Шетелдiк iссапарларға арналған валюта қаражатын пайдалануға бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 479

      Шетелдiк iссапарларға арналған валюта қаражатының жұмсалуын реттеу, республикалық бюджеттен шетелдiк iссапарларға арнап валюта қаражатын алған министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың мерзiмiнде есептеме беруiн және жекелеген қызметкерлердiң 1995 жыл үшiн мерзiмi едәуiр өтiп кеткен берешектерiн жоюды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Iссапарға жiберушi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары 10 күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылығының мәлiмдеуiне сәйкес валюта қаражатының пайдаланылуы жөнiнде мерзiмi өткен аванстық есептердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де атқарушы органдар мерзiмi өткен аванстық есептерiн осы қаулының 1-тармағында белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда 1996 жылдың 1 мамырына дейiн шетелдiк iссапар жөнiндегi берешегiн мекеменi ұстауға арналған шығыстар сметасы есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аударым жасаған күнгi бағамы бойынша шет ел валютасының теңге баламасында аударым жасасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және өзге де орталық атқарушы органдарға олардың қызметкерлерiнiң мерзiмi өткен берешектерi болған жағдайда кезектi шетелдiк iссапарларға арналған валюта қаржысын бермесiн.
      4. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi:
      министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдарға 1996 жылдың 1 сәуiрiне шетелдiк iссапарлар бойынша берешектерi бар қызметкерлердiң тiзiмдерiн берсiн және берешектердiң өтелуiне бақылау жасасын;
      шетелдiк iссапарларға арналған валюта қаражатының пайдаланылуына және берешектердiң уақтылы өтелуiне бақылауды күшейту жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын.
      5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 29 қазандағы N 1080 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 510-бап);
      "Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы Ережелерiнiң 54-бабының бiрiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-бап).
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


О мерах по усилению контроля за использованием валютных средств на заграничные командировки

П о с т а н о в л е н и е Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1996 г. N 479

      В целях упорядочения расходования валютных средств на заграничные командировки, обеспечения своевременного представления отчетности и ликвидации имеющейся значительной просроченной задолженности за 1995 год за отдельными работниками министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов, получивших валютные средства на заграничные командировки из республиканского бюджета, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Руководителям командирующих министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов обеспечить в 10-дневный срок представление просроченных авансовых отчетов об использовании валютных средств согласно уведомлениям Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.
      2. При непредставлении просроченных авансовых отчетов в установленный пунктом 1 настоящего постановления срок обязать министерства, государственные комитеты и иные центральные исполнительные органы до 1 мая 1996 года перечислить тенговый эквивалент иностранной валюты имеющейся задолженности по заграничным командировкам по курсу Национального Банка Республики Казахстан на день перечисления за счет сметы расходов на содержание учреждения.
      3. Казначейству Министерства финансов Республики Казахстан не выдавать валютные средства на очередные заграничные командировки министерствам, государственным комитетам и иным центральным исполнительным органам, если за их работниками имеется просроченная задолженность.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан:
      довести до министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов список работников, имеющих задолженности по заграничным командировкам на 1 апреля 1996 года, и установить контроль за их погашением;
      принять дополнительные меры по усилению контроля за использованием валютных средств на заграничные командировки и своевременному погашению имеющейся задолженности.
      5. Признать утратившими силу:
      пункт 4 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 октября 1993 г. N 1080 "О мерах по упорядочению расходования валютных средств на заграничные командировки" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 42, ст.510);
      абзац первый пункта 54 Правил об условиях труда работников Республики Казахстан за границей, утвержденных постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 мая 1994 г. N 577 "Об утверждении Правил об условиях труда работников Республики Казахстан за границей" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 24, ст. 250).

            Премьер-Министр
          Республики Казахстан