Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Алматыда 1995 жылғы 30 тамызда қол қойылған Мәдени
ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль
Мемлекетi Үкiметiнiң арасындағы Келiсiм бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы
Келiсiмнiң бекiтiлгенi жөнiнде Израиль Тарабын хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң
Үкiметi арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 6, 98-құжат)
(1998 жылғы 23 желтоқсанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 70 бет)
Бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Израиль Мемлекетi Үкiметi, мәдени ынтымақтастықты құрып және дамытуға Қазақстан мен Израиль Мемлекетi арасындағы мәдени, өнер, бiлiм, ғылым, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мәдени қатынастарды және өзара түсiнiктi дамытуға тiлегін бiлдiре отырып,
екі жақ БҰҰ-ның Жарғысы сияқты, заң үстемділігін құрметтей отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар мәдениет, өнер, бiлiм, ғылым, спорт,
журналистика, теледидар, радио және басқа бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы ынтымақтастықты көтермелеп, дамытып отырады.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар бiлiм беру жүйесiнде тікелей байланыстың дамуын
көтермелей отырып, ғалымдар, оқытушылар және оқу орындарының студенттерiн
екі жақта өтетiн конференция, симпозиум, конгресс және семинарларға
шақырып, алмасу.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар өзара екi елдiң тарихын, тiлi мен өнерiн оқып
үйренудi көтермелейдi.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар өзара мәдениет пен өнер саласындағы қатынастардың дамуына ықпал етеді, осы мақсатпен олар:
а) әр ел мәдениет пен өнер күндерi мен фестивальдерiн бір-бірінде өткiзеді;
б) мәдениет және өнер қайраткерлерi мен мекемелері, гастрольдiк ұжымдар арасында тiкелей қатынасты жалғастыру үшін екі ел делегациялар алмасуы керек;
в) мәдениет және өнер саласында мамандар алмастыру, сол сияқты драматургия, театр, музыка, өнер және мәдениет тану, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, археология және сәулет, әртүрлi деректер алу;
г) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, дәстүрлiк шығармашылық жөнінде Көрме ұйымдастырып өткiзу;
д) тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қалпына келтiру, археология және сәулет ескерткiштерiн консервациялау жөнінде мамандар алмасу;
е) екi ел мұражайлары, кiтапханалары мен архивтерiнің өзара қатынасы.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар ішкі заңдарына сәйкес мәдениет және өнер
министрлiктері, мекемелері мен оқу орындары, екi тілде жұмыс iстейтін
мәдени және көркемөнер орталықтары, сол сияқты шығармашылық одақтары мен
қоғамдық мәдениет ұйымдарының тiкелей қатынас жасауларын қолдайды.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар журналистер, радио және теледидар және басқа
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастыққа, баспа, теледидар
және радио шығармаларымен алмасады. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында
делегация және жеке мамандар арасындағы байланыстарға мүмкіндік жасайды.
7-бап
Уағдаласушы Тараптар кино өнерi саласындағы ынтымақтастықты, екі ел
бiр-бiрiнде кино апталықтарын, кино фестивальдерiн өткiзуге, бiрлесiп кино
қою өндірісіне өзара келісуді көтермелейдi және қолдайды.
8-бап
Уағдаласушы Тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты спортшылармен,
тренерлермен, эксперттерімен және мамандарымен алмасып, спорттық
кездесулер мен шараларды ұйымдастырып жүзеге асырады.
9-бап
Уағдаласушы Тараптар бiлiм беру мекемелерi мен институттарда жүретін оқулық пен оқу құралдарында тарихи оқиғалар география, жаратылыс және экономика шынайы жазылып көрсетілуіне мүмкіндік туғызады.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар арнайы жоба және бағдарлама бойынша екi елдiң университеттерi, институттары мен басқа оқу орындарының бiрлесіп дайындаған зерттеулерi жөнінде ынтымақтастығын қолдайды, оқытушылар, мамандар және студенттермен алмасу жоғарыда аталған жобалар мен бағдарларды қаржыландырып көздейді.
11-бап
Уағдаласушы Тараптар алдын-ала келiскеннен кейiн бiр елдiң екiншi елде мәдени орталықтары мен қоғамдарының ашылуына керекті жағдай жасау мүмкіндігін жасайды.
12-бап
Осы Келiсiмнiң жүзеге асуы үшiн Уағдаласушы Тараптар Үкiметаралық комиссия құрады, екi елдiң өкiлдiгiнен тұратын, олар екі елдің астаналарында, әр екі жылда кездесiп тұрады. Комиссия ынтымақтастықтың Бағдарламаларын келісілген мерзімдерде дайындауға және оның орындалуына жауапты. Сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың келiсiмінің бір тараптың мүддесі бойынша жеке бір пункттердің өзгеруін, қисынын келтіру кеңесінде,
Келiсiмнiң қаржы шарттарының орындалуын қадағалайды.
13-бап
Осы Келiсiм әр тараптардың iшкi заңдарына сәйкес бекiтiледі және
ратификацияланады. Уағдаласушы Тараптар ол жөнінде дипломатиялық жүйелер
арқылы бiр-бiрiне хат түрінде хабарлайды.
Келiсiм соңғы қойылған сәттен бастап күшiне енедi.
14-бап
Осы Келiсiм үшiншi бiр жақтың мүддесiне нұқсан келтірмейді, келісімге
қол қойылған Уағдаласушылар Тараптары жағынан.
15-бап
Осы Келiсiмнің бес жылға дейін күшi бар және Уағдаласушы Тараптардың
бiрi оның мазмұнын өзгертуі не бұзғысы келетiнi туралы жазбаша түрде
хабардар етпесе, оның қолданыста болуы келесi бес жылдық мерзімге
өзiнен-өзі ұзартылады.
1995 жылы 30 тамызда Алматы қаласында, үш тілде: қазақ, иврит,
ағылшын тiлдерiнде жасалды және барлық текстiң де күшi бiрдей.
Егер Келiсiмнiң текстінде талдауда айырмашылық болған жағдайда,
Тараптар ағылшын тiлiндегi тексті қолданады.
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетiнiң
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.