1. "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк мүлкi мен акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
қосымшаға сәйкес акционерлiк қоғамдар акцияларын қайтарып алсын және оларды Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құқықтары мен мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн белгiлесiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша және мерзiмде сататын болсын.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 900 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1993 ж., N 38, 446-бап); "Жайлау" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 810 қаулысы. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 447 қаулысына қосымша Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi сатуға жататын акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi "Геотехника" АҚ "Жосалы механика зауыты" АҚ "Геомаш" АҚ "Аспара" АҚ "Сұлубет" АҚ "Алмас" ғылыми есептеу орталығы АҚ