"Мерхав" фирмасымен қаржылық талаптарды түпкiлiктi өзара реттеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 наурыз N 327

      "Мерхав" фирмасының жобаларын жүзеге асыру барысында туындаған келiспеушiлiктердi түпкiлiктi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының израильдық "Мерхав" фирмасына қарыздарын өтеу кезiнде туындаған келiспеушiлiктердi реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiндегi 1996 жылдың 29 ақпанында болған келiссөздердiң қорытындылары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен "Мерхав" фирмасына 10 күн мерзiм iшiнде 5 (бес) млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi талаптар сомасын төлесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыс әкiмдерiмен бiрлесiп 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру бойынша құрал-жабдықтар мен техникалар алған өздерiнiң берешектерiнiң үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы түпкi заемшылармен шарт жасауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi мен Қаржы министрлiгi "Мерхав" фирмасының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру жөнiндегi технологиясын пайдалану және құрал-жабдықтарды жеткiзу туралы контрактiлердi жасаудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып шешiм қабылдаған басшылардың жауапкершiлiгi мәселесiн шешу үшiн материалдарды тергеу орнына берсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Об окончательном взаимном урегулировании финансовых претензий с фирмой "Мерхав"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 1996 г. N 327

      В целях окончательного урегулирования разногласий, возникших в ходе реализации проектов фирмы "Мерхав", Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить итоги переговоров, состоявшихся 28 февраля 1996 года в Министерстве финансов Республики Казахстан, по урегулированию разногласий, возникших при погашении задолженности Республики Казахстан израильской фирме "Мерхав".
      2. Министерству финансов Республики Казахстан в 10-дневный срок выплатить фирме "Мерхав" сумму претензий в размере 5 (пять) млн. долларов США за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на погашение внешних обязательств Республики Казахстан.
      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с акимами областей до 1 апреля 1996 года обеспечить заключение конечными заемщиками договоров о возврате в республиканский бюджет своей доли задолженности за полученные оборудование и технику по выращиванию сельскохозяйственных культур.
      4. Государственному Экспортно-импортному банку и Министерству финансов Республики Казахстан передать материалы в следственные органы для решения вопросов об ответственности руководителей, принимавших решение об использовании технологии по выращиванию сельскохозяйственных культур и поставку оборудования фирмой "Мерхав" с нарушением установленного порядка заключения контрактов.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан