiн ғалымдар мен мамандардың сапар шегуi, дәрiстер оқып, баяндамалар жасау; ғылыми жиындарға қатысу;
- аспиранттар мен стажерлер алмасу;
- осы келiсiмнiң шеңберiнде тараптардың тиiмдi пайдалануы үшiн және бiрлескен жобалар жасау үшiн зерттеулердiң жоспарлары мен нәтижелерi туралы өзара тиiмдi ақпарат алмасу;
- аспаптар, жабдықтар және техникалық құжаттар алмасу;
- бiрлескен ғылыми еңбектер әзiрлеп, жариялау;
- үшiншi елдердiң ғылыми ұйымдарымен байланыс орнатылуына жәрдемдесу;
4-бап
"Ноу-хауды" қоса алғанда, ғылыми және зерттеу жұмыстары, ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн, бiлiм, тәжiрибе және ақпарат алмасу осы мақсаттарда жасалған арнаулы келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап
Әдеттегiдей, сапарлар өзаралық негiзiнде iске асырылады, қабылдаушы тарап сапарлар жөнiндегi шығындарды толық өз мойнына алады. Барыс-келiстiң көлiкке байланысты шығындарын жолдаушы тарап өтейдi.
6-бап
Бiрлескен зерттеулердiң нәтижелерiн коммерциялық пайдалану тек қана арнаулы келiсiмге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
7-бап
Уағдаласушы Тараптар Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен комиссия құрып, ол екi жылдық жұмыс бағдарламаларын талдап жасайды және олардың жүзеге асырылуы үшiн жауапты болады.
8-бап
Бiрлескен комиссия өз мәжiлiстерiн екi елдiң астаналарында кезекпен, екi жылда бiр рет өткiзедi.
9-бап
Қазақстан Республикасының Ғылым және технологиялар министрлiгi мен Израиль Мемлекетiнiң Ғылым және технологиялар министрлiгi Уағдаласушы тараптардың осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн атқарушы органдары болып табылады.
10-бап
Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi бүкiл қызмет аумағында, осы қызмет жүзеге асырылатын Уағдаласушы тараптардың қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап
Осы Келiсiмнiң түсiндiрiлуiне және қолданылуына байланысты пiкiр алшақтығы Уағдаласушы тараптар арасындағы консультациялар жолымен шешiледi.
Осы Келiсiм Уағдаласушы тараптардың өзара келiсуi бойынша толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
12-бап
Осы Келiсiм Уағдаласушы тараптардың заңдарында көзделген тиiстi мемлекеттiк iшкi ресiмдер орындалып, бұл жайында Уағдаласушы тараптардың әрқайсысы хабардар етiлгеннен кейiн күшiне енедi.
13-бап
Осы келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және осы Келiсiм қолданыста болатын кезектi мерзiм бiткенге дейiн, кем дегенде, алты ай бұрын Уағдаласушы тараптардың бiрi оны бұзғысы келетiнi туралы жазбаша түрде мәлiмдемесе, оның қолданыста болуы келесi бiр жылға өзiнен өзi ұзартылады.
Осы Келiсiмнiң мерзiмi бiткен соң, Уағдаласушы тараптар осы Келiсiм қолданыста болған кезеңде қабылданған жобаларды одан әрi жүргiзiп, тәмамдауға құқық бередi.
Қазақ, иврит, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi дана болып, 1995 жылы 30 тамызда, ал бұл 5755 жылдың 4 элулына сәйкес келедi. Алматы қаласында жасалды және барлық төрт текстiң күшi бiрдей. Түсiнiк беруде пiкiр алшақтығы болған жағдайда ағылшын тiлiндегi текске басымдылық берiледi.
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетiнiң
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн