Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.29 N 798 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтар құру туралы ұсыныстар енгiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн. (қоса берiлiп отыр)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 23 сәуiрдегi
N 504 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында Арнайы экономикалық
аймақтар құру туралы ұсыныстар енгiзудiң
Тәртiбi
Осы Тәртiп "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында жасалды және оларды құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
1. Арнайы экономикалық аймақ құру үшiн оны құрудың бастамашылары тұжырымдама, техникалық-экономикалық негiздеме және Арнайы экономикалық аймақ туралы ереженiң жобасын жасайды. Аталған құжаттардың пакетi аумағында еркiн экономикалық аймақ құру көзделiп отырған жергiлiктi атқарушы органдарға қарауға берiледi.
2. Аймақ тұжырымдамасы:
аймақты құру мақсатын;
аймақтың түрi мен салалық бағыттылығын;
инвестицияларды тарту мүмкiншiлiгiн;
аймақтың шекараларын;
жұмыс күшiмен қамтамасыз етiлуiн, әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымын;
арнайы экономикалық аймақ құрудың орынды екенiн дәлелдейтiн басқа да ақпаратты қамтуға тиiс.
3. Арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiнде:
аймақтың экономикалық әлеуетiнiң талдауы;
минералдық-шикiзаттың әлеуетiнiң болуы;
өнеркәсiп салаларын дамыту және аймақтың аумағында жаңа өндiрiстер құру бағдарламасы;
аймақтың кеден режимi;
экономиканың инвестициялар тартылатын аялары;
экспорттық өнiм шығару бағдарындағы жұмыс iстеп тұрған бiрлескен және 100 процент шетел капиталы бар кәсiпорындардың болуы мен жаңа кәсiпорындарды құру болуы тиiс.
4. Жергiлiктi атқарушы орган шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiлiктiң негiзiнде арнайы экономикалық аймақ құрудың орындылығын қарайды, ал ол оң шешiм қабылдаған жағдайда материал жөнiнде жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесе отырып келiседi және оны облыс пен Алматы қаласының әкiмiне ұсынады.
Арнайы экономикалық аймақ екi немесе одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында құрылатын жағдайда құжаттар барлық мүдделi атқарушы және өкiлеттi органдармен келiсiледi.
5. Облыстың, Алматы қаласының әкiмi аумағында еркiн экономикалық аймақ құру көзделiп отырған жергiлiктi атқарушы органның ұсынысын қарайды және оң шешiм қабылданған жағдайда оны облыстық өкiлеттi органмен келiседi.
Облыс пен Алматы қаласы әкiмдерiнiң дәлелдi ұсыныстарына мынадай құжаттар қоса берiледi:
арнайы экономикалық аймақ құру тұжырымдамасы;
арнайы экономикалық аймақ құрудың техникалық-экономикалық негiздемесi;
арнайы экономикалық аймақ туралы ереженiң жобасы.
Аталған құжаттар Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, сондай-ақ осы Тәртiптiң 7-тармағында көрсетiлген орталық атқарушы органдарға жiберiледi.
6. Еркiн экономикалық аймақтардың "Қазақстан Республикасындағы Арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы күшiне енгенге дейiн құрылған әкiмшiлiк кеңестер облыстың, Алматы қаласының әкiмдерiне осы Тәртiптiң 5-тармағында көрсетiлген материалдарға қоса:
еркiн экономикалық аймақтың қаржы-шаруашылық қызметi туралы есебiн;
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң еркiн экономикалық аймақ құрылғанға дейiнгi және еркiн экономикалық аймақ жағдайында шаруашылық жүргiзген кезеңiндегi экономикалық көрсеткiштерiнiң салыстырмалы талдауын ұсынады.
Аталған материалдар жергiлiктi өкiлеттi органдармен келiсiледi.
Облыстың, Алматы қаласының әкiмдерi еркiн экономикалық аймақтың қызметiнiң қорытындыларын қарайды және оның жаңа жағдайда жұмыс iстеуiнiң мақсатқа сәйкестiлiгi туралы оң шешiм қабылдаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң қарауына енгiзiп, аталған келiсiмдi облыстық өкiлеттi органдармен келiседi.
Аталған құжаттар сонымен бiр мезгiлде осы Тәртiптiң 7-тармағында белгiленген орталық атқарушы органдарға жiберiледi.
7. Облыс, Алматы қаласының әкiмдерi арнайы экономикалық аймақтар туралы материалдардың республиканың мынадай орталық атқарушы органдарында:
- Қаржы министрлiгiнде;
- Сыртқы iстер министрлiгiнде;
- Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде;
- Әдiлет министрлiгiнде;
- Экология және биоресурстар министрлiгiнде;
- Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнде;
- Кеден комитетiнде келiсiлуiн қамтамасыз етедi.
Қажет болған жағдайда арнайы экономикалық аймақтар жөнiндегi материалдар келiсiлетiн орталық атқарушы органдардың қосымша тiзбесiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi айқындайды.
8. Арнайы экономикалық аймақтар бойынша құжаттарды келiсу олар орталық атқарушы органдарға түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде жүргiзiледi және келiсу парағымен, пiкiр алшақтықтары болған жағдайда - пiкiр алшақтықтары туралы анықтамамен ресiмделедi.
Келiсiлген материалдарды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi ұсынады.
9. Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi облыстың, Алматы қаласының әкiмдерi ұсынған материалдарды қарайды, өз қорытындысын бередi және құжаттар пакетiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.